Пятница, 29.03.2024, 01:32
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 946
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Казахский язык и литература

Көмектес септік
[ Скачать с сервера (23.9 Kb) ] 17.01.2015, 06:59
Алмалы ауданы
І. Есенберлин атындағы
№ 25 гимназияның
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Жұмағұлов Еркін Бақытжанұлы Қазақ тілі
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік
Сабақтың мақсаты: Көмектес септік жалғаулары туралы білу, білімдерін тереңдете түсу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың көмектес септікті қаншалықты деңгейде меңгергенін тиянақтау, негізгі білімдерін ұштай отырып тексеру.
Дамытушылық: Өткен сабақтарда алған білімдерін қайталауға арналған әр түрлі жаттығулар арқылы балаларды тез ойланып, жауаптарды тиянақты, жүйелі айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өз елін,Отанын сүюге, құрметтеуге оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі тапсырмалар, сөзжұмбақ, тестік тапсырма, оқулық, тиым сөздер үлгілері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Кезекшімен тілдесу
б) Оқу құралдарын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге оқушыларға септік жалғауларын қайталау берілген.
ІІІ. Қайталау сабағы
Мұғалімнің алғы сөзі:
- Сонымен қазақ тілінде неше септік бар?
- Септіктердің негізгі атқаратын қызметі қандай?
Мұғалім: Көмектес септігі туралы толық мағлұмат береді.

ІV. Септіктерді қайталауға арналған тапсырмалар
Ол үшін оқушыларды екі топқа бөліп, жарыс өткіземіз. Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріліп отырады. Қай топ көп жұлдызша жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
1. Кестені толтыр (әр топтан бір оқушыдан шығып кестені толтырады)
Септіктер Сұрақтар Жалғаулар
А.с Кім?не?
І.с
Б.с
Т.с
Ж.с
Ш.с
К.с
2. Сөздерді септеңдер:
1-топ 2-топ
А.с жарыс А.с от
І.с жарыс І.с от
Б.с жарыс Б.с от
Т.с жарыс Т.с от
Ж.с жарыс Ж.с от
Ш.с жарыс Ш.с от
К.с жарыс К.с от
3. Тыйым сөздерден септік жалғауларын тап.
1-топ
1. Дастарханды, тамақты баспа.
2. Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме
3. Нанды жерге тастама
4. Үлкеннен бұрын тамақ жеме
5. Орындықта аяғыңды айқастырып отырма
2-топ
1.Түнде үй сыпырма, түнде тырнағыңды алма.
2. Айды қолыңмен көрсетпе
3. Нанды бір қолыңмен үзбе
4. Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама
5. Отпен ойнама, отты аттама
4. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар
Алдыңнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үп –үлкен боп өседі
5. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қой.
1-топ
1. Етікші.... дүниесі – бізі мен инесі.
2. Үзіліс.... біз ойнадық.
3. Дәукен атай балалар.... шақырды.
4. Үйді кірпіш.... салды.
5. Қарды күрек.... тазалады.
2-топ
1. Алматы – ең әдемі қалалар.... бірі.
2. Тон... теріден тігеді.
3. Түн... жаңбыр жауды.
4. Нанды ұн... пісіреді.
5 Тақтаны шүберек.... сүртті.
6. Сөздерге септік жалғауларын жалғап, сөйлем құрастыр
(Берілген сөздерді пайдалана отырып, 7-септіктің жалауын жалғап 7-сөйлем құрайды)
1-топ 2-топ
дәптер Айжан
мектеп дүкен
қала мұражай
кітап гүл
үй көше
Айгүл мұғалім
әже дос
7. Сөзжұмбақты шеш
(екі топ оқушылары кезекпен шығып, сөзжұмбақты шешеді)

1. Бесінші септікті ата. (Жатыс)
2. Атау септігінің сұрағы қандай? (не?)
3. Көмектес септігінің жалғауы қандай? (-пен)
4. Жалғау жалғанбайтын септік қандай? (Атау)
5. Баланың сөзі қандай септікте тұр? (Ілік)
6. –мен,-бен,-пен жалғауы қандай септікке жалғанады? (Көмектес)
7. Кімді?, нені? қай септіктің сұрағы? (Табыс)
8. «Сабақты» сөзіне қандай сұрақ қоясыңдар? (нені?)
9. –ға, -ге, -қа, -ке қандай септіктің жалғаулары? (Барыс)
Енді оқушылардың жинаған жұлдызшаларын санай отырып, қай топ жеңіске жеткенін айту.
V. Сабақты бекіту.
Тест сұрақтары үш деңгей бойынша беріледі:
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
а) 9 в) 8
б) 5 г) 7
2. Септік жалғауларының қызметі қандай?
а) жаңа сөз тудырады в) сөздерді байланыстырады
б) заттың көптігін білдіреді г) сөзді түрлендіреді
3. “Қаланың” сөзі қай септікте тұр.
а) барыс в) жатыс
б) ілік г) көмектес
4. Септік жалғауын көрсет.
а) –лар,-лер,-дар,-дер в) -ның,-нің, -ға,-ге
б) - м,-ң,-ңыз,-ңіз г) –мын, -мін,-сың,-сің
5. Септік жалғауында тұрған сөді тап.
а) мектептен в) балалар
б) мұғалімсің г) қалаң
6.Кімді? Нені? қай септіктің сұрақтары?
а) табыс в) шығыс
б) жатыс г) ілік
7. Көп нүктенің орнына қандай жалғау жалғанады:
“Оқушылар кітапхана.... кітап алды”
а) мен в) дан
б) бен г) мен
8. С кем? с чем? сұрақтарының аудармасын тап.
а) кімге? неге? в) кімнен? неден?
б) кіммен? немен? г) кімде? неде?
9. Тыйым сөздегі көп нүктенің орнына қойлатын тиісті жалғауды тап.
“ Нан... жерге тастама”
а) –ді в) –ны
б) – ты г) –ды
10. “Сағат” сөзіне барыс септігінің қай жалғауы жалғанады?
а) –ға в) –ге
б) –қа г) –ке
11. Мақалды толықтыр: “Тіл ........... өткір”
а) пышақтан в) қылыштан
б) көзден г) найзадан
12. Кімнен? Неден? қай септіктің сұрақтары?
а) көмектес в) атау
б) шығыс г) табыс
13. “Бөлме” сөзі қай септікте тұр?
а) барыс в) жатыс
б) табыс г) атау
14. Шығыс септігінің жалғаларын көрсет.
а) –ға, -ге, -қа,-ке в) да,-де,-та,-те
б) -ны,-ні,-ды,ді г) –нан,-нен,-дан,-ден
15. –да, -де, -та,-те қай септіктің жалғаулары?
а) жатыс в) ілік
б) шығыс г) табыс
VІ. Үйге тапсырма: “Білім, ғылым” сөздеріне септік жалғауларын жалға немесе септе.
VІІ. Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушылардың білімдерін бағалап, күнделіктеріне қою.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Тананда
Просмотров: 1746 | Загрузок: 60 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика