Четверг, 18.04.2024, 21:29
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Казахский язык и литература

"Өнер алды - қызыл тіл" сайыс
20.07.2014, 18:26

«№1 жалпы білім беретін мектеп-интернаты»

«Өнер алды – қызыл тіл»
(9 – сыныптарға арналған сайыс)

өткізген: Шопанова Г.А.

Петропавл қаласы
2012 жыл

Сайыстың мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінің тереңдігін, ұлылығын таныту, ойлау, ой қорыту, дағдыларын дамыту, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сайыстың безендірілуі: сайысқа қажетті парақтар, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, ұпайлар жазылған тор-кесте, сөздер жазылған конверт, таза парақтар.

Сайыстың өту барысы:
Жүргізуші: Армысыңдар, қадірлі қонақтар, жеңіске қол жеткіземін деген сайыскерлер! Бүгін біз қазақ тілінің ұлылығын, биіктігін, тереңдігін танытатын «Өнер алды – қызыл тіл» атты тапқырлар сайысына жиналып отырмыз. Сайысқа өз білім күштерін сынауға 9 «а» және 9 «б» сыныптары келді. Ең алдымен сіздерді сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайын:
1. Таныстыру
2. Мақал-мәтелдер сайысы
3. Кім тапқыр?
4. Қызықты жетілік
5. Сөз шебері
6. Бәйге
Ал осы кезеңдерде балалардың білім дәрежесін сынап, ұпайлар қоятын әділ-қазылармен танысып өтейік:
1. Гүлмира Қаниқызы
2. Ақерке Қалымқызы
3. Самал Еркінқызы

І кезең. Таныстыру.
«Барыс», «Қыран» топтары ұрандарымен таныстырады.
ІІ кезең. Мақал-мәтелдер сайысы.
Бұл кезеңде сайыскерлеріміз «Тіл туралы» мақал-мәтелдер айтып, кезектеседі. Қай топтың мақалы аяқталса, сол топ жеңеді. Мақалдар қайталанбау керек.
ІІІ кезең. Кім тапқыр?
Бұл кезеңде сайыскерлерге мәтіндер беріледі. Берілген мәтіндерде кейбір әріптер жоқ. Сайыскерлердің мақсаты бұл мәтіндердегі сөздердің тиісті әріптерін қойып, барынша мұқият болу. Тапсырманы дұрыс әрі тез орындап, әділ-қазыларға тапсырамыз.
ІV кезең. Қызықты жетілік.
Бұл кезеңде ұпай саны жазылған, жасырылған сұрақтары бар торлар беріледі. Сайыскерлер мақсаты: ұпай артында жасырылған сұраққа дұрыс жауап беру. Сайыскерлерге арналған жеңілдік те бар. Ол сұрағы жоқ бос тор. Ондай тор кезіксе, еш алаңдамай ұпайды алып, өз қоржынына салады.
10 – Ел басымыз кім? (Н.Ә.Назарбаев)
10 5 10
15 15
10 5 10
5 – Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
15 – Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды? (1989 жылы)
10 –Абайдың шын аты. (Ибраһим)
15 – Мемлекеттік тудың авторы. (Ш.Ниязбеков)
10 – Мемлекеттік тіліміз.(қазақ тілі)
5 – бос тор
10 – Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (12 дауысты дыбыс)
V кезең. Сөз шебері.
Бұл кезеңде сайыскерлерге конверт ішінде сөздер жазылған қағаздар беріледі. Балалар ортаға шығып, сөздің өзін айтпай, көрерменге жасырып айтады. Сөз жасыру барысында ым-ишара, басқа мағыналас сөздер, қимыл-әрекеттер қолдануға болады.
«Барыс» тобы:
Ту, киім, ою, ұн, өрік, жираф, қызыл, ін, жиһаз, қылыш.
«Қыран» тобы:
Ақ, қорап, йод, ұя, отын, ыдыс, темір, май,қымыз, арыстан.
VI кезең. Бәйге.
Бұл кезеңде сайыскерлерге ортақ бір сөз беріледі. Бұл сөздің әріптерін қолданып, 1 минут ішінде жаңа сөздер құрастыру керек.
ҚАЗАҚСТАН
Әділ-қазыларға сөз беріледі.
Марапаттау.
Мақтау қағаздары ұсынылады.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Gulsara4179
Просмотров: 1927 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика