Хайуанаттар бағына саяхат. - Казахский язык и литература - Каталог файлов - Сайт творческих учителей Казахстана

Суббота, 10.12.2016, 07:59
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 320
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Казахский язык и литература

Хайуанаттар бағына саяхат.
[ Скачать с сервера (69.5Kb) ] 23.02.2015, 19:08

№27 ЖББОМКММ

 қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі:

 Хамзина Күнсұлу Жанқазықызы

Теміртау  қаласы

 

Сабақтың  тақырыбы:Лексикалық тақырып : Хайуанаттар бағына саяхат.

Грамматикалық тақырып : Көптік жалғау.

 Сабақтың  мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың қазақ тіліндегі көптік жалғау туралы алған білімдерін пысықтау. Өтілген материалдарды қайталай отырып, хайуанаттар бағына саяхат жасау, аңдар тақырыбын кеңінен ашу. Ауызша, жазбаша сауаттылықтарын арттыру.

2.Дамутышылық: Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушыларды интелектуалдық ойындар мен тапсырмалар арқылы     ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға машықтандырып , дүниетанымын кеңейту.     

3.Тәрбиелік : Жануарларды сүйе білуге тәрбиелеу және олардың адамға берер пайдасын ұғындыру.

Түрі : Жаңа  сабақ

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: интерактивтік  оқыту  әдісі,мәтінмен жұмыс, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойнату, ойлату

Сабақтың  көрнекілігі:интерактивті  тақта,суреттер,карточкалар.

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлемдесу, сабаққа кірісу.(оқушыларды сабаққа дайындау, зейінін сабаққа аудару)

- Балалар, қазір қандай сабақ?

- Қазақ тілі сабағында не істейміз?

- Сыныпта кім кезекші? (Кезекшінің рапорты)

ІІ. Фонетикалық жаттығу.

-Алдымен балалар тілімізді жаттықтырайық. Берілген жаңылтпаштарды тез, дұрыс айтуға жаттығу.

1. Қапыда ит қапты,            2. Біл, бұл – піл,               3. Көп ешкі көк шөпті жейді,

    Қатты қапты,                       Бұл- бір ірі піл.                Көк шөпті көп ешкі жейді.

    Қапты қатты.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 Үй жұмысының мақсаты: Үй жануарлары туралы әңгімелеп, олардың пайдасы туралы толық мағлұмат беру.

 а) Үй жұмысын сөзжұмбақ арқылы қайталау. (Интерактивтік тақтада сөзжұмбақпен жұмыс)

 ә) “Ой шақыру”  Сөзжұмбақ шешу, әр мал туралы әңгімелеу

(Интерактивтік тақтада жұмбақпен жұмыс)

1. Түйе. Түйе туралы не білесің?

 2. Сиыр. Сиыр туралы не білесің?

3. Қой.  Қой туралы не білесің?

4. Ит. Иттің пайдасы қандай?

 

ІV. Жаңа сабақ:

- Бұл қандай жануарлар? – деген сұрақпен оқушыларды жаңа сабаққа бағғытау.Слайд

- Бұл – жабайы жануарлар. - Бүгін біз жабайы аңдармен толық танысу үшін хайуанаттар бағына саяхатқа барамыз.

-Хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме?(әр оқушы өздерінің ойларын айтады.)
-Хайуанаттар бағында нелер тіршілік етеді?
- Аңдар, құстар, жорғалаушылар, бунақденелілер тіршілік етеді.

Топқа бөлу

-Қазір біз саяхатқа аттанамыз. Саяхатты бастамас бұрын сынып оқушыларын 3топқа бөліп, әр қайсың топтың ұраны тыңдап алайық . Себебі, біз саяхат барысында түрлі жарыстар өткіземіз, 3 топтың қайсысы тез әрі адаспай баратынын сабақ барысында байқаймыз.

І-топ.«Қонжықтар» 

ІІ-топ. «Қасқырлар» 

ІІІ-топ. «Түлкілер»

а) Жаңа сөздермен танысу.

СӨЗДІК

 

Аңдар - звери

Жабайы аңдар - дикие звери

Жыртқыш – хищник

Мекендейді, тіршілік етеді - живут, обитают

Хайуанаттар бағы- зоопарк

Орман –лес

Кірпі - еж

Тиін - белка

Керік - жираф

Қоректенеді - питаются

Күшті - сильный

Қорқақ - трусливый

Қу, айлакер - хитрая

Маймақ – косолапый

 

 (Интерактивтік тақтада сөздермен таныстыру) Сөздерді дәптерлеріне жазғызып, жаңа сөздерді бекіту мақсатында жай сөйлемдер құрату.

-Хайуанаттар бағына кіру үшін мен сендерге билет  сатып  алдым, билетте  осындай тапсырма бар : Слайд

- Балалар, мынау қай аң?
- Аю. Аю туралы не білеміз? Аю жыртқыш аң. Аю қорек талғамайды. Ол орманда тіршілік етеді. Ол көбінесе, құмырсқа, бал, құлпынай, таңқурай сиқты қоректермен қоректенеді.

 ә) Мәтінмен жұмыс

 

                                        Хайуанаттар паркінде

      Біздің қалада өте үлкен хайуанаттар паркі бар. Паркті араласаң, қасқырдың бірнеше түрлерін, аюларды, қояндарды, сусиырды, пілді, түлкілерді, әр түрлі құстарды, оның ішінде тотықұстарды, балықтардың сан түрлерін, тағы басқа да хауанаттарды көруге болады. Хайуанаттар паркінде дүние жүзінде аса сирек кездесетін қызыл қасқырды байқайсың . Ол біз білетін сұр қасқырдан кішірек, түсі қызыл-қоңыр. Зоологтардың айтуынша, қызыл қасқыр Австралияның динго деп аталатын жабайы итіне ұқсас. Әсіресе, маған балықтар қатты ұнайды. Олардың түстері әр түрлі, кейбір балықтар үлкен, екіншілері ұсақ.

-Мәтінді, оқып, сұрақ-жауап арқылы пысықтау.

1) Біздің қалада не бар?

2) Паркті араласаң, қандай жануарлармен кездесесің?

3) Хайуанаттар паркінде дүние жүзінде аса сирек кездесетін нені байқайсың?

4) Қызыл қасқыр қандай?

5) Ол неге ұқсас?

6) Балықтар қандай?

7) Сіздер хайуанаттар бағында болдыңдар ма? Нені көрдіңдер?

 

- Балалар, аюды тамашалап болсақ, әрі қарай жүрейік.

-Мынау қай аң?- Түлкі.
- Түлкі қандай аң?
- Түлкі – қу, айлакер аң. Ол тышқан, қоян, саршұнақ, суыр т.б жануарлармен қоректенеді. Ертегілерді көп кездеседі. Күзде жүні түлеп түсіп, жаңа қалың жүн шығады. Қыста оның түсі жирен болады.
- Жақсы, жарайсыңдар!

Көптік жалғау.(Окончания множественности)

 

Соңғы дыбыс (Конечный звук)

Гласные и сонорные р, й, у

Звонкие з, ж и сонорные л, м, н, ң

Глухие и звонкие б, в, г, д

Алдыңғы буын (Передний слог)

Жуан (Твердый)

-лар
балалар

-дар
адамдар

-тар
жұмыстар

Жіңішке (мягкий)

-лер
бөлмелер

-дер
көлдер

-тер
есіктер


 - Келесі тапсырманы орыңдайық.

1-тапсырма.  Ереже бойынша берілген сөздермен көптік жалғауды қойып ,  дәптеріне  жазыңдар .

2 –тапсырма.(Топпен жұмыс ).Көптік жалғауды пайдаланып сөздерді жазу.

слайд  

-Балалар  осы мәтінде  көптік жалғаулары бар ма ?.

слайд

Сөз тіркестерін дұрыс орналастырыңыз

 

Жабайы                жүзі

Ұсақ                      балықтар

Сұр                        қасқыр

әдемі                      ит

қу                          тотықұс

ақ                           түлкі

хайуанаттар          аю

үлкен                     піл

түрлі                       түсті

дүние                      парк

 

 1-тапсырма Сөздерден сөйлем құра

 1.Бүгін паркіне балалар барды хайуанаттар.

 2. Олар құстарды тамашалады түрлі неше паркте.

 3. Мұғалім сатып билет алды балаларға.

2- тапсырма Қалып қойған сөздерді орнына қойыңыз

1. Хайуанаттар ...... жолбарыс, ....., аю, маймыл ..... тордың ..... тұрады.

 2. Ақ аю ..... жақта өмір сүреді.

3. Су сиыр .... жақсы көреді.

4. Піл .... үлкен болады.

5. Тотықұс .... түсті.

V. Сергіту сәті. «Күлкілі телефон» ойыны. Сабаққа сиқырлы кейіпкер кіріп сергіту минутын ұйымдастырады.

- Енді, балалар, мынау қай аң, қорқып, үркіп отырған.
- Қоян.- Олай болса, қоян туралы не білесіңдер?
- Қоян – өте қорқақ аң. Ол кішкентай сыбдыр естісе болды, қаша жөнеледі. Оның күзде сұрғылт түсті жүні түлеп түсіп, қыста аппақ тонын киеді.
 

Кестені толтыру. Жануарлардың түрлерін атап, үй жануарлардың және аңдардын адамдарға пайдасы туралы әңгімелеп, жазу. (Интерактивтік тақтада кестені толтыру)

 Үй жануарлары:  Ет, сүт, тері, мамық аламыз. Үй күзетеді. Көлік болады. Тышқан аулайды.

Аңдар : ..........

Тапсырмалар (Дәптерлеріне жазғызу)

Салыстыр: Қоңыр аю - Ақ аю

Орманда, жеміс-жидек, суда, балық (Суретке қарап, сөйлем құрастырады)

Үлгі:Не? Аю

Қандай? Аю үлкен, қоңыр

Қайда? Аю орманда тұрады

Не жейді? Аю балды жақсы көреді

(Жазғандарын оқиды, аударады)

2. Суреттер бойынша аңдарды сипаттап жазу.

Қоя .Қоян орманда тұрады.Қоян - қорқақ аң.Қоян сәбіз жейді.

Тиін.Тиін кішкентай аң.Тиін саңырауқұлақ , жаңғақ жақсы көреді.

(Оқушылар бір-бірін тексереді, сұрақ қояды).


VІ.  Жаңа сабақты бекіту.

Ой толғаныс кезеңі

1. Қандай аң? тауып көр:

- маймақ, орманда тұрады;

- құйрығы ұзын, қу;

- терісі ақ, сұр болады, қорқақ;

- мойны ұзын, биік жануар;

- балық жейді, суда жүзеді, ақ;

- жыртқыш, сұр, орманда тұрады;

- тікені бар, саңырауқұлақ жинайды;

- кішкентай, сары, жаңғақ жейді;

Тұжырымдамалық карта «Аңдар қандай ?»

                           

                                                                Аңдар қандай ?

Түлкі

Аю

Қоян

 

 

 

 

 

VІІ. Сабақты қортындылау:

-Сендерге  бүгінгі  сабақ   ұнады ма?

-Саяхатқа барарда қойған мақсаттарымызға жеттік пе?

 

 Не білемін?

Не білдім?  

Не білгім келеді?

 

 

 

 

 

 

VІІІ. Үйге тапсырма:

ІІІ деңгей. Кестені толтыру.

ІІ деңгей. «Маған ұнаған аң» (шағын шығарма жазу).

І деңгей. «Хайуанаттар бағында» (шағын шығарма жазу).

 

ІХ. Бағалау. Мұғалім өз ойын айтып, қорытынды баға қояды.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Kairat
Просмотров: 2654 | Загрузок: 32 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика