Суббота, 20.04.2024, 08:31
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Химия и биология

Жасушаның бөлінуі.Митоз
[ Скачать с сервера (1.06 Mb) ] 14.10.2014, 12:34

Қызылорда қаласы.   

Ембергенова Динара Бақытбекқызы,

№261 орта мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі

 

Пәні:Биология

Сыныбы:8 б

Тақырыбы: Жасушаның бөлінуі.Митоз

Мақсаты:

Білімділік:Жасушаның бөліну   жолдарымен таныстыру.                                    

Дамытушылық: Жасушаның бөліну жолдары мен фазаларын қарастыру арқылы білім алушылардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік:Жасушаның бөлінуі тірі ағзалар үшін маңызды екеніне көз жеткізу

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ типі:Жаңа сабақты меңгерту

Әдістері:Сын тұрғысынан ойлау,сұрақ-жаүап,дидактикалық тапсырма,топтастыру,деңгейлік тапсырма,

Көрнекілігі: Мульимедиялық тақта,сүреттер,бағалау парағы,дидактикалық тапсырмалар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,сабаққа назарын аудару,топқа бөліп,бағалау парағын тарату)

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Бекіту

5. Бағалау

6. Үйге тапсырма беру

І кезең.  Топ басшылары өздерін таныстырады.

І топ “Алғырлар”
Ұраны: “Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.”
ІІ топ “Тапқырлар”
Ұраны: “Шешеннің сөзі өткір, тапқырдың ойы ұшқыр”
ІІІ топ “Зеректер”
Ұраны “Ақыл азбайды,білім тозбайды”

 

ІІ кезең. Ой қозғау.  Лездік сұрақтар

  1.Жасуша дегеніміз.................

  2.Жасушаны зерттейтін ғылым..................

  3.Жасушаны алғаш ашқан ғалым.....................

  4.Жасуша теориясының авторы.....................

  5.Алғашқы өсімдік жасушасының ядросын ашқан ғалым.........

  6.Жасушаның бөлінуіне қатысатын органоидты ата.........................

  7.Ядросыз жасушалы организмдер.....................

  8. Ядролы жасушалы организмдер.......................

  9.Жасушаны көретін құрал.............................

 10.Жасуша орталығы.............................

 11.Жасушаның химиялық құрамына қандай заттар кіреді.

 12.Нуклеин қышқылдары нешеге бөлінеді,қандай элемент

 13.Нәруыздың құрамында қанша аминқышқылы бар

 14.Майлар жасушада қандай қызмет атқарады

 15.Көмірсу деп аталу себебі неде 

Өсімдік және жануар жасушаларын салыстыру.

 

ІІІ кезең.  Жаңа сабақты түсіндіру. “Көсемдікке ұмтылу”

                                                     Жасушаның бөлінуі

                                                                    

 

 

       Митоз                                               Амитоз                                        Мейоз

күрделі бөліну                                        тікелей бөліну                           күрделі бөліну

(дене жасушаларында жүреді)           (қарапайымдарда)                    (жыныс жасушалары)

 

Үш кезеңнен тұрады:

1.Ядроның бөлінуі-кариокинез

2.Цитоплазманыңбөлінуі-цитокинез

3.Бөлінуге дайындық-интерфаза

  И     К           Синтез алдындағы кезең-G1 – жасуша бөлінуіне қажетті нуклеотиттер,

  Н     Е                                                      аминқышқылдары, ферменттер,  АТФ молекуласы       

  Т      З                                                         т.б. заттар күші қарқынмен жинақталады.   

  Е      Е           Синтез кезеңі-S –     ДНҚ молекуласы синтезделіп, саны екі        

  Р      Ң                                               есеартады,синтез кезеңінде РНҚ, нәруыз молекуласы  

 Ф      Д                                               көп  мөлшерде синтезделеді.Хромосомалар екі  

 А      Е                                                еселенеді, әрқайсысы екі бөліктен тұрады, олар - 

 З       Р                                                хроматидалар деп аталады.

 А      І            Синтезден кейіңгі кезең-G2  − ДНҚ мөлшері өзгермейді. РНҚ,нәруыз

                                                                       синтезделуі жалғаса береді.Энергия             

                                                                       жинақталады- ол митозға жұмсалады.

     Интер фазада тұқым қуалаушылықпен тығыз байланысты мынадай  процестер жүзеге асырылады.

 а) генетикалық материал өздігінен екі еселенеді;

 б) екі еселенуге байланысты жаңа пайда болған ДНҚ молекуласының ескі ДНҚ молекуласының көшірмесіне айналады.

Митоз (кариокинез) – ядроның бөлінуі.

 5-фазадан тұрады

 1-фаза - профаза

 2-фаза - прометафаза

 3-фаза - метафаза

 4-фаза - анафаза

 5-фаза – телофаза

Профаза –интерфазада екі еселенген хромосомалар жіңішке жіпше пішінге келіп тығыздалады,жуандайды,тұрқы қысқарады.Хромосомалар екі жіпшеден, хроматидалардан тұрады.Екі еселенген хромосомалардың шоғырлануына

байланысты ядрошық жойылады. Цитоплазмадағы түйіршікті ЭПТ-дың ыдырауына байланысты нәруыз синтезі әлсірейді.Центриольдер екі еселеніп, полюстерге тартыла бастайды.

 Прометафаза- ядро қабығы ериді ,кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді. Екі еселенген хроматидалар бейберекет таралады.Хромосомалардың жасуша экваторына қозғалуы басталады.

 Метафаза-хромосома қабықшасы байқалады және телофазаға дейін сақталады. Хромосомалардың барлығы экваторға жинақталып,ахроматин жіпшесіне жабысады. Ахроматин жіпшесіне бекінген хроматидалар жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды.

 Анафаза- хроматин жіпшесіне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап ,жеке  хромосомаларға айналады. Хромосомалар жасушаның екі жақ полюсіне тез жылжиды. Ахроматин жіпшелері қысқарады.Осының барлығына АТФ энергиясы жұмсалады.Хромосома шиыршығы жазылып,ұзарып, жіңішкереді.

 Телофаза- профазаға қарама-қарсы процестер жүреді. Хромосомалар полюстерге жетіп,олардың жылжуы тоқталады. Хромосомалар дұрыс пішінін жоғалтып, жіпшеге айналып шумақталады.Ядро қабықшасы түзіліп,ядрошықтар қалпынакеледі.Ядрошықтың маңайында РНҚ және нәруыздардың мөлшері көбейеді. Ең соңында цитоплазма бөлініп,екі жас жасуша пайда болады.

    Оны цитокинез деп атайды.

                                          Амитоз
              - Хромосомаларда құрылымдық өзгерістер байқалмайды.
            -Ахроматин жіпшелері пайда болмай-ақ, бірден ядро екіге бөлінеді.
            Мысалы: картоптың крахмал түзетін жасушалары,
            қарапайымдарда
            регенерацияланып жатқан бұлшық ет жасушаларында.
            Амитоз жолмен бөлінуін 1841 жылы Ремак анықтаған.

Хромосомалардың саны

Митоздың барлық фазасында негізгі ролді хромосомалар атқарады
Әр фазада хромосомалардың құрылысы өзгеріп отырады
Бір түр екінші түрдің хромосомалардың санына байланысты ажыратылады
Хромосома сол түрдің белгілі қасиеттерін сақтай отырып тұқым қуалаушылықтың генетикалық ақпаратын береді.

ДНҚ-ның екі еселену кезінде тең екіге бөлінудің негізінде,әр түр өзіне ұқсас ұрпақ беріп,түр тұрақты сақталып отырады.

Хромосомалардың толық жиынтығы диплоидті,оның жартысын гаплоидті деп атайды.

    Адам хромосомасының диплоидті жиынтығы-46

                                                    гаплоидті жиынтығы-23

 оның 22 жұбы аутосомалық хромосомалар, ал 1 жұбы жыныстық хромосомалар деп  аталады.

ІҮкезең. Тақырыпты қорытындылау. “Кім зерек”

                                                         1-деңгейлік тапсырма

   1. Жасуша циклы дегеніміз не?

      __________________________________________________________________________

     

   2. Мүлде бөлінбейтін  қандай жасуша?

     ___________________________________________________________________________

        

  3. Интерфаза дегеніміз не?

     ___________________________________________________________________________

    

  4. Жасуша циклының ұзақтығы неге байланысты?

     ___________________________________________________________________________

  

  5. Митоз қандай жасушаларда жүреді?

     ___________________________________________________________________________

  6. Мейоз қандай жасушаларда жүреді?               

     _________________________________________________________________________

  7. Амитоз қандай жасушаларда жүреді?

     ___________________________________________________________________________

 

                                      2-деңгейлік тапсырма

Митоздың фазаларын ретімен орналастыр.

                    

                                     3-деңгей тапсырмалары
                      Дидактикалық тапсырмаларды орындау

2- және 3- суреттерде қандай организмнің жасушалары берілген? Қандай фазалар бейнеленген?
1- суретте бейнеленген хромосома қай кезеңге тән?
4- суретте қандай фаза бейнеленген? Ол фазада қандай процестер жүріп жатыр?
5- суретте қандай фаза берілген, сипаттама беріңдер

 

 

                                        Биологиялық диктант

       Интерфазаның S кезеңінде ______________ молекуласы синтезделіп,

оның саны ______________ артады. Хромосомалар екі еселеніп,

әрқайсысы ______________ бөліктен тұрады, оларды ______________ деп атайды.

 G2 кезеңінде ______________ мен ______________ синтезделу

жалғаса береді. Митоздың профазасында ______________ жойылып,

центриольдер екі ______________, ______________ қарай тартыла

бастайды. Прометафазада ____________ ______________ еріп,

______________ мен ______________ араласып

кетеді. Метафазада хромосомалар ______________ жазықтығына

жиналып, әрқайсысы ______________ жіпшесіне жабысады. Анафазада

хроматин жіпшелеріне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап, жеке

______________ айналады. Телофазада ______________ қарама-қарсы

процестер жүріп, екі жас жасуша пайда болады, ол ______________ деп

аталады.

Ү.  Бағалау

ҮІ. Үй  тапсырмасы.

Жасушаның бөлінуі.Митоз

 Кестені толтыру.

Фазаның атауы

Хромосомалардың өзгерістері

Жасушада болатын басқа өзгерістер

 

 

 

 

 

 

Категория: Химия и биология | Добавил: Kairat
Просмотров: 12510 | Загрузок: 252 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика