Четверг, 28.03.2024, 23:59
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 946
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » История и география

Тарих пәнін оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдістері арқылы түрлі тапсырмаларды және ойын элементтерін пайдалану.
[ Скачать с сервера (107.5 Kb) ] 18.03.2015, 13:23

Рахымбаев Ерхан 

 Қызылорда қаласы 136 мектеп-лицей

 

Тарих пәнін оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдістері арқылы  түрлі тапсырмаларды және ойын элементтерін пайдалану.

 

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»

                                    К.Ушинский

 

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім.

  1.Дамыта оқыту- мұғалімнің басты міндеті

  2.Ойын технологиясын қолдану арқылы тарих сабағында оқушылардың  

                            пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру

III. Қорытынды

 

Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде  тұрған мәселе –білім беру, ғылымды дамыту. Осы орайда білім ордасы мектеп,ал мектептің жаны  мұғалімдердің басты міндеті өз ұлтының тарихын,

мәдениетін,тілін қастерлей білетін тұлға тәрбиелеу.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі  оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жаңа педагогикалық технологины меңгеру.Осыған орай   Қазақстан   Республикасының  «Білім туралы»  Заңында  «Білім беру жүйесінің  басты міндеттерінің бірі –оқытудың жаңа технологияларын  енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп атап көрсетілген.

Жаңа  педагогикалық   технологияның  негізгі қағидаттары:

 -Балаға ізгілік тұрғысынан қарау

 -Оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту қалыптастыру,

 -Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндіген орай оқыту

 -Өз бетімен әрекеттену әдістерін  меңгерту

 -Оқу үрдісін оқушының сезінуі

 -Жүйелі жұмыс жасау

    Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқын?

 ?ау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады.

Оқытудың әдістерін таңдау көптеген факторлармен, білім берудің маңызды мақсаттарымен, сабақтың мақсатымен  оқушылардың  мүмкіндігімен,

пайдаланатын жүйенің ерекшеліктерімен анықталады.Оқыту әдістері оқыту үдерісінде маңызды қызметтер атқарады.

Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын оқушы қалыптастыру,өз бетінше танымдың әрекет етудің әдістерін меңгеруі керек.Оқушы өз қабілетіне сай білімін дамытып отырады.

Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Тарих сабағының педагогикалық технологиялардың түрлеріне тоқталатын болсақ белсенді қолданатындар бұл жобалау, пікірсайыс, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және т.б. Мен тарих сабағында  жаңа технологиның тиімді әдістері арқылы ойын элементерін пайдалануды ұсынамын.

Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қарастыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылық, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді.

Ал ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - танымдық, тарихи ойындар. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсі?

 ?діріп ойын сюжетін құрастырады. Сабақтарда танымдық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, қорытындылау сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қо

 лданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

 

                    Ойын арқылы оқушы   нені меңгереді?

1 Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8. Оқушылар үшін қауіпсіз.

9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата – аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс - тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.

 Сабақ барысында қолданған тапсырмаларыма тоқталар болсам.

 1. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»

жүздер            территориясы           ұраны Жүздерге енетін тайпалар

Ұлы жүз                                 

Орта жүз                                

Кіші жүз                                 

 

2. «Алтын Орда мемлекетіне мінездеме бер»

1. Территориясы______________________________                      

2. Қоғамдық құрылысы ________________________

3. Ішкі саясаты _______________________________

4. Сыртқы саясаты ____________________________

5. Құлау себебі _______________________________

6. Қорытынды _______________________________

 

3. Венн диаграммасын толтыру:

1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері   Көтерілістің ортақ белгілері           1837-1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері

 

4. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)             Қабанбай                       Бөгенбай

5. «Бұл кімнің сөзі?» (берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау)  

     Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызы

 ғушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн.

 “Тарих дөңгелегі” ойыны.

Бұл ойын  тарауды, тақырыпты қорытындылау үшін тиімді.

 (Тұлғалар, жылдарды сөйлету, термин сөздер,қанатты сөздер, ).

Тұлғалар бөлігінде - тарихи тұлғаны табуға арналған сұрақ.

Жылдарды сөйлету бөлігінде - дата, уақыт, санға сәйкес сұрақ 

 жасырылған.

Термин сөздер- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.

 Қанатты сөздер бөлігінде - бір тарихи тұлғаның сөзі, өсиеті жасырылған.

“Жұлдызды сағат” ойыны.

Мақсаты: оқушылардың  шығармашылық қабілеті ашылады,деректермен,хронологиялық жылдарды анықтауда есте сақтау қабілеті артады.Білімі мен дүниетанымы кеңейеді.

Бұл ойынға мынадай шарттар қоюға болады:

1.Даталар сыры.

2.Тұлғалар.

3.Оқиғаны анықта.

4.… деген екен.

5.Мәре.

Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығу?

 ?ылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн.

 

                    Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларды орта ғасырдағы Қазақстан жерінде феодалдық қатынастардың дамуымен және қазақ жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекет – Қарахан мемлекетімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Өз елінің, жерінің, басқа ұлттардың тарихи ескерткіштерін қорғауға, өнер ескерткіштерін түсініп, бағалай білуге, өз ұлтының мәдениетін жоғары деңгейде өркендеуіне үлес қосуға, Отанымыздың байлығын қастерлеп, тарихты бағалай білуге, патриоттық сезімін қалыптастыру, имандылыққа тәрбиелеу, Отанын сүюге үйрету

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Көрнекілік: Тірек - сызбалар, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Сабақты бекіту, қорытындылау.

V. Оқушылардың білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма. Кестені толтыру.

ІІ. «Жұлдызды сәт» ойыны.

1. VI – IX ғасырлар аралығында Қазақстанда қандай мемлекеттер өмір сүрді?

2. Осы мемлекеттердің билеушілері қалай аталған?

3. Басты шаруашылықтары.

4. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылықтардың айырмашылығы.

5. Қазақстан жерінен Қытай мен Еуразия елдерің, Шығыс пен Батысты байланыстыратын қандай сауда жолы өтті.

6. Қазақстанда Ұлы Жібек жолының бойында сауда орталығы болған қандай қалаларды білесіңдер?

7. Сардоба деген не?

8. Сардобалар не үшін салынды?

9. Рухани мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?

Тарихи сынақ  хат сайысы    (бос орындарға тиісті сөздерді қой).

1. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады.

2. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері Күлтегін және Тоныкөк жазулары.

3. VIІІ – IX ғасырларға жататын әдеби шығармалар «Қорқыт ата» мен «Оғызнама дастаны».

4. Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындылардан тұрады.

5. Қорқыт ата күмбезі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан.

6. Оғызнаманың ескі нұсқасын тарихшы Рашид ад - Дин жазып қалдырған.

7. Одан кейін оны XVII ғ. толық жазған Әбілғазы хан.

8. Қазақстанның оңтүстігінде діни әдет - ғұрыптары болды.

9. Олардың ішінде ислам діні VIIІ ғасырда кең түрде етек жая бастады.

ІІІ. Жаңа сабақ

Салыстыру: Орталықтанған, тұтас мемлекетімен бытыраңқы мемлекетті.

Мемлекеттің құрылуындағы басты рөлді атқарған қарлұқ тайпасы.

Тағы қандай түркі тілдес тайпалар құрамына кірді?

Терминдер сайысы

Жікіл. Яғма. Оғыз. Қайлы. Үйсін.

Хандардың Арслан хан, Боғра хан

Атаулары жікіл тайпасының тотемі – арыстан.

Яғма тайпасының тотемі бура болған.

Тотем – адамдардың шығу тегін, жануарлармен өсімдіктермен немесе табиғат құбылысына байланысты атау.

Жоғарғы билік ханның қолында болды, билік мұрагерлік жолмен берілді.

Ханның ұрпақтары – тегіндер, ілік хандар, бектер нөкерлер.

Жер иеленудің бір түрі – иқта – феодалға берілетін жер үлесі. Иктадар иесі.

Вақұф – мешіттердің жер иелігі.

Шаруаларға үлеске жер бөлініп беріледі. Музари немесе Барзигар жерден алынатын салық.

Тірек сызбалар арқылы

Коммендация – феодалға төленетін салық шаруаларды қорғаған үшін.

955 ж. Сатұқ Боғра хан өлгеннен соң мемлекетте бытыраңқылық басталды.

960 ж. Мұса ислам дінін мемлекет дін ретінде жариялады.

Али Арслан және Хасан Боғра ұрпақтарының арасында билік алма - кезек ауысып отырды. Шығыс – Хасан Боғра. Батыс – Али Арслан.

ХІІ ғ. 30 жыл қарақытайлар Шығыс Жетісуға басып кірді.Батыс – Хорезм ханы Мұхамед 1212 ж. Шығыс – Күшілік найман ханы басып алды.3 ғасырға жуық өмір сүрген Қарахан мемлекеті құлады. Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде жариялануы сәулет өнеріне өзгерістер әкелді.

Картамен жұмыс. Қарахан мемлекетінің жер аумағын көрсету.Айша бибі,

Қарахан, Бабаджа - хатун кесенелері қай жерде орналасқанын көрсету.

Тест (ия, жоқ)

1. Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл түргеш тайпасы атқарды ма?

2. Вақфтық жерлер дінбасылар үлесінде болды ма?

3. Хорезм шахы Қарахан мемлекетінің құлауына әсер етті ме?

4. Айша бибі кесенесі Тараз қаласында орналасқан ба?

5. Қарахан мемлекеті 5 ғасыр бойы өмір сүрді ме?

6. Қарахан мемлекеті Алтайда орналасты ма?

7. Күшілік хан Қарахан мемлекетінің негізін қалады ма?

8. Яғма тайпасының тотемі бура ма?

9. Иқтаның иесі шаруа ма?

10. Ислам діні 960 жылы мемлекеттік дін ретінде жарияланды ма?

V. Оқушылардың білімін бағалау.

 

VІ. Үйге тапсырма. Кестені толтыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХХІ ғасыр көшбасшысы  сайысы

Мақсаты: Қазіргі білім негізіндегі  Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен  байланысын анықтай отырып, оқушылардың жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шешендігін шыңдап, интеллектуалдық

 қабілетін арттыру. Өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сайыс шарттары:

 «Бәйге», «Көкпар»,   «Ғажайып әлем»,   «Егерде мен...»,   «Жорға».

 

І «Бәйге» кезеңінің ережесі:

  Барлықтарыңызға  20 сұрақ оқылады.1 сұрақ 10 ұпайға теңестіріледі.

Алдарыңызда қызыл көтергішті сұрақ оқылып болған соң көтеріп,жауап бересіздер. Жауап дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауап беруге құқығы бар.

1.     Отырардың ежелгі аты. (Фарап)

2.     16 желтоқсан  қандай күн? (Тәуелсіздік күні )

3.     Жеті жарғы бойынша ер кісі өліміне қанша мал төленді? (1000)

4.     «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (І.Есенберлин)

5.     «Дала жолы» қай өзеннен басталады? (Хуанхэ)

6.     Түркістанда қанша қала болған? (30)

7.     Қабанбайдың шын аты? (Ерасыл)

8.     Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Т.Әубәкіров)

9.     Андронов мәдениетінің негізгі орталығы(Орталық Қазақстан)

10.  Қазақстан Республикасы қандай мемлекеттермен шектеседі?

(Ресей, Өзбекстан,Қырғызстан, Қытай, Түркіменстан)

11.  Әбу Насыр әл- Фарабидің өмір сүрген кезі? (870-950ж.ж)

12. Түрік қағанаты қай жылы құрылды? (552ж)

13.  Қ.Р.Әнұранының авторлары (Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов,    Ш.Қалдаяқов)

 

14.   Абылай хан қай жылдары билік құрды? (1771-1781ж.ж)

15.  «Қазақ» апталық газетінің редакторы? (А.Байтұрсынов)

16.   Рәміздер қай жылы қабылданды? (1992 ж)

17. Тәуелсіз Қазақстанды ең алғаш таныған мемлекет?(Түркия)

18. Ы.Алтынсарин тек педогог,жаңашыл,ағартушы ғана емес,сонымен қатар: (Этнограф-ғалым)

19.  Украинадағы конкурста «Әлия » әнімен бас жүлде алған әнші (Р.Рымбаева)

20.      Тұңғыш Қ.Р.Конституциясы қай жылы қабылданды?  (1993 ж)

(Әрбір оқушының жинаған ұпай санын есептеп,әділқазылар хабарлап отырады)

ІІ «Көкпар» кезеңінің ережесі:

Мақал-мәтелдің,көп нүктенің орнындағы сөзді тауып,ол сөзді қазақ,орыс және ағылшын тіліне аударып,айту керек.Қазақ, орыс тілдеріне-20 ұпай;

ағылшын тіліне-30ұпай беріледі.

      1.     Туған жердей  ....  болмас,

            Туған елдей ел болмас. (Жер-Земля-earth,land)

      2.  Еріншек  .... екі істейді (екі-два-two)

     3.  ....  пейілді болса,шәкірт зейінді келеді (ұстаз-учитель-teachtr)

     4.  Білім теңіз, мектеп  .... (кеме-корабль-ship)

     5.  Отансыз  ....  –ормансыз бұлбұл (адам-человек-human)

     6.  Ұяда не  ....  көрсе, ұшқанда соны ілерсің (көру-видеть-watch)

     7.  Көсем ел бастар,шешен  .... бастар (сөз-слово-word)

(Әрбір оқушының жинаған ұпай санын есептеп,әділқазылар хабарлап отырады)

ІІІ «Ғажайып әлем» кезеңінің ережесі:

Әр ұяшықтарға сұрақтар берілген.Ұяшықтардағы ұпай саны сұрақтардың атауына байланысты.Төменгі сандағы ұяшықтарда жеңіл сұрақтар,сандар өскен сайын сұрақтар қиындатылған. Ұяшықтар 10-нан 40 санынан дейін берілген.

1.     Тарихи тұлға.  Қ.Р. «Халық қаһарманы» және «Ғасыр адамы» жоғары атағын алған кім? (Т.Әубәкіров)

2.     Тарихи қала. Орта ғасырда дамыған қай қаланы мақтанышпен «көпестер қаласы» деп атаған? (Тараз)

3.     Тарихи термин.  Төленгіт (Ханды қорғап жүретін жасағы)

4.     Тарихи әдебиет. С.Сейфуллиннің тарихи еңбегі ? («Тар жол,тайғақ кешу»)

5.     Тарихи оқиға. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418 күн)

6.     Тарихи кино. 1931 ж. Түсірілген дыбысты фильм? (Аманкелді киносы)

7.     Тарихи кесене. Сырдарияның төменгі ағысына жақын орналасқан  ХІV-XV ғасырларға жататын кесене? (Сырлытам)

8.     Тарихи жылдар. 1937-1938 жылдар (Жазалау шаралары) 

ІV «Егер де мен ...» кезеңінің ережесі: Бірнеше тақырыптар ұсынылады.

Соның біреуін алып оқушылар өз ойын айтады. Уақыты 3 минут. Онда оқушы шешендік өнерін,ойын,тілдік байлығын байқату қажет.

«Егер де мен .... мектеп директоры болсам», «Егер де мен ....білім министрі болсам», «Егер де мен .... ауыл әкімі болсам».

V. «Жорға» кезеңінің ережесі:  Қызыл, көк  қағазға белгіленген 15 сұраққа

 3 минутта жауап берулері тиіс.Сұрақты  білмесе «келесі» деп айту қажет.

«Сары» нұсқа:

1.     1916 жылы патша жарлығымен қанша жастағылар майданға шақырылды? (19-43 жастағылар)

2.     Қ.Р тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

3.     Қазақ хандығының негізін салған хандар? (Керей мен Жәнібек)

4.     Қ.Р. рәміздерін ата (Ту,Елтаңба,Әнұран)

5.     Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан сұлтандарды кім қарсы алды?

(Монғолстан ханы Есенбұға)

6.     Сғыста ерлік көрсеткен адам? (Батыр)

7.     Жер көлемі жағынан қазақстан нешінші орында? (9 орын)

8.     «Пайғамбар» сөзі қандай мағына береді? (Алланың жердегі өкілі)

9.      Қ.Р БҰҰ-на қашан мүше болды? (1992жылы наурыз айында)

10. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата (Орынбор,Қызылорда,Алматы,Астана)

11.жоғары палатасы? (Сенат)

12.  Абылай ханның өмір сүрген жылдары? (1711-1781 ж.ж)

13.  Ел астанасы Астанаға қашан көшірілді? (1997ж.)

14. Төл теңгеміз айналымға қашан енді? (1993 ж 15 қараша)

«Көк нұсқа»:

1.     Қазақтың қай дала ақыны Абылайханның кеңесшісі болды?

                                                                                   (Бұқар жырау)

2.     Сиыр малының пірі қалай аталады?  (Зеңгі)

3.     Бірінші дүниежүзілік соғысқа қанша мемлекет қатысты. (38 мемлекет)

4.     1916 жылы Торғай өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыс кезінде «Сардарбек» болып кім тағайындалды?   (Аманкелді Иманов)

5.     С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы қай жылдары болды?

           (1783-1797)

6.     И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы қай 

    жылдары болды?    (1836-1838)

7.     Еліміздің  тәуелсіздік алғанына биыл неше жыл толады? (20 жыл)

8.     Парламенттің төменгі палатасы? (Мәжіліс)

9.     Қазақ хандығының ХVІІІ ғасырдағы астанасы? (Түркістан)

10.    Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада? (Түркістан)

11.      Қ.Р қанша облыс бар?  (14)

12.  Абылай ханның лақап аты? (Сабалақ)

13.         Жоңғар мемлекетінің билеушісі қалай аталады? (Қонтайшы)

14.     Алматы қаласы бұрын қалай аталған? (Верный)

15.     Гастеллоның ерлігін қайталаған ұшқыш? (Н.Әбдіров)

 

 

Қорытынды

Тарих дегеніміз- оқиғалардың, есімдердің, құжаттар мен даталардың құр күнтізбесі емес, тарих халықтардың қуанышы мен қайғысының, жарқын өмірге ұмтылған талпынысының, мәіңгі жасампаздығының жарқын бейнесі. Олай болса тарих мұғалімі күнделікті өмірде оқушыларға қаншама қызықты мағлұматтар, танымдық дүниелер сыйлап, тарих әлемінің құпия сырларына терең бойлатады.

Ал ұстазға  әрбір сабақ, оны өту барысы, оқушыға жеткізу технологиясы, бәрі - түсінікті де анық сияқты, бірақ сабақта кедергіге, аяқасты қалыптасқан проблемаларға ірілі-ұсақты  түрлі педагогикалық ситуацияларға келіп тірелгенде жұмбақты ұтымды әрі нәтижелі шешуді талап етеді.

Әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау, еңбек ету қабілетін дамыту, жанындағы досыңның жұмысына анализ беріп үйрену, мыңдаған фактілердің ішінен ең керектісін, ең қажеттісін бөліп алу, өз ойын еркін жеткізе білу, қорытынды жасау, өз жұмысына баға беру – мұғалімнің алдына қойған негізгі мақсаты.  Бұл мақсатқа жету жолдарын қаншама педагог-ұстаздар, әдіскерлер, жаңашылдар зерттеп, қаншама көп әдістемелеп, кітаптар шығарып жатқаны белгілі.

Бүгінгі ағыл-тегіл ақпарат  ағымында, ғылым мен техника жаңалықтарының күн санап өсіп отырған заманында, сана-сезімнің үнемі толығу, интеллектуалды шыңдалу заманында белсенді азаматтық позиция тәрбиелеу үшін оқушылардың өзін және өзгені сыйлау, төзімділікке, жауапкершілікке, өз бетінше ойлап қорытынды жасау үшін, тек кітаптағыны оқытып, таныстыру аз, бұл әдістер оқушыны қызықтырмайды, қайта бізді олардан алыстатады.

Жаңа   технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.

 Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.

  Ойын түрлерін тарих сабағында пайдалану-оқушылардың еркін сөйлеуін, логикалық ойлауын,тіл байлығын  жетілдіреді. Ойын араласқан сабақ барысы оқушыларға әсерлі болып,біліуге деген құштарлығы арта түседі.

     Оқыту технологияларын   сауатты қолдана білген әр ұстаздың білім беру үрдісі  нәтижелі және сапалы болатыны сөзсіз. Ел болашығын өркендетер  талабы таудай,қабілеті мол,өз бетімен жұмыс жасай алатын ізденімпаз оқушыларды  тәрбиелеуде  қажырлы еңбек пен күш қуатымызды аямайық дегім келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.Қазақмстан Республикасының  «Білім туралы » заңы

2. Қазақстан тарихы – әдістемелік журнал  .   Алматы 2006-2010ж.ж 3.Төлеубаева Г. Тарихты оқытудағы әдістемелік технологиялар. Қазақ тарихы,   №2, 2009ж.

4. Д.Айтахунова Тарих сабағында  оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмалардың маңызы //Қазақстан тарихы әдістемелік журналы 2005 № 4

Категория: История и география | Добавил: Kairat
Просмотров: 9237 | Загрузок: 241 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика