Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі. - Казахский язык и литература - Каталог файлов - Сайт творческих учителей Казахстана

Суббота, 10.12.2016, 09:51
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 346
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Казахский язык и литература

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі.
[ Скачать с сервера (20.6Kb) ] 10.12.2014, 11:01
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
- Алаштың ардақты азаматы Сұлтанмахмұттың ақындық қуаты арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа баулу, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу
2. Дамытушылық:
- Шығарманың танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап, түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру. Бір-бірімен ой бөлісу арқылы ұжымдық, шығармашылық жұмыс жүргізе білуге үйрету
3. Тәрбиелік:
- Ақын еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу, өзіндік «менін» ояту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Дуэт-панорамалық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Ой шақыру, мәнерлеп оқу, сезім, ақыл-ой тұтастығы арқылы іздендіру, проблемалық түйін тудыру, оқытушы мен оқушының ашық әңгімесі, антонимдік ассоциация
Оқытудың формасы: Ұжымдық
Пәнаралық байланыс: Тарих
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, шығармаларжинағы, интерактивті тақта, ЭЕМ құралдары
Сабақтың құрылымы:
1. Мен – Адаммын!
2. Сырлысөз – саф алтын
3. Өмірдің шынайы шындығы
4. Ой түйін
Сабақтың эпиграфы:
Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдасыру кезеңі (Ой шақыру)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, мен бүгінгісабақты «Адам» деген үлкен мағыалы сөзден бастағым келіп тұр. Жалпы, біз «Сен кімсің?» дегенде, еңәуелі «Адаммын!» деп жауап береріміз хақ. Алайда, Адам, Адамдық, Адам болу деген сөздердің мәнін түсінеміз бе? Өмірден өз орнын таппай, адасып жүрген адамдар да бар. Ендеше, ой-пікірімізді білдіре отырайық.
1. Мен – Адаммын! Жетекші сұрақтар беру!
1. Адам болу деген не?
2. Адам өмірге не үшін келеді?
3. Менің өмірдегі мақсатым не?
4. Мен келешекте өз өмірімді қалай құруым керек?
5. Жаман адам кім?
6. Біз тамақ ішу үшін өмір сүреміз бе, әлде өмр сүру үшін тамақтанамыз ба?

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

2. Сырлы сөз – саф алтын.
- ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар. Олар шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын-жазушылар көшін мына қайраткерлер бастайды:
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Мағжан Жұмабаев
Сәбит Дөнентаев
Сәкен Сейфуллин
Бейімбет Майлин
Ілияс Жансүгіров (Монитордан суреттері көрсетіледі)
Біз бүгінгі дәрісімізді адам сезімін суреттеудің хас шебері, өзіндік үнін, азаматтық тұлғасын таныта білген ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына арнаймыз.
«Талпына масыққандай жігіттікке» деп ақын өзі жырлағандай, оның өмірі күреске толы болды. Екі дәуір қоғамының саяси-әлеуметтік тұрақтылығын көрмей, не қилы аласапыран болып жатқанда да С.Торайғыров өзінің күрескер, халқы үшін жанын аямай еңбек етерүлкен тұлға екенін көрсете білді. Жасынан өнер-білімге, ғылымға құныға өскен ақын тағдыры оңай болмаған еді. Екі жасында анасынан айырылды, тұрмыстағы қиыншылық, көңілі қалаған оқуына қолы жете алмай өкінуі, науқасқа шалдығуы едәуір қиындық туғызды. Алайда, өжет те қайсар, алғыр да зерек Сұлтанмахмұт бұған бола мойымаған. Алдына адам болып шығуды мақсат етіп қойған ақын ұмтылыс, ізденіс үстінде болды. Жас ұрпақтың елге адал қызмет қылуы үшін өнер үйренуіне, шар құрыпталмай еңбектенуіне өмір жолында келер қиындықты жеңуді міндетіне алып, оптимистік қасиетін, өнер сүйгіштік өр мінезін көрсетеді. Яғни, ол өзін «жарық күнде сәуле қуған» халық баласы ретінде танытып, «елдің бетін толған айдай болыпк өруге» уәде етеді. Сондай-ақ, Сұлтанмахмұт – ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы, Абайды өзіне ұстаз тұтқан. Абай ашқан поэтикалық мүмкіндікті өзі өмір сүрген қоғам шындығын, қайшылығын бейнелеуге еркін де кең пайдаланған шебер.

ІІІ. Өлеңді мәнерлеп оқу
1. Мұғалімнің оқуы
2. Оқушының оқуы (Ғылыми жұмыс сатысы)
3. Аудио таспадан оқушы оқуын қайта тыңдау, шығармашылық оқу!

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.
4. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы туралы
1. Өлеңніңт ақырыбы не? (Адамдық)
2. Жыр жолдарының идеялық мазмұнын ашу (Білім-ғылымға, өмірге деген құштарлық)
3. Осы өлеңнің мазмұныөздеріңе қалай әсер етті? Кім болуды армандайсыңдар?
4. Сұлтанмахмұттың көздеген мақсаты не?
5. Ауыспалы мағыналы (эпитет, теңеу) сөздерді теріпжазу. (Көрде тыныш жату, жарық күнде сәуле қуған, алуға күнді барып белдібуған, толған айдай балқып туған, ойында оты барлар, надандықтытебу)
5. Әдебиет теориясынан түсінік беру
Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман
С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі лирикалыққа арман – ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр. Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат-мақсатын, арман-аңсарын, сезім-күйін жырға қосады.
1. Ақынның тұлға мен Адамдық дуэті
2. Ақын мен оқушы дуэті.
«Мен!» - ол сенің тұлғаң, ішкі менің.

6. Өлең құрылысына талдау:
1. Үш шумақты өлең
2. Төрт тармақты шумақ
3. Үш бунақты шумақ
4. Он бір буынды өлең жолы
5. Қара өлең деп аталатын асқақты ұйқас: (а,а,б,а)

7. Абай мен Сұлтанмахмұт дуэті:
Монитордан Абайдың он жетінші қара сөзінің мәтіні көрсетіліп, Сұлтанмахмұт идеясы мен үндестігін тану.

ІҮ. Ой түйін. «Мен Адаммын!» (Антонимдік ассоциация құру)
- Балалар, әрбір адамның да кемшілігі болуы мүмкін. Алайда, ерік-жігеріміз мықты болса – алмайтын қамал жоқ. Өзіміздің кемшілік-қателерімізді жөндеуге ешқашан да кеш болмайды. Олай болса, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді антонимдік жұпар арқылы топтастырайық:
Ақылды – ақымақ,
Білімді – надан,
Еңбекқор – жалқаут.б.

Ү. Сабақтықорытындылау.
- «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген, балалар. Қандай тілек жақсы?
(Оқушылар жақсы тілектерін ортаға салады)

ҮІ. Сабақтың прологі:
Адамның өміріндегі мақсаты - өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны, жақсы мен жаман ойды ажыратып, тура жолын – әлемдегі өз орнын табу. Абай да: «Сен де біркірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан» - дейді.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңін жаттап келу.
- өлеңге сатылай кешенді алдау жасау
-сөздік жұмыс
-әдебиет теориясын қайталау

ҮІІІ. Бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: препод
Просмотров: 1164 | Загрузок: 36 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика