“Математика әлемінде” (сыныптан тыс іс-шара) - Физика и математика - Каталог файлов - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 04.12.2016, 23:24
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 733
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Физика и математика

“Математика әлемінде” (сыныптан тыс іс-шара)
[ Скачать с сервера (157.5Kb) ] 06.01.2015, 13:20

                                                                      Байманова Айгүл Сарсенбайқызы

  Қызылорда қаласы, №267 орта мектеп

 Математика пәні мұғалімі.

Тақырыбы:  “Математика әлемінде”    (сыныптан тыс іс-шара)

Мақсаты:
Оқушылардың математикалық білімдерін тексеру және кеңейту, тереңдету; Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру; Оқушырды шығармашылыққа баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу,шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Математикалық сайыс
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, бүктеме қағаздар, ” Білімді азамат- ел ертеңі”,“Адамның даңқы – оның ойлау қабілетінде”, “Білегіңе сенбе – біліміңе сен” жазулары, ұпай парақтары

Өтілу барысы.
1 – жүргізуші – мұғалім
2 – жүргізуші – оқушы

1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар!
2- жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! “Математика және біз” атты кешімізге қош келдіңіздер.
1- жүргізуші: Әлемдік өркениетке ұмтылған Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы – білімді ұрпақ. Білімді азамат – ел ертеңі.
2- жүргізуші: Иә, еліміздің кемел келешегі – біздің қолымызда. Ал біздің қазіргі міндетіміз-түрлі пәндерді игеріп, терең білім алу. Ал соның ішінде ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің мен үшін де, менің достарым үшін де алатын орыны ерекше . Әл- Фараби бабамыз айтқандай математика басқа ғылымдардан жоғары бағаланады, ұлы Ломоносов
сөзінше математика ақыл–ойды тәртіпке келтіреді, сондықтан оны оқу керек.
1- жүргізуші: Бүгін біздің кешімізде  екі топ  оқушылары өздерінің математика пәні бойынша білімдерін көрсетіп, сынға түспекші.
2 – жүргізуші:
Көңілді тапқырлар, білгірлер
Бар білімін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Өмірде ойлап тұрса бәрі де есеп
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз – ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Қазылар мүшесін сайлау.

1 – жүргізуші: Сайысымызды бастаймыз.

 2- жүргізуші:  Кезекті таныстыруға берсек.

1) І топ.  «Ұлан»    Ұраны:   Білікті бірді жығар ,

                                           Білімді мыңды жығар.

ІІ топ :  «Жалын»   Ұраны:  Өнер- ағып тұрған бұлақ,

                                               Білім- жанып тұрған шырақ.

2) «Тез жауап» бөлімі

І топқа: 1. Санауға арналған сандар (натурал сандар)

2. Алымы бөлімінен үлкен бөшек?  (бұрыс бөлшек)

3. 5 жай сан ба, құрама сан ба? (жай)

4. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (1800)

5. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш (шаршы)

6. Жазыңқы бұрыштың өлшемі нешеге тең?  (1800)

ІІ топқа:  1. Ең кіші уақыт өлшемі  (секунд)

2. 0 –ден үлкен сандар (оң сандар)

3. Ең үлкен үш таңбалы сан. (999)

4.  1 километрде неше метр бар? (1000)

5. Кесіндіні өлшейтін құрал  (сызғыш)

6. 0 –ден кіші сандар  (теріс сандар)

3) «Дода» бөлімі
( Ұяшық таңдау бойынша сұрақтар)

Кегуру – 20:  4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық 5-тен кем   сан шығады?  (4,5)

Кенгуру -30:  Таңба амалдарын қолданып  2,  3,  5 сандарынан 4 –ті алуға бола ма?               (5+2) -3=4 ,    (3+5) /2=4             (5-3) +2=4 ;     (5-3)*2=4

Ақбота -20:    шапшаң және дұрыс есептеу керек.

     8-4-3= 1

     8:4·3= 6

    (8-4)·3= 12

     8·4+3=15                8                                 6                                       5

?

 

  10

 

3

Ақбота-30:      4 6  5 12     15 9

Қандай да бір заңдылықтарды тауып, сұрақ белгісін санмен алмастыр.

Тұлғалар -20: Жанды сұрақ

Тұлғалар -30: Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан  ғалым, математик  кім?           (Әл-Фараби)

4) “Тарихи сандар” бөлімі

1. Қазақстанның ең алғаш валютасы “теңге” шығарылған  жылмен

    Астананың 10 жылдығы  аралығындағы жылдардың ішінде

10-ға бөлінетін неше сан бар?  (1994, 1995, 1996, 1997, 1998, 1999,  2000,

2001, 2002,2003, 2004, 2005, 2006, 2007)  10-ға бөлінетін сан   2000

2. “Тарихи сандар” бөлімі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бекітілген жылы 3-ке бөліне ме?   Бөлінеді,   1+9+9+2=21

5)  Үй тапсырмасы:     (Математикалық көрініс)

6) «Топ басшыларының» сайысы

Жауапқа сәйкес қойылған әріптерді орналастырып кестені толтыру.

-2*9

0,2*5

3+х=18

х²х³

0,3*6

6,4:2

-12*(-12)

П

Р

Е

З

И

Д

Е

Н

Т

 

1

  х

144

15

8

1,8

-18

3,2

4

Р

И

Н

Е

Т

Д

П

Е

З

 7) «Ой жұмбақ»  (Көрермендермен сайыс)

     1.  VI  ―  IV  = XI

             Бір шырпыны қозғау арқылы  дұрыс теңдік шығар.

 2. Адасқан әріптерден  сөз құрау

лесуә – сәуле; анс –сан; А П Р Е Л Ь Л Л А-параллель; К И Р Ь Л У Ц-циркуль;  У К Б-куб;  З У Ү Т-түзу; Ұ Р Ш Ы Б-бұрыш,  Н У К Я И Ф Ц-функция

3. Cұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыздар

8, 6, 7, 5, 6, 4, ?        (5)

8) Қорытынды.  “...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -  бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз”    
                                                                                                   Н.Назарбаев

2-жүргізуші:

Әр сөздің астарына осы арада,

Ағайын, ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара!

Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

Елбасы –Назарбаев егіз ұғым,

Өркендеген тәуелсіз өз елімен!

1-жүгізуші: Сайысымыз өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Қорытындылау. Топтарды марапаттау.

Сайыс қорытындысын қазылар алқасы шығарып, жеңімпаз топқа мақтау қағазын тапсырады.

Категория: Физика и математика | Добавил: Kairat
Просмотров: 1011 | Загрузок: 38 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика