Суббота, 20.04.2024, 13:05
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Казахский язык и литература

Зергерлік өнер (С)
[ Скачать с сервера (25.7 Kb) ] 28.02.2015, 19:24

Аккошкарова Нурсулу Бултуруковна
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы №25 ЖББОМ
орыс мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Зергерлік өнер
Сабақтың мақсаты: Ертеден келе жатқан қазақ халқының ұлттық дәстүріміздің бір түрі – қолөнерді оқушы қауымға таныстыру.Қолөнердің түрлерін жетілдіру мақсатында,өзіміздің өнерімізді болашақ ұрпаққа қалдыру.

Сабақтың оқушыға қойылатын міндеттері: Білімділік мәтінімен таныстыру,жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, жаңа технологияларды меңгерту.

Дамытушылығы: мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, мәтін бойынша тіл дамыту жұмысын жүргізу, жаңа технология бойынша экран арқылы сөйлету, кластер бойынша сөйлем құрату.

Тәрбиелік мәні: Мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тіліне құрмет пен ынта – ықыласты нығайту, қазақ халқының салт- дәстүрін таныстыру арқылы дамыту, кейінгі ұрпаққа қалдыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын меңгерту. Кластер әдісін пайдалану.Сұрақ-жауап, диференциалдық әдіс.

Пәнаралық байланыс: Әдеп, салт-дәстүр, бейнелеу өнері сабағымен, тарих, география сабақтарымен байланыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар,
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіздерме балалар
-Бүгінгі аптаның нешінші күні?
-Сыныпта кім жоқ?
Мұғалім сөзі:
-Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр.Сондықтан өзіміздің біліміділігімізді көрсете білейік.

II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
-Қандай тапсырма берілді?
-Қазақ халқының қолөнерлерінің түрлері, 4 тапсырма (Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою)
Қане, балалар қолөнер түрлерін кім айтады?
Оқушы: Қазақ халқының қолөнер түрлері: жүн, киіз, зергерлік өнер, өрмек тоқу, кілем тоқу
Мұғалім:-Осы өнерлерді кім жасайды, қандай адамдар жасайды?
Оқушы: -Ол өнерлерді шебер, ұста ісмер, зергер жасайды.
Мұғалім: -Үй тапсырмаларын мынадай сұрақтар қою арқылы пысықтайық.

Мына сұраулы сөйлемдерді оқы.
1.Қолмен түрлі бұйымдаржасайтын өнер түрі қалай аталады?
- Қолмен түрлі бұйымдар жасайтын өнер түрі «Қолөнер» деп аталады.
2.Қолөнердің қандай түрлері бар?
-Қолөнердің түрлері: жүн, киіз, зергерлік өнер, өрмек тоқу, кілем, тоқу.
3.Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды?
-Ағаштан бұйым жасайтын адамды «шебер» деп айтады.
4.Қару-жарақ,ер-тұрман жасаумен шұғылданатын адамды қалай атайды?
- Қару-жарақ, ер-тұрман жасаумен шұғылданатын адамды «ұста» деп атайды.
5Қандай адам ұлттық киімдерді тігумен айналысады?
-«ісмер» адам ұлттық киімдерді тігумен айналысады
6.Зергер деген кім?
-Алтын, күміс металдардан әшекейлер жасайтын адамда «зергер» дейді.

Мәтінді мәнерлеп оқу «Зергерлік өнер»
Тәрбиелік сабақ. Зергерлік бұйымдарды бейнелеу сабағында аппликация түрде жасауды көрсету.

Мұғалім: Инна Анатоьевна Вертененко
Оқушылар сабақта сырға, өңіржиек, шолпы түрлерімен танысып, оларды қағаз бетіне түсіреді.

Сабақтың жалғасы:
Балалар, жаңа ғана қандай тақырыпқа сурет салдыңдар, не үйрендіңдер? Осыған байланысты диалог құрастырайық.
-Сурет сабағында не өттік?
-Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстық.
-Осы суреттер қандай өнер түріне жатады?
-Ол қазақ халқының қолөнері – Зергерлік өнерге жатады.
-Зергерлік бұйымдардың қандай түрлерімен таныстық?
-Шолпы, өңіржиек, алқа, сырға түрлерімен таныстық, олардың суретін салдық.
-Бұл әшекейлер қыздарға, әйелдерге арналған.

Интерактивті тақта бойынша суретте қыз-келіншектің зергерлік әшекейлері көрсетіледі.
-Қазақтың қызы қандай әшекейлер таққан?
-Қазақ қызы кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан.

Сыныптағы жаттығулар: 2-тапсырма. Сөз тіркесін аударыңдар.

Народное прикладное искусство, ювелирное искусство, национальная культура, золотые изделие, делать украшение, Иссыкский курган, одежда Золотого человека, для девушек, кожаная утварь, музыкальные инструменты, Государственный музей.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңдар.

1.Бұл ұлттық өнер мәдениет тарихында өзгеше орын алады.
2.Қазақстанда алтын, күміс, қорғасын, мыс, қалайы металдары өндіріледі.
3.Алтыннан, күмістен түрлі әшекейлер жасалады.
4. «Алтын адамның» киімдері салтанатты, өте бай алтыннан тігілген.
5.Мемлекеттік өнер мұражайында зергерлік бұйымдардың көптеген түрлері бар.

Осы тақырыпқа байланысты деңгейлік тапсырмаларды орындайық

Тапсырмаларды оқушылар орындайды. Олардың білім деңгейлері әр түрлі. ---Балалар, міндетті деңгейден шығармашылық деңгейге жетуіміз керек.

III деңгей
Аудару.
Ювелирное искусство, история культуры, историческое наследие, оловянное ложка, медный самовар, серябряное кольцо.

II деңгей
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыздар.
Зергерлердің аса көп жасайтыны – әйелдердің әшекей бұйымдары.Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне күміс әшекейлермен сәнденеді.

I деңгей
Мазмұнын айтыңдар.
Өткен заманда қолөнерінің түрлерінің бірі зергерлік өнер өзгеше орын алған. Алтын, күміс, қорғасын, мыс, қалайы ертеден өндірілген. Олардың түрін алтын, күміс әшекейлер жасалған, тіпті кіиім тігілген. Алтын адамның бойынан төрт мың алтын бұйым табылды.

4-тапсырма (Жазбаша, көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар)
1.Қазақ жерінде қолөнер жақсы дамыған.
2.Жүннен тоқылған киім жеңіл болады.
3.Киіз төсеніштер ішінде сырмақ түрлері көп.
4.Тұскиіз ұсталған киіз үйдің іші әдемі, сәнді көрінеді.
5.Қоржын - тоқыма бұйым.
6.Гобелен тоқу өнері жас суретшілерді қызықтырады.
7.Қазақ халқының киім үлгіліерін мемелекеттік мұражайдан көруге болады.

Жаңа сабақ.

Қазақ жерінде XVIII-XIX ғасырларда қол өнері, ұлттық дәстүр дамыған өнер тарихынан аян. Тарихтың тереңіне ұңілетін болсақ қолөнер түрі V-IV ғасырларда-ақ дамыған. Оның айғағы Есік обасынан табылған «Алтын адамның» киімі дәлел бола алады.
Мемлекттік Ұлттық өнер мұражайында ашқ түсті текеметтер, қара алтын сырмақтар, тұскиіздер, қошқар мүйіз алашалар, аяққап, ағаштан өрнектелген сандықтар, ат әбзелі – ертоқым , киім – кешектер сақталған, осылардың бәрі сөз жоқ тұрмыстық ажеттіліктен туған. Тіпті киіз үйдің тұтастай іші-сыртын алатын болсақ, қолөнер түріне тұнып-ақ тұр.
Қазақ қолөнерінің басқа түрлеріне қарағанда зергерлік өнердің жасалуындағы бір ерекшелігі- зергерлік ұстаздарынан үйреніп, содан кейін өздері жеке-жеке еңбектенеді.
Бұлардың ішінде әйелге, арналған шолпы, білезік, қапсырма, сақина, жүзік, сырға, түймелер, ер-тұрман әшекей леу ерекше орын алады.

Осы деңгейлік тапсырманы орындап шықтық, енді шығармашылық деңгейге жеткенімізді дәлелдейік. (I деңгейді әр оқушы дәлелдейді, мазмұнын айтады.)

Қорытынды сабақ
Экран арқылы қолөнер шеберлерінің жұмыс сәті:
1.А) Киіз төсеніштер ішінде сырмақ түрлері көп.
Б) Бетіне ою – өрнек түсіріліп әжелер сырмақ жасап жатыр.
В) Сырмақ – әрі жылы, әрі әдемі төсеніш.

2.А) Аңыз бойынша қобызды жасаған Қорқыт ата деседі.
Б) Ал мына суретте қобызды жасап отырған ағаш шебері.
В) Ол шебер әр түрлі музыкалық аспаптарды жасай алады.

3.А) Зергерлік өнерде шеберлер құрал саймандарды өздері жасап пайдаланған.
Б) Олар мыналар: қысқаш, төс, сым тартқыш.
В) Зергерлердің аса көп жасайтыны әйелдердің әшекей бұйымдары.

-Құрметті оқушылар осы жұмысқа қарап ақ мақал-мәтелдерді айтпасқа болмайды. Қазақ халқы мақал-мәтелдерге бай.Оның ішінде әрине өнер, еңбек туралы мақал-мәтелдерді кім көп біледі?
1.Жігітке жеті өнер де аз.
2.Шебердің инесі де, күймесі де – алтын.
3.Алтын балдақ – қол сәні, әшекей кесте тон сәні.
4.Өнер – мінсең ат, ұшсаң қанат, кисең – жанат, ішсең тамақ.
5.Шеберді саусақ асырайды. Шеберді шеге қағысынан таны.
6.Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес.

Ал, енді балалар, зергер жасаған мына әшекей бұйымдар туралы айтып беріңдер.
(Әшекей бұйымдар таратылып беріледі)

Әшекей бұйымда: өңіржиек, сырға, шолпы, білезік, сақина.

Үйге тапсырма.

4 – тапсырма. Берілген сұрау есідіктерін пайдалана отырып, зергерлік бұйымдар туралы 5 - 6 сөйлем құрау.

Бағалау.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: nursulu
Просмотров: 1993 | Загрузок: 40 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика