Среда, 24.04.2024, 07:00
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Химия и биология

фосфор
[ Скачать с сервера (21.6 Kb) ] 09.02.2015, 18:36
Балғабекова Ақмарал Елтайқызы
химия пәнінің мұғалімі
Үлкеншыған орта мектебі
Панфилов ауданы Алматы облысы

Сабақтың тақырыбы: ФОСФОР
Сабақтың мақсаты:
Фосфордың химиялық, биологиялық ерекшеліктері жөнінде ғылыми тұрғыдан түсінік беру.
Сатылай кешенді талдау технологиясын пайдалана отырып оқушылардың біліктілігін, белсенділігін жетілдіру.
Оқушыларды эстетикалық, этнопедагогикалық, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: топтық, жекелей оқыту.
Көрнекілігі: Д.И. Менделеевтің «Периодтық жүйесі», тірек сызбалары, слайдтар, сіріңке, тіс пастасы т.б.
Пәнаралық байланыс: биология, география, информатика, музыка, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа оқушылардың ынта-ықыласын аудару.
ІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ оқу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
Менің сырым әйгілі жария болды бар елге,
Барлық ағзаға енемін, өсімдікке тыңайтқышпен келемін.
Мен кіммін? (баланы киіндіріп шығару)
Фосфор:
1. Таңбасы P(пэ). Фосфорды 1669 жылы неміс химигі Х. Бранд ашқан.
2. Сөзтаным. «Фосфор» грек тілінен аударсақ жарық таратушы деген ұғым береді.
3. Периодтық жүйедегі орны. а. Реттік нөмірі – 15
ё саны – 15
р саны – 15
п саны – 16
ә. Период нөмірі ІІІ, энергетикалық деңгей саны – 3, топ нөмірі – V, негізгі топша элементі, элемент орналасқан топ нөмірі бойынша «5» саны қандай сан? «қасиетті» сан себебі, біздің әдет-ғұрпымызға байланысты сандар оның қасиетті сан екендігін сабақтың қорытынды бөлімінде білеміз.
б. Валенттік электрон саны – 3,5 атом құрылысы

2ё, 8ё, 5ё электрондық графикалық формуласы
1s2, 2s2, 2p6, 3s2, 3p3, 3d0

3d0
3p3
3s2

4. Техника қауіпсіздік ережесі – оталғыш болғандықтан ретсіз тастауға болмайды.
5. Валенттілігі – ІІІ, V. Тотығу дәрежесі: -3, +3, +5, себебі, сыртқы қабаты аяқталуға жақын тұрғандықтан 3ё қосып алып, тотықтырғыш және сыртқы қабатындағы 3ё беру арқылы тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
6. Фосфор: жай зат себебі, оның молекуласы бірдей элемент атомынан тұрады. Жай зат түрінде қандай түр өзгерістері бар екендігі және олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін «Ақбайдың әңгімесін» тыңдай отырып өздерін табасыңдар (музыка ырғағымен әңгіме тыңдалады)
Ақбайдың әңгімесі
Біз негізі үшем жігіттерміз. Мен – Ақбаймын, Қарабай, Қазбек деген ағаларым бар. Біздің түріміз де, мінезіміз де ұқсайды. Менің мінезім нашар, тез тұтанып шыға келем. Өзім улы заттар қоймасында істеймін. Ағаларым маған қарағанда момын. Қарабай – әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді, ал Қазбек сіріңке зауытының директоры. Мен және менің туыстарым кімдер?
Жауабы: Р ақ фосфор
қараңғыда жарық шығарады, оңай тұтанады, улы зат.
қызыл фосфор (Қазбек) сіріңке, шырпы, оттық жасауда
қолданылады.
қара фосфор (Қарабай, әскери адам)
7. Фосфор – Бей Ме себебі, құрылысы молекулалық кеңістік тор құрайды.
8. Кездесуі. а. Қ. Сатпаев «Қазақстанның жері - қазына» деп бекер айтпаған. Қазақстанда Жамбыл облысындағы Қаратау маңында фосфорит кенінің мол қоры бар екені 1935 жылдан белгілі. Ақтөбеде фосфорит кен орнын игеру жоспарланып отыр. Фосфорды өңдейтін завод Таразда. Шымкентте бар.
ә. Адам ағзасында әсіресе көп мөлшерде сүйекте, ми жасушасында және АТФ-та энергия қоры.
б. Жануарлар ағзасында, сүтінде, ми, жүйке ұлпаларында кездеседі.
в. Өсімдік ағзаларында да көп кездеседі. Жануарлар мен адамдар Р-ды өсімдік текті азықтардан алады. Р қосылыстары тіршіліктің барлық зат алмасу үрдісіне қатысады.
9. Қасиеттері. Р – деректі, себебі көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат атауы, деректі болған нәрсе нақты болады.
а. Физикалық қасиеті.

ә. Химиялық қасиеті
4P + 502 → 2P205
2P + 3H2 → 2PH3
3Ca + 2P → Ca3P2
+5 0 -1 +5
5KCl03 + 6P → 5KCl + 3P2O5 (тәжірибе көрсету)
10. Ерекшелігі. Қараңғыда жарық шығарады, өсімдік мүшелерін тез жетілдіреді, тіс және сүйектің мықтылығын қамтамасыз етеді, генетикалық ақпараттың құрамына кіріп тұқым қуалаушылыққа қатысады.
11. Қолданылуы.
Р тыңайтқыш ретінде
фармацевтика (дәрі-дәрмек, тіс пастасы)
сіріңке өндірісінде
органикалық химияда – өршіткіш
жарылғыш заттар жасауда
12. Маңызды түйін. Пайдасы – әртүрлі салада қолданылады.
Зияны – ақ фосфор улы болғандықтан мектеп
лабораториясында мүлдем қолданылмайды.
13. Қорытынды.
Р – тіршілік тірегі, себебі ата-ананың белгісін ұрпаққа жеткізеді
Р – ақыл-ой элементі, себебі мидың жасушаларында көп мөлшерде болады.
«5» санының қасиетті екендігін қорытынды түрінде дәлелдедік.
14. Тест тапсырмалары:
15. Шығармашылық жұмыс «Сен білесің бе?»
Сүйектен алған тыңайтқыш
Тыңайтқышты қолдан жасауға болады. Суперфосфат тыңайтқышын жасау үшін сүйекті отқа жағамыз (органикалық қосылыстары түгел жанып кетуі керек). Сосын сүйектің таза ақ бөлігін ұнтақтаймыз. 50г сүйек ұнтағын 3-5 бор ұнтағына араластырып қоспаны таза ыдысқа саламыз, оған 20г 70% H2SO4 ерітіндісін қосамыз. Суға қышқылды абайлап таяқшамен араластыра отырып құямыз. Қоспа қызыл, қоймалжың болады. Бір сағаттан соң ақ ұнтаққа айналады.
Фосфорит алу үшін сүйек ұнын алынған суперфосфаттан аздап алып, оларды әртүрлі суы бар ыдыстарға саламыз. Суперфосфат гидролизденеді, көлемі ұлғайып бірнеше сағаттан соң түбіне шөгеді.
Категория: Химия и биология | Добавил: shakhiii
Просмотров: 1359 | Загрузок: 39 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика