Пятница, 19.04.2024, 17:03
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Казахский язык и литература

Оқушыны шығарма жазуға баулу
[ Скачать с сервера (57.5 Kb) ] 21.04.2014, 12:31

Қызылорда қаласы
№ 136 Т Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алмағанбетова Мархабат Қайранқызының
«Оқушыларды шығарма жазуға баулу»
тақырыбындағы зерттеу жұмысы


Шығарма жазу-белгілі дәрежеде суреткермен рухани жалғасу,оның идеялық-көркемдік мақсат-мұратын шығармашылықпен өзінше түсінуге және бағалауға тырысу.Жасандылық пен пікір қайталауға жол бермеу,өзінің өнер туындысының табиғатын өзінше зерделеп,өзіндік талғамы бар екенін дәлелдеу.Шығарма жазу жұмысы-әдебиетті оқытудың ажырамас құрамдас бөлігі.Шығарма жазу жұмысы бағдарлама бойынша көлемді материалды игеріп болған соң жүргізіледі. Бағалау, пікір айту,қорытындылау сияқты жүйелі жұмыстардың жемісі.Шығарма жұмысы- оқушының өзі о
қып,таныған,ой сүзгісінен өткен,өзінше ой түйген,көркем шындық ретінде санасы мен қабылдаған тұжырым.Оқушының білімі мен білігінің деңгейін айқын танытатын жұмысы.
• Оқушының шығарма жазу қабілетін дамытуда,шыңдауда мұғалімнің рөлі қандай болмақ?
• Оқушы осындай өзіндік көзқарасы мен идеясы қалыптасқан деңгейге қалай келді?!
Мұғалім мынадай жұмыстар жүргізді?
1.Әдебиет сабағына деген қызығушылығын арттырды.
2.Түрлі тақырыптар бойынша жазбаша,ауызша жұмыстар жүргізді.
3.Тілдек қабілеті мен қарымын бірте-бірте қалыптастырды.
Идея тастап қорытып,тұжырым жасауға жағдай туғызды.
4.Оң,теріс пікірді айтуға,дәлелмен сөйлеуге түсіну мен түйсінуге тәрбиеледі.
5.Сыни тақырыптардағы көптеп оқылуға ұсынылды.
6.Жоспар құру,шығарманың,автордың негізгі ойын түсіну арқылы көлемді әдеби шығармаларды оқытты.
7.Осындай біліктіліктерді меңгере келе,сапасы жоғары,өзіндік көзқарасы мен ұстамы қалыптасқан,өзіндік пікірі бар,тілдік қабілеттері мол шығарма жазу дәрежесі келеді.
Жоғарғы сыныптарда шығарма жазуға 2 сағат бөлінді.Осының алдында сол тақырып туралы өтіледі.Дайындық жұмысы:
1.Мазмұны түсінікті болуы керек.
2.Көркем шығарманың идеясын,мазмұнын толық меңгерген болуы керек.
3.Түйін
4.Кейіпкер бейнесін толық ашу жұмыстар
5.Өзіне ұнаған жерлерін белгілеу
6.Жоспар құруға лайықты сөйлемдер.
7.Бір шығармаға байланысты бірнеше тақырып ұсыну.
8.Қорытынды бөлімде өзіндік пікірлеріне көбірек тоқталу керек.
« Шығарма » деген сөз негізінде « ойдан шығару » ( Қ.Бітібаева ) дегенді оқушы толық түсінуге жетелеу ұстаздың,пәннің ауыр жүгі. « Шығармада оқушы өзінің дүниетанымын,пікірін,сезгенін,түйгенін,берген өзіндік бағасын жазады.Ал жазылған шығарма сапалық жағынан қандай дәрежеде орындалып шықты.
Ол әрбір оқушының біліміне,талабына,шеберлігі мен дағдысына байланысты. »-деді Кеншімбаев.
Бастауыш орта сыныптарда үйрету үшін шығармашылық жұмыстар жүйелі түрде,көптеп жүргізілсе жоғарғы сыныптарда шығарма жазу оқушыға да,мұғалімге де жеңілдеу болады.
Қазіргі кезең талабы-деңгелеп оқыту,іздендіру арқылы дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру.
Шығарма жаздырудағы басты мақсат не? деген сұраққа әдіскер-ұстаз Бітібаева былай көрсетті:
1.Білім деңгейін бақылау
2.Жазбаша көркем тілін дамыту арқылы,теориялық білімін практикалық жұмыста пайдалана білу.
3.Ойлау еңбегіне өз бетінше іздендіру,өз пікірін қалыптастыру,қорытынды жасауға дағдылану.
4.Қабілеті мен сезіміне әсер ету арқылы шығармашыны жұмыстарға баулу.
Бұдан шығатын тұжырым:
Шәкірті өз ойын орынды,әдеби тілмен жеткізе алатын сауатты тұлға етіп тәрбиелеу үшін шығармашылық күрделі ой еңбегіне үйрету.
Жазуға тиіс тақырып біреу болғанмен,әр оқушы өзінше жеткізеді. Қабылдау, тұжырымдау әр түрлі.Шығармадағы күрделі жұмыс жоспар құру.Жоғарғы сынып оқушыларды мейлінше өздері құрады.
Жоспар таңдап алынған тақырыбының жобасы,ойын рет-ретімен жазу,жазу үшін бағыт-бағдар.
Жоспардан ауытқымағанда ғана тақырып ашылады.
Жоспар құрып үйрету туралы Ә. Қоңыратбаев « Қазақ әдебиетін оқыту методикасы » еңбегінде көрсеткен.
Е.Дайрабаев нұсқасы ( үлгі түрінде )
І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
А)
Ә) тақырыпты ашу үшін тақырыпшалар
Б)
ІІІ.Қорытынды.
Жоспар екіге бөлінеді:
1) Жай жоспар
( шығарма мазмұнын ашатын басты-басты мәселелер )
2) Күрделі жоспар
( әрбір мәселе тарқатып айттыратын себеп-салдары,шешілуі,корытындысы )
Шығарманың негізгі бөлімінде сөз етіп отырған мәселенің нақты дәлелдермен талданып әңгімеленеді.Тақырыптың мазмұнын аша білу-негізгі бөлімнің міндеті.
Шығарманың не туралы?кім туралы? екенін аңғартатын нәрсе-эпиграф.Ол шығармаға өң беріп,алдын-ала баяндап тұрады.Оған көбінесе мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,халық даналығынан,ақын-жазушылардың ой-толғамдары,өлең үзінділері ашылады.Ал қателерге келетін болсақ,стильдік қателер оқушылардың сөйлем құруға,ойын айқын жеткізуге,сөйлемді тым ұзақ,шұбалатып жіберу. Артық,қайталап баяндау,нақты тақырыпты ашпай,мазмұндау,суреттеу,іс-әрекеттерді баяндау да шығармада жіберілетін ортақ кемшіліктер.Осы ретте баяндаудан гөрі оқушыға талдау,сал?
?стыру,пікір білдіру сияқты әдістерді меңгерту керек.
« Қазіргі уақытта әдебиетті оқытудың басты мақсаты оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру,кітапқа деген ынтасын ояту,сол арқылы имандылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеу » Қ.Бітібаева
Шығарма жалпы 2 түрге бөлінеді:
1) Әдеби туындылар жайындағы шығарма,яғни тақырыптық шығарма. Мысалы: « Абай жолы » эпопеясындағы Құнанбай бейнесі, « Жұлдызды ғұмыр » ( Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы ), Ер Түріктің ұрпағы ( Мағжан поэзиясындағы ұлтжандылық,сарын ), Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі аяулы аналар, Абайдың табиғат лирикасы, « Сыр сандықты ашып қара » ( С.Сейфуллин-лирик ақын ) т.б.
2) Оқушының өзі және қоршағаны орта жөніндегі шығарма,яғни еркін тақырыптағы шығармашылық жұмыс,Мысалы: « Сүйемін туған тілді-анам тілін », « Үш бақытым: туған жерім,анам тілім,халқым туралы » , «Ұстаздық еткен жалықпас », « ХХШ ғасыр...Мен саған сенемін! » , « Тәуелсіздік-ел тілегі » ( Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты ).
Еркін тақырыптағы шығармаларда оқушылардың өздері көргені, көңілге түйгені, олар жайындағы әсері, арманы, дүниетанымы т.б. қамтылады. Бұл шығармашылық жұмыс оқушыны ізденуге, ойлануға, өмірді тануға, ойын жүйелі бере білуге, жатық, әдемі сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландырады. Төменгі сыныптарда шығарманың осы түрі көбірек қолданылады. Ал жоғарғы сыныптарда еркін тақырыптағы шығарманың күрделі түрі жазылады.
Кейінгі кездері еркін тақырыпта жазылатын шығармалардың мына түрлерін жаңашыл мұғалімдер көптеп қолдануда: шығарма-миниатюра, шығарма-ой толғау, шығарма-көзқарас, өзінің әдеби еңбектерінің үлгісі т.б.
Шартты түрде алғанда, шығарманы түр-түрге бөлгенімен қойылатын талап біреу - оқушыны шығармашылық жұмысқа үйрету, білгендерін іздендіре отырып дамыту, ойын нақты, тұжырымды дәлелдермен, деректермен жеткізе білу, сауаттылығын арттыру.
9 сыныптың әдебиет пәнін оқыту бағдарламасында шығармашылық жұмыс түріне 1 сағат берілген.Демек соған дейтін оқушы көлемді шығармаларды оқып,дайын болып келуі керек.9 сыныпта Ғ.Мүсіреповтің « Ұлпан » романын оқуға 3 сағат беріледі де,келесі тақырып шығармашылық жұмыс.Мен осы сағатты өтуді романға негізделген логикалық сұрақтар дайындап « Оқырман диалогы » әдісімен өткіздім.
« Оқырман диалогы »
1.Роман несімен ұнады?
2.Оқи отырып қандай ой туды?
3.Оқып болған соң пікірің өзгерді ме?
4.Ең қызықты,әсерлі жері қайсы?
5.Неліктен?
6.Сенің рухани қажеттілігіңді қаншалықты өтеді?
7. « Ұлпан » бақытты болар ма еді?
Осы тектес сұрақтар романды оқыған өзіндік көзқарасы мен пікірін қалыптастырады.Талдауға,пікір айтуға құлшынысын арттырады.Оқушы өмір шындығын суреткердің көзімен көре біледі.Суреткердің өмірдің шындығын көрсете білуі-нағыз шеберлік.Әркім-ақ білетін шындықты соншалықты әсерлі жеткізіп,оқырманның сезіміне әсер етуі ,жазушының сөз құдіретін мінсіз меңгергендігіне оқушының өзі ешкімнің көмегінсіз көз жеткізеді.Кейіпкерімен бірге қуанады,күйінеді пікірін ортаға салып,қорғауға асығады.Мұндай шығармашылық жұмыс өз дәрежесінде ө?
?ілсе,болашақта көлемді көркем шығармалар туралы әр сыныптармен бірлесіп үлкен « Оқырмандар конференциясын » өткізуге болады.Бұл да оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бірден-бір мүмкіндік береді.Осы тектес шығармашылық жұмыстарды орындай келе 10-11 сыныптарда үлкен шығарма жазуға оқушы өзімен-өзі дайын болады.
• Нені жазу керек?
• Не қамтылды?
• Неге баса назар аудару керек?
• Тақырыпты қалай ашу керек?
Сонда дайындық жұмыстарына жүйелі түрде келеді.
Шығарма жазу-оқушының өз ойын сауатты әрі орынды,әдеби тілмен жеткізетін жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.Сол дәрежеге жеткізу күрделі ой еңбегіне үйретудің ұзақ сатылы әрі қиын түрі.

Пайдаланылған әдебиеттері:
1. « Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» Қоңыратбаев. 1956 ж.Алматы
2. «Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы» Қ.Бітібаева.2012 ж.Алматы « Дарын »
3. «Технология талаптары тіл дамыту үрдісінде» Астана 2008 жыл
4. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» Алматы 1980 жыл Көшімбаев
5. «Шығармалық көркем айшықтарын таныту» Алматы 199 Ақшолақов.Т.
6. «Қазақ әдебиеті (энциклопедия) Алматы 1999 жылы

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kairasul2092
Просмотров: 5654 | Загрузок: 376 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика