Пятница, 29.03.2024, 04:31
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Начальная школа

Сан есім
[ Скачать с сервера (98.0 Kb) ] 27.01.2015, 17:42

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

Аягөз қаласы

«К.Бозтаев атындағы жалпы

білім беретін орта мектеп» КММ

Бастауыш кластар мұғалімі:

Қызжанова Гүлия Каримовна

 

Қазақ тілі

 

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

    Оқушылардың сан есім туралы алған білімдерін кеңейту, бір жүйеге келтіріп қорыту.

    Сөз таптары туралы ой-өрісін дамыту. Оқушылардың байқағыштық, тапқырлық, жылдамдық қасиеттерін қалыптастыру.

    Өз тілін сүюге, қатесіз көркем жазуға, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Әлемнің жеті кереметтерінің суреттері. Тірек-сызба, ережелер.

ТСО:  Интерактивті тақта.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, пікірлесу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

 

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан ерекше болмақ.

  1. Қазақ тілі бала тілім

Өзің барда шалқыдым.

Тілімнен нәр табармын,

Тілімнен кім табар мін?! – дей келе қазақ тілі сабағын бастайық.

Оқушыларды үш топқа бөліп, саяхат сабақ болатынын түсіндіру.

Топ басшыларын, сайлау, бағалау парағын беру.

  • Үшақпен саяхат жасасақ алысқа барамыз ба, жақынға барамыз ба?
  • Ия, өте алыс, шеш елдерге барамыз.

Ондай болса ең алдымен ойымызды жинақтап, дәптерді ашып бүгінгі күнді әдемі етіп жазайық.

Көркем жазу сәті: Мен сандарды цифрлармен жазамын, сендер оны сөзбен жазып алыңдар: 7, 17, 27

Жазған сандарды талдау тапсырылады. Мысалы, 7-дара сан, 17-күрделі сан.

 

Негізгі бөлім.

Саяхат әлемнің жеті кереметін тамашалау болып табылады. «Әлемнің жеті кереметі» дегенді алғаш қандай пәнен таныстыңдар?

Әлемнің жеті кереметі туралы оқушылардың білетіндерін ортаға салу.

  • Сабағымыздың тағы қандай пәнмен байланысы бар деп ойлайсыңдар?
  • Математика

Танымдық қабілеттерін ояту үшін қойылатын сұрақтар: Әлемнің жеті кереметінің сабақ тақырыбына қандай байланысы бар? Жеті киелі сан дегенді естігендерің бар ма?

  • Әлемнің жет кереметі неге кереметтер қатарына ілінген деп ойлайсыңдар?
  • Біктігіне, өлшеміне, мөлшеріне, қашықтығына байланысты.  
  • Бұл аталғандарды немен анықтаймыз?
  • Санмен.
  • Саяхат жасауда кереметтер жайлы толық білеміз, ол үшін әр түрлі тапсырмаларды да орындауымыз керек.

 

  1. «Хеопс пирамидасы» Биіктігі 147метр. Осының ішінде қандай сан есім кездеседі? Ол қандай сан есім? Ережені сұрау. (Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз)

 

Сан есім туралы оқушылардың білімдерін топтастыру.

1- сұрақтары:      

2- түрлері:

2. «Семирамиданың аспалы бағы» Биіктігі алты қабат үйдей. Жұмыс істеген құлдардың саны жүзден асады.

Сан есімнің қандай түрлері кездесті?

Кітаппен жұмыс. 609-жаттығу. (ауызша талдау, жұмбақты оқып шешуін табу, сан есімді тауып талдау.)

   Бес ін

   Бес іннің аузы бір ін.   (Қолғап) 

Әр топ оқушыларына сан есім қатыстырып жұмбақ құрастыру тапсырылады. 

 

3. «Александрия мұнарасы» 327-жылы салынған, мұнара басында 100 шақырым қашықтықтан көрінетін шырағы болған. Аталған сан емісдерге талдау жасау.

Тақтамен жұмыс. 612-жаттығу. (Сан есімдерден қос сөз жасау, алдыңғы сөзден қандай айырмашылығы барын анықтау.)

Бес-бестен, Онбес-он бестен, отыз-отыздан, қырық-қырықтан, екі-екіден, бір-бірден. (Алдыңғы сөз қайталану арқылы жасалған қос сөздер)

 

4. «Зевс мүсіні» Биіктігі 14 метрге жетеді.

Сергіту сәті. «Брейнг -  ринг»

611-жаттығу. Мақалды жатқа жазу.

Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.

Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы. (күн мен түн)

Мағынасын түсіндіріп сан есімді табу.

 

5. «Галикарнас кесенесі» Биіктігі 60метр. Ең төбесінде төрт ат бейнеленген.  Сан есімдерге талдау жасауды тапсыру.

610-жаттығу. Өздік жұмыс. (өлеңді оқып, сан есімдерді тауып, талдау жасау.)

Күн де батты қиырға,

Күміс бердім сиырға.

Қосса он бесті он беске

Болады екен жиырма.

6. «Родос алыбы» Биіктігі 36метр. Сан есімдерді тауып, талдау жасау тапсырылады. Бағанадан бері сендер қандай сандарды айттыңдар? Сол сандарды есептік сан есімге айналдыру тапсырылады.  327, 14, 60.

7. «Артемиданың ғибадатханасы»

Ғибадатхана ағаш пен тастан шаршы үлгімен тұрғызылып, айналдыра екі қатар 127 бағаннан тұратынтізбектермен қоршалған.  Осында кездескен сан есімге талдау жасау тапсырылады.

 

Қорытынды бөлім.

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?
  • Қандай жерлерге саяхат жасадық?
  • Сан есім туралы не білдіңдер?

Әр қатардың топ жетекшілеріне бағалау тапсырылады.

Үйге тапсырам беру. 612-жаттығу.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әли Ысқабаев 777 Жұмбақ Алматы - 2002 ж

2. http://kk.wikipedia.org/

Категория: Начальная школа | Добавил: Kairat
Просмотров: 1281 | Загрузок: 45 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика