Четверг, 25.04.2024, 13:11
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Физика и математика

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығару
[ Скачать с сервера (323.0 Kb) ] 26.02.2015, 21:54
Омирзакова Гульжайнар Зияшевна
Учитель математики
Аксаринская неполная школа
Акжарский район
Северо –Казахстанская область

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, есептер шығару.
Дамутышылық:тез ойлауға, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:оқушылардың теориялық білімін практикалық шеберлікпен ұштастыру, ұйымшылдыққа, патриоттық сезімді тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, суреттер, слайдтар, оқулық, лото.

Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру
Бәйтерекке саяхат (ауызша қайталау)
Ақ ордаға саяхат (оқулықпен жұмыс)
Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығына саяхат (тест)
«Думан» океанариумға саяхат (математикалық лото)
Нұр-Астана мешітіне саяхат (Бәйге)
Қорытынды
Үйге тапсырма. Бағалау

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру
Амандасу.Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару. Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру үшін сабақты М.Ломоносовтың сөзімен бастайды «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек арқылы кіріспе сөз.

ІІ Бәйтерекке саяхат

2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр

Балалар, сіздерге тапсырма «Қайталау – оқу анасы», әр тапсырмада мен сіздерге дұрыс жауаптар үшін жұлдызшаларды беріп отырамын, қызыл – ол 5, көк – 4, жасыл – 3 бағасы

а) Сұрақтарға жауап бер
1.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу анықтамасы?
2.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі?
3.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудегі а,в,с нені білдіреді?
4. ах+ву=с теңдеуіндегі х пен у қалай аталады?

ә) Сызықтық теңдеулерді көрсет
І қатарға
5х+у=3
2ху+3у=18
5х=6-28у
х+3у= 12
2х+ у² = 5
ІІ қатарға
2х+5=у
х+3=75ху
2+х+у=0
3х=5-у
х²+у²=13

ІІІ Ақ ордаға саяхат

Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. Ақ Орда – ҚР Президентінің резиденциясы.

«Білім – басты мұрат» оқулықтан есептер шығару
№ 1430 тақтада шығару

IV Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығы

«Хан шатыры» сауда ойын-сауық орталығы ашылды. Ол қазір әлемдегі ең биік және ең үлкен шатыр, оның шпилінің биіктігі 150 метр. Күн сәулесін жақсы өткізіп, қысы-жазы бір температура ұстап тұруға мүмкіндік береді. Шатырдың жалпы ауданы он футбол алаңынан үлкен. Жобаның авторы белгілі архитектор Лорд Норман Фостер.

“Білім-таусылмайтын кең»
Тест есептер.

Сандар жұптарының қайсылары теңдеудің шешімі болады?

1. х+у=5
А (2,3) В (4,7) С (0,-5)

2 .2х+у=6
А (1,3) В (3,0) С (4,5)

3. х+2у=7
А (0,2) В (-2,4) С (1,3)

4. х-5у=100
А (150,10) В (2,1) С (0,8)

V Океанариум “Думан»

Қазақстанның астанасында әлемде мұхиттан ең қашық жердегі океанариум – «Думан» ойын-сауық орталығы орналасқан. Оған үш миллион литр су және 120 тонна теңіз тұзы жұмсалды. Мұнда теңіз жануарларының жүзден аса түріне жататын екі мыңнан аса балықтар мен түрлі жануарлар өмір сүреді. Келушілерді әсіресе акуланы тамақтандыру сәті аса қызықтырады.

Математикалық лото ойыны . Жұптық жұмыс
№1 6х+5у-30=0, х=5, у=? (0 )
№2 3х+5у-25=0, у=2, х=? (5)
№3 8х-2у-16=0 , х=1, у=? (-4)
№4 3х+2у-8=0, у=1, х=? (2)
№5 7х-4у-8=0, х=4,у=? (5)
№6 2у-х-4=0, х=6, у=? (5)

VI. Нұр-Астана мешітіне саяхат

Монумент түнде керемет жарқырайды. Ішінде 5 мың адам дұға жасай алатын үлкен залды кездестіреміз.. Мешіт көлемі 4000 шаршы м.тең. Ол 2005 жылы 26 мамырда ашылды

«Бәйге» ойыны. Екі қатарға сөздік есеп беріледі, қайсы дұрыс және бірінші шешеді. Тақтада 1 оқушыдан дұрыс шешімін көрсетеді.

І. Жанар 7 теңгеден қарындаш, 10 теңгеден дәптер сатып алып барлығы 111 теңге ақша төледі. Жанар неше қарындаш, неше дәптер сатып алды?
ІІ. Сәкеннің 50 теңгелік және 100 теңгелік монеталардан 300 теңге ақшасы бар. Сәкеннің неше 50 теңгелік, неше 100 теңгелік монетасы бар?

1. х- қарындаштар саны
У-дәптер саны
7х+10у=64
х=2, у=5
Жауабы: Жанар 2 қарындаш және 5 дәптер сатып алды.

2. х- 50 тг монетал. саны
У-100 тг монетал. саны
50х+100у=300
х=2, у=2
Жауабы: 50 тг- 2 монета, 100 тг – 2 монета

VII Қорытынды
Осымен балалар бүгінгі саяхат-сабағымыз аяқталды. Бүгін сабақта қандай тақырыпты қайталап өттік, біз осыны есімізде сақтау керекпіз.
Қандай теңдеулер екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады?
а, в, с – нені білдіреді?
х пен у қалай аталады?
Енді өз көңіл-күйлерінді көрсету үшін алдарындағы жатқан смайликтермен көрсетіңдер, жақсы

VIII Үйге тапсырма беру : №1441, №1442
Бағалау. Өз жұлдызшаларын санап, өздерін бағалайды.

Омирзакова Гульжайнар Зияшқызы
Ақсары негізіг мектебі
Ақжар ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы
Математика пәні мұғалімі
Мекен-жайы: 150200
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Ақсары ауылы
Ленин көшесі
ogz-1982@mail.ru
8-715-40-50129 (домашний)
8-7154050116 (рабочий )
Категория: Физика и математика | Добавил: ogz-1982
Просмотров: 1953 | Загрузок: 50 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика