Среда, 24.04.2024, 00:54
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » История и география

Интеллектуалды-танымдық сайыс сабақ « Білгірлер отауы»
[ Скачать с сервера (175.3 Kb) ] 02.04.2014, 14:03
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры- Еліміздің тарихы»
«Біз Қазақстанның барлық азаматтарының
отаншылдық сезімі мен өз еліне деген
сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз»
Нұрсұлтан Назарбаев
Сабақтың мақсаты:
1.а) Студенттердің Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.
б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
2.Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру;
Сабақтың әдісі: Интеллектуалды-танымдық сайыс сабақ,топпен жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивты тақта, сызба-нұсқалар.
І.Ұйымдастыру кезеңі: Студенттерді 2 топқа бөлу.
І топ. «Тапқырлар» (Өздерін таңыстыру, ұраның айту.)
ІІ топ. «Батырлар»
І.Өткен тақырыптарға шолу жасау І – айналым. «Алтын қақпа» ойыны
Тас қақпаның сұрағы:
Күміс қақпаның сұрағы: Алтын қақпаның сұрағы:
«Тапқырлар» тобына 1.Ежелгі тас дәурі үш кезеңге бөлінеді?
2. «Азиялық скифтер»-деп көрсеткен кандай тарихшы,және кімдерді?
1.Соңғы тас дәуірі-де үш кезеңнен тұрады атандар?
2. «Аң стилі»дегенді қалай түсінесіндер?
1.Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді,атандар?
2. «Дешті Қыпшақ» сөзінің мағынасы қандай?
«Батырлар» тобына
1.Андронов мәдениеті туралы не білесіндер?
2.Көшпелі өркениет дегенді қалай түсінесіндер?

1.«Қазақ» сөзі қай ғасырда этникалық мағынаға ие бола бастады?
2.Көшпелілерде мемлекет қалай пайда болды? 1.Қазақ хандығы қашан құрылды?Оның құрылуына не себеп болды?Хандықты құрған кімдер?
2. «Жеті Жарғының»қандай құқықтық нормалары болды?Салықтың қандай түрлері болды?

ІІ –айналым.
«Ойланда жауап бер».Ойынның ережесі: Әр үйшікте сұрақтар жасырылған,кім дұрыс жауап берсе, сол топ ұпайға ие болады.

10 20 30 40 50
10 20 30 40 50
10 20 30 40 50
10 20 30 40 50
10 20 30 40 50
10 20 30 40 50



10. Қола дәуіріндегі адамдар астықты немен орған?
Жауабы: Орақ.
10. Жетісудегі сақ жерлерін б.з.б. 2-ші ғасырда орталық Азиядан келген қандай тайпа мекендеген?
Жауабы: Үйсін
10. Қазақстанның бұрынғы астаналарын атап бер?
Жауабы: Орынбор, Қызылорда, Алматы.
10. Өзін жеңілмейтін, құдай санаған бірақ ақыры сақтардың қолынан қаза тапқан қарсы елінің патшасы?
Жауабы: Кир.
10. Қазақстан республикасының туының авторы?
Жауабы: Ш.Ниязбеков.
10. Палеолит дәуіріндегі адамдар тобы қандай қызмет атқарды?
Жауабы: Бірігіп қорғану.
20. Андронов мәдениетінің кезеңінде пайда болған Қостанай жеріндегі елді мекен?
Жауабы: Архайым
20. «Бес арысты» ата?
Жауабы: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов
20. Адам шақпақ тасты үйкеу тәсілін меңгерген дәуір?
Жауабы: Орта палеолит.
20. Ежелгі тас дәуіріндегі қарудың кең тараған түрі?
Жауабы: Қолшапқы.
20. Мезолит дәуірінде домалақ ұштары бар садақтары не үшін пайдаланды?
Жауабы: Терісі бағалы аңдарды аулау үшін.
20. Қола дәуірінде мекендеген тайпалардың қалдырған мәдениеті?
Жауабы: Андронов.
30. Сақ дәуіріндегі Іле өзені жағасындағы ең маңызды ескерткіштерінің бірі?
Жауабы: Бесшатыр кесенесі
30. Жетісу жерінде қазір қандай облыс орналасқан?
Жауабы: Алматы.
30. Батыс Түрік қағанатының Орталығы қай жерде болды?
Жауабы: Жетісуда.
30. 1916 жылы Ұлт – азаттық көтерілістің Солтүстік – Батыстағы ірі орталығы?
Жауабы: Торғай облысы.
30. Орхон – Енисей жазбаларын қайдан тапты?
Жауабы: Монғолиядан
30.Тастан, сүйектен, мүйізден жасалған сыналар қай кезден бастап қолданыла бастады?
Жауабы: Ерте палеолит
40. Андрондықтар түрлі аурулармен бақытсыздықтайтын сақтайтын қасиеті бар деп сенген зат?
Жауабы: Бойтұмар.
40. Ерте түрік феодалдық мемлекеті қалай аталады?
Жауабы: Қағандық.
40. 1847 жылы Ш. Уәлиханов 12 жасында қайда оқуға түсті?
Жауабы: Сібір кадет корпусына
40. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналған» деп қазақтың зиялы азаматы?
Жауабы: А. Байтұрсынов.
40. Орхон – Енисей жазбаларын алғаш оқыған кім?
Жауабы: Радлов.
40. Қарахан мемлекеттігі Ұлыс билеушілерінің құқығы көп болғаны соншалық. Олар:
Жауабы: Өз аттарынан теңге шығара алды.
50. Неолит дәуірінің қамтитын кезеңі?
Жауабы: Б.з.д. 5-3 мыңжылдық
50. Әмір Темірмен Тоқтамыс арасындағы соңғы шайқас қай жылы болды?
Жауабы: 1395 жылы.
50. Қазақстан қалаларында Исламның таралуына байланысты қай кезде мешіттер салына бастады?
Жауабы: X-XIII ғасырда
50. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан?
Жауабы: Таразда
50. Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі?
Жауабы: тайпа
50. Кенесары қашан хан болып сайланды?
Жауабы: 1841 жылы
ІІІ-айналым: Деңгейлік тапсырма
1-деңгей сөзжұмбақ «Тәуелсіздік тұғыры»

1 Т
2 Ә
3 У
4 Е
5 Л
6 С
7 І
8 З
9 Д
10 І
11 К

12 Т
13 Ұ
14 Ғ
15 Ы
16 Р
17 Ы

Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауптары.
1. Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы
Жауабы: Батый.
2. Қазақтың үш жүзінің біріккен әскер күштерін басқарған қолбасшы
Жауабы: Әбілқайыр хан.
3. Алматыдағы 1986 жылы көтеріліс нені көздеді?
Жауабы: Тәуелсіздікті
4. Қаракерей Қабанбайдың шын есімі?
Жауабы: Ерасыл
5. Исатай батырдың қайтыс болған жері
Жауабы: Ақбұлақ.
6. Шоқанның досы, көрнекті орыс жазушысы
Жауабы: Достаевский
7. Ғұн тайпалары қай тілде сөйледі?
Жауабы: Ежелгі түрік.
8. Абай Қ. әжесінің есімі
Жауабы: Зере
9. Қаратеңіздің солтүстігі мен Арал маңын мекендеген сақ тайпасы
Жауабы: Парадарая
10. Батыс Түрік қағанатының Орталығы қай жерде болды?
Жауабы: Жетісуда.
11. Қ.Р. ата заңы.
Жауабы: Конституция.
12. Жер – жерде даладағы дәстүр бойынша кімдердің өкілдерін хан сайлаған?
Жауабы: Ақсүйектердің.
13. Ерте палеолит дәуіріндегі Қазақстанда адамдардың мекендегендігін растайтын негізгі дәлел
Жауабы: Тұрақтар.
14. Ерте түрік феодалдық мемлекеті қалай аталады?
Жауабы: Қағандық.
15. Қазақ хандығының халық саны қай ханның тұсында миллион адамға жетті?
Жауабы: Қасымхан
16. XVIII-ші ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген қай мемлекет?
Жауабы: Жоңғар
17. Сақ дәуіріндегі Іле өзені жағасындағы ең маңызды ескерткіштерінің бірі
Жауабы: Бесшатыр кесенесі

ІІ – деңгей (Даталар сөйлейді)
1- топ үшін тапсырма
1.1946 жылы
Қазақ ғылым академиясы ашылды:
2.1941 жылы 22 маусым
Ұлы Отан соғысы басталды:
3.1937 жылы
Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды:
4.1937-1938 жылы
Лаңкестік жаппай сипат алды:
5.1927 жылы ХV съезде
Ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды:
6.1938 жылы
Корейлер Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшіріліп әкелінді:
7.1931 жылы
Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді:
8.1933 жылы
Т. Рысқұлов наурызда Сталинге ашық хат жазды:
2 - топ үшін тапсырма
1. 1936 жылы 5 желтоқсанда.
КСРО-ның жаңа конституциясы қабылданды:
2. 1924ж.
Сауатсыздықты жою қоғамы ұйымдастырылды
3. 1928ж.
Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны-педагогикалық институт ашылды
4. 1932ж.
КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды
5.1934ж.
С.М Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды
6. 1938ж
«Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасап шығарды:
7. 1993 ж. 15 қараша
Ұлттық валюта күні

ІV – айналым: «Жорға» капитандар сайысы
1 – топ үшін: 10 сұрақ
1. Қолданбалы өнердің ғажайып үлгілері қолданылған ғимараттар:
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.
2. Сәулет өнерінің орта ғасырда биік деңгейде болғандығының дәлелі:
Құрылыс материалдарының сапалы болуы
3. XIV-XV ғасырларда сәулет өнерінде қалыптасқан жаңа үлгілер:
Ғимаратты күмбез шатырмен жабу
4. XIV-XV ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған туынды:
«Оғызнама»
5. Киелі аң-құстың тісін, тырнағын тіл-көз тимеуге қарсы жасаған ырымның атауы:
Бойтұмар
6. XIV-XV ғасырларда Қазақстандағы хандықтар шаруашылығының басым түрі:
Мал шаруашылығы
7. ХІІІ ғасырдың соңындағы жазба деректерге қарағанда, пайдаланылған киіз үйдің түрлері:
Арба үстіне тігілген, жылжымалы
8. Ғарыш пен жердің, күн мен айдың, жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы жазылған аңыз:
«Темірқазық пен Жетіқарақшы»
9. «Шыңғыснаманың» авторы:
Өтеміс қажы
10. Мемлекеттік әнұранның авторлары:
Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтың.

2- топ үшін: 10 сұрақ
1. «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»-деп жазған Өтеміс қажының кітабының аты:
«Шыңғыснама»
2. Қазақстанда ислам діні VIII ғасырда тарағанымен ХІХ ғасырдың аяғына дейін тұрғындардың жүрек түкпіріне жете қоймағаны жөніндегі пікірін жазған Ш.Уәлихановтың мақаласының аты:
«Ислам діні»
3. «Үш бәйтеректі» ата.
«Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин».
4. Қазақстанның ең биік тауы
« Хан тәңірі 6646 метр»
5. Қазақ жерінде ғылым білім салаларының дамуына ықпал еткен дін:
Ислам
6. Х ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл:
Араб
7. Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген белгілі ғұлама:
М. Қашғари
8. М. Қашғари қалдырған үш кітаптан тұратын мәңгі өшпес мұра:
«Түрік тілдерінің сөздігі»
9. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі
тас дәуірі
10. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары:
Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков

V- айналым: Қорытынды.

Сұрақ ______________ Жауап
1.Аблай хан Қазақ хандығын біріктіру үшін қандай әректтер жасады? Жаңа реформалар жүргізді,Тәуке ханның кезіндегі билер кеңесіне шек қойды «Жеті жарғының» хандық билікті шектейтін жарлықтарын алып тастады.Батырларды өз төңірегіне топтастырды.Экономикаға ерекше көңіл бөлді.
2.Қазақтың атақты батырларын және билерің ата? Бөгембай,Қабанбай,Жәнібек,Наурызбай т.б.,Толе би, Қазбек би,Әйтеке би.
3.Қазақ халқының ұлттық салт –дәстүрлері, әдет – ғұрыптары туралы не білесіндер? Ұлттық ойындар: Соқыртеке, алтыбақан,тоғыз құмалақ, арқа тарту, күрес,қыз куу,көкпар.
4.Хандықты құрған кімдер? Жәнібек пен Керей.
1. «Алтын адам» қай жерден табылды? Алматы қаласынан 50-шақырым Есік обасынан табылған.
2.Қазақ фольклорының қандай жанрларын білесіндер? Тұрмыстық- салт өлендері мифтік ойлар,бақсылық, діни-наным.Ұлыс жырлары.Жыл басы 22 наурыз көктемнің келуі.Бесік жыры –шілдехана тойы.Үйленуге байланысты – беташар,сыңсу,қоштасу,тойбастар,жұбату.Жарапазан айту – Жарапазанның бас кезі мақтау болып келсе,соңы алғыс,бата берумен аяқталады. Мақал- мәтельдер мен жұмбақтар.Ертегілер.Батырлық жырлар. Ғашықтық жырлар
3.Мемлекеттік рәмиздер күні және оларға нелер жатады? 4 маусым 1992 жылы.Ту, елтаңба, гимн.
4.1986 жылы Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасына қатысқандар, "Желтоқсан құрбандары кім? Ләззат Асанова, Қайрат Рыскұлбеков,Майра, Сабира, Ерболды ғана айтамыз. Сөз жоқ олардың патриоттық сезімі,еліне деген сүйспеншілігі, Отан алдындағы борышы деп сезінген қазақ жастары.

VІ.Бекіту кезеңінің сұрақтары:
Керей мен Жәнібекті Н.Назарбаевпен салыстырады.
Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады.
Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыыстырады.

1.Аблай хан Қазақ хандығын біріктіру үшін қандай әректтер жасады?


2.Қазақтың атақты
батырларын және билерің ата?


3.Қазақ халқының ұлттық салт –дәстүрлері, әдет – ғұрыптары туралы не білесіндер?


4.Хандықты құрған кімдер?



1. «Алтын адам» қай жерден табылды?


2.Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлген.


3.Мемлекеттік рәмиздер күні және оларға нелер жатады?


4.1986 жылы Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасына қатысқандар, "Желтоқсан құрбандары кім?




Тас қақпаның жауабы Күміс қақпаның жауабы Алтын қақпаның жауабы
«Тапқырлар» тобына
«Батырлар» тобына


Тас қақпаның сұрағы:
Күміс қақпаның сұрағы: Алтын қақпаның сұрағы:
«Тапқырла» тобына 1.Ежелгі тас дәурі үш кезеңге бөлінеді?
Жауабы: Ерте палеолит- шель-ашель, орта палеолит- ашель-мустье, соңғы палеолит –мустье.
2. «Азиялық скифтер»-деп көрсеткен кандай тарихшы,және кімдерді?
Жауабы: Гректын атақты тарихшысы Геродот (б.з.д. 484-425жж) өз еңбектерінде сақтарды "Азиялық скифтер"деп көрсеткен; Айту себебі: Қара теңіздің солт. Далалы аумағында тұратын скифтер мен сақ тайпаларының өмір тіршілігі өте ұқсас болды.
1.Соңғы тас дәуірі-де үш кезеңнен тұрады атандар?
Жауабы:Мезолит(ортатас),неолит(жаңатас), және энеолит (мыстас).
2. «Аң стилі»дегенді қалай түсінесіндер?
Жауабы:
Сақ, сармат тайпаларының бізге жеткен рухани дүниелері – зергерлік бұйымдар бүкіл Еуразия құрлығында «аң стилимен жасалған».Аң стилімен көп жағдайда атақты адамдардың қару жарағы,тұтыну бұйымдары, әшекейлері,сән-салтанатты бағалы дүниелері безендірілген. Мысалы: Алтын адам.
1.Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді,атандар?
Жауабы: а). Тиграхауда сақтары – шошақ бөрік кіген сақтар;
б).Хаомаварга сақтары – хаома сусынын қайнатушылар;
в).Парадарайя – теңіздің ар жағында тұрушы деген ұғымды берген.
2. «Дешті Қыпшақ» сөзінің мағынасы қандай?
Жауабы: Дешті парсы тілінен аударғанда «дала» деген сөзді, ал оған қыпшақ сөзінің қосылуы «Қыпшақ даласы» деген мағынаны білдіреді.Олар екіге бөлінген. Еділ өзенінен шығыста Алтай,Ертіс өзеніне дейінгілер Шығыс Дешті Қыпшақ делінсе, ал Еділ өзенінен батысқа қарай қоныстанғандар Батыс Дешті Қыпшақ деген атаумен тарихқа енген
«Батырлар» тобына
1.Андронов мәдениеті туралы не білесіндер?
Жауабы: Андронов мәдениетіне Сібірдің,Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орталық Азияның ұлан – ғайып жерін мекендеген ру-тайпалардың барлық жағынан ұқсас мәдениеттерін жатқызуға болады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткішін Ачинск маңындағы Андронов селосының жанынан 1941 жылы археолог А.Тугаринов ашқан.Андронов мәдениеті сол селосының атына байланысты аталған.
2. Көшпелі өркениет дегенді қалай түсінесіндер?
Жауабы: Өркениет – өркендеген немесе дамыған мемлекет деген ұғым.Көшпелілер өркениеттін темір дәуірінің алғашқы кезіндегі ру- тайпалардың тіршілік көздерінің дамуы көрінестері ретінде түсінген жөн.Көшпелілер сан мыңдаған басы артық төрт түлік мал өсірген.

1.«Қазақ» сөзі қай ғасырда этникалық мағынаға ие бола бастады?
Жауабы: Көптеген ғалымдар «қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д. VII –IV ғасырларға өмір сүрген сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынады.Ғылыми зерттеулер сол тайпалардан «қазақ»сөзі шықты деп, оны сақ, каспии,қас, қаз,хаз,аз – деген тайпа аттарымен байланыстырады.
2.Көшпелілерде мемлекет қалай пайда болды?
Жауабы: Алғашқы адамдар дамудың рулық, тайпалық кезеңдерін бастарынан өткізген.Ру ақсақалдарының орнына тайпа көсемдері келіп,тайпалық ұйымдар құрылған,біртіндеп әскери демократиялық ұйымдар құрылған.Осының бәрі біртіндеп жоғалды.Қоғамда теңсіздік пайда болды, басы артық өнім өсті. Осыларды реттеп отыратын бір күрделі ұйым керек болды.Ол – мемлекет еді. 1.Қазақ хандығы қашан құрылды? Оның құрылуына не себеп болды? Хандықты құрған кімдер?
Жауабы: XV – ғасырда ,Жәнібек пен Керей. Тәуелсіздік үшін.
2. «Жеті Жарғының» қандай құқықтық нормалары болды? Салықтың қандай түрлері болды?
Жауабы: Жеті жарғы Тәуке ханның кезінде болды. Жеті жарғыда қылмысты іске кісі өлтіру, біреуді мертіктіру,қорлау,зор -лау,ұрлық істеу,т.б. жатқан. Салықтар: Зекет – мал басына ханға төленетін салықтың түрі.
Хараж – жер салығы .Егінен түсетін өнімнің 2/3 бөлігі алынып отырған.
Тағар – әскерлерді азықпен қамтамас ету үшін салынған. Салық ақшалай да жинастырылған.
Категория: История и география | Добавил: Era
Просмотров: 5383 | Загрузок: 222 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика