Среда, 24.04.2024, 04:17
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Презентации

Бояулар химиясы
[ · Скачать удаленно (2.9 MB) ] 14.01.2015, 11:50

Ғабит Сарбаев атындағы ОЖББМ- балабақша

БҚО Жәнібек ауданы Талов ауылы

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Исмагулова Алима Кикбайқызы

Химия пәнінің мұғалімі: Қонысбаева Гүлнар Зайнуллақызы

 

Тақырыбы: Бояулар химиясы

Бинарлық сабақ

Мақсат: Көркемдік материалдар мен оның химиялық құрамының кең спектрін көрсету арқылы химия мен бейнелеу өнері пәндерінің байланысын көруге мүмкіндік беру.

Міндеттері:

  • Оқушыларда әлем суретінің біртұтастығын қалыптастыру;
  • Оқушыларды әр түрлі көркемдік құралдармен және олардың химиялық құрамымен таныстыру;
  • Бейнелеу өнерімен химия пәндерін үйренуге танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру;
  • Оқушылар үшін жаңа техника – ылғалды кескіндемені орындауды үйрету.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың көркем құралдары туралы білімдері кенейеді;
  • Оқушыларды түрлі көркемдік құралдардың химиялық құрамымен танысады;
  • Акварель бояуымен ылғалды техникада жұмыс жасауды үйренеді.

Құралдары:

  • Әр түрлі құралдарымен орындалған кескіндемелер: жай қарындаш, акварель, гуашь, майлы бояу, темпера, акрил, пастель, сангина, соус, сепия;
  • Химикалық формулалармен түпнұсқалар;
  • Көркемдік материалдар: акварель, гуашь, сурет пен кескіндемеге арналған құралдар, бояулар;
  • Д. И. Менделеевтің химиялық элементтер кестесі;
  • Ылғалды техниканы орындауға арналған құралдар;

 

Дайындалу кезеңі:

  • Сабақ алдында тақта дайындалады (көрнекі құралдар мен химиялық формулалар). Тақтаның безендірілуімен мұғалімнің сабақтағы барлық жұмысы байланысты
  • Екі оқушы ежелгі адамдардың кейіпіне еніп, көмірмен сурет салуға дайындалады.
  • Қағазбен мұғалім үңгір қабырғасын дайындайды.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Жана тақырыбын түсіндіру

Бейнелеу өнері мұғалімі: Бүгін біз «Бояулар химиясы» атты бинарлық сабақ өткіземіз. Осы уақытқа дейін бояулармен жұмыс жасауды үйреніп, олардың кейбір түрлерімен таныстыңыз. Бейнелеу өнерінің қандай түрлері болады, қандай жағдайда қандай бояуларды пайдалануға болатынын білесіз, бірақ бүгін біз сіз білмейтін бояулардың құпиясын ашып, химиялық құрамдарымен таныстырамыз. «Бояулар химиясы» тақырыбында өткізгелі отырған бинарлық сабағымыздын мақсаттарымен танысып өтейік.

Сабағымыз жаңалықтарға толы болмақ! Біз сабақта екі түрлі пәннің – химия мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланысты көрсетуге тырысамыз.

Әсіресе, химиялық элементтердің формуласындағы түрлі бояуларға көбірек назар аударыңыз және нақты заңдылықтарды табыңыз, сабақ соңында қорытынды жасау кезінде сіз тұжырымдауыңыз қажет.. Осы тақырыбты пысықтау үшін арнайы ізденіс тобы құрылған болатын ендеше сол оқушыларымызды ортаға шақырайық \Оқушылар бояулардын турлерімен таныстырады, химия пәнінің мұғалімі деректермен толықтырады\

Оқушы: Құрметті сыныптастар!

Осыдан 30 мың жыл бұрын өмір сүрген ежелгі адамның тұрмыс тіршілігін елестетіп қараңызшы ,Айналада жабайы хайуандар,дұшпандар, түсініксіз табиғат құбылыстары. Ол үңгірде тұрады. Суықтан аңдардың терісіне оранады. Басты міндет: қажытатын және қауіпті аңшылықтан өз рызығын табу. Қару-жарақтары өте қарапайым. Оның өзі де өте қарапайым: әлем туралы да, өзі туралы да ештеңе білмейді. Тілі де әлі дамымаған

  Осындай жағдайда жартасқа сурет салуға оны не итермеледі? Үңгір қабырғаларындағы ең көне бейнелер: безберекетсіз толқынды сызықтар және бармақтардың таңбалары. XIX ғасыр ғалымдары үңгір бейнелеу өнерінің нақтылығы мен түрлілігіне таңқалды. Неліктен үңгірдегі бейнелер? Өйткені, үңгір қабырғалары адам нанғысыз суреттермен толыққан, оларда түрлі жануарлардың суреттері бейнеленген: бұғылар, жылқылар, сиырлар, жабайы өгіздер. Қазіргі танда бұл суреттерді петроглифтер деп атаймыз Сонымен біз бастаймыз. Ежелгі бояулардын бірі көмір туралы Толқын айтып береді

Оқушы:  Алғашқы жабайы суретшілер немен сурет салды?... Әрине көмірмен.Көмір сурет үшін ең көне және қарапайым материал болып табылады.Оның таяқшалары түрлі форма мен қалыңдықта болады. Олардан басқа көмірден жасалған ұштары топырақпен араласқан қарындаштар бар. Олар мықты және көмір таяқшаларына қарағанда анық сызықтар жасауға мүмкіндік береді. Көмір алдын ала суреттер жасау үшін жиі қолданылады.

Көмірмен жұмыс жасау кезінде түрлі техникалар қолдануға болады: айқасқан штрихтар, саусақпен жағу. Көмір басқа материалдармен жақсы байланысады, әсіресе ақ, күлгін бормен, сепиямен және сангинамен. Және көне құралдардын тағы бірі ол графитті карандаш Қарындашпен сызықтар және штрихтар салуға болады. Графикалық құралдардын бірі

 

Химия пәні мұғалімі: Графитті қарындаш өзекті, ағаш қабықты болады. Үлкен көлемді жерлерді бояуға көбінесе графитті ұнтақтар қолданады. Ол қара емес, металды- сұр түс береді. Графиттіқарындаштар 16 ғасырдан белгілі. Ағаш қабықты графитті ұнтақтан жасалған қарындаштар 18 ғасырдың аяғында 19 ғасырдың басында пайда болды. Бірақ графиттіқарындаштардың 2 елеулі кемшіліктері болады: олар саусақтарды бүлдіреді және тез сынады. 18 ғасырдың аяғында чех И. Гартмут қарындашқа желі жасай бастады. Заманауи қарындаштардың құрамды бөліктері: графит, саз, күйе, қос тотықты титан, ағаш көмір, балауыз - монтан, гипс, крахмал.

Оқушы: Келесі құрал - гуашь Гуашь өте тез кебеді, және бір сағаттан кейін жұмыс құрғақ болады. Кепкен бояулар жайлы күңгірт, барқыт тәрізді қабаты болады. Гуашты жабық ыдыста, салқыннан сақтап, кептірмей ұстау керек. Егер бояу кеуіп кеткен болса, оны желім ертіндісін немесе суды құйып қою керек. Гуашь - техникада өте жиі қолданылатын материал. Гуашь көбіне пастельмен қолданылады, боялған үстіңгі қабаты кепкен кезде кедір- бұдыр болады, ал пастельдің бөлшектері, бордың, көмірдің бөлшегі сияқты онымен тіркеседі.

Химия пәні мұғалімі: Гуашь плакатты және көркемдік болады, және плакатты гуашь анағұрлым ашық келеді. Гуашь,акварель сияқты сумен араласады. Егер гуашь жаңа және қаймақ тәрізді күйін жоймаса, аз ғана сумен араластырған дұрыс. Әйтпесе бояу кепкен кезде тегіс жатпайды және көптеген лас дақтар пайда болады. Гуаштың құрамына көптеген түрлі компоненттер - гуммиарабик, глицерин, майлар, фенол.

 

Оқушы: Майлы бояулар өте жай кебеді.Ол ерекше иілгіш қасиетке ие. Бояуды езу үшін зығыр майын қолданады. Сонымен қатар майлы бояулармен жұмыс барысында түзетулерді оңай пайдалануға болады. Маймен кез- келген негізге сурет салуға болады:кенепке, ағашқа, металлға, қағазға. Кенеп алдын ала грунталады. Бояуды жұқа қабатпен жағады. Майлы бояулар 100-120 жылдарға дейін сақталады , содан кейін ғана жарылып, кенептен түсіп қалуы мүмкін

Химия пәні мұғалімі: Кескіндеме үшін майлы бояудың ең тиімді түрі болып табылады. Ол түрлі техникада жұмыс жасауға мүмкіндік береді, бояудың түсі өзгермейді. Майлы бояулар түрлі түсті пигменттерден тұрады. Майлы бояулар: мырышты, қорғасынды, титанды, кадмилі, хромоды болады және т.б.

 

Химия пәні мұғалімі: Темперлі бояулар құрамы түрлі болады, оның құрамына түрлі-түсті дақтармен қатар байланыстыратын эмульсия енеді.Байланыстыратын эмульсияның түріне көптеген темпердің құрамы байланысты болып келеді.Табиғатта темперлік эмулсия ретінде қолданылатын көптеген табиғи өнімдер кездеседі. Олар сүт, жұмыртқаның сарысы, кейбір өсімдіктер шырыны. Қазіргі уақытта ең көп тарағаны жұмырқалы, казеинді, гуммиарабикті, темперлі бояулар. Олар сақталу кезінде өте қырсық келеді, қабыршақтанады, қоюланады, шірейді. Және олар суықтан, аяздан қорқады.

Химия пәні мұғалімі:Акрилді бояулар кәсіптік жұмыстарға өте қолайлы, кепкеннен кейін олар суға төзімді қабыққа айналады. Бояулар салыстырмалы айтсақ таяуда пайда болды, олар жоғарғы концентратты акрилді қара майдың уланбаған ертіндісі болып табылады. Олар сұйық акварелді бояумен салыстырғанда өте көп артықшылыққа ие. Біріншіден, олар өте тез кебеді, сондықтан қағаз оны жаққан кезде жиырылмайды. Екіншіден, акрилді бояулар өте мықты және суға төзімді, олардың түстері өзгермейді. Құрамы: синтетикалық желім, латексті желім.

Химия пәні мұғалімі:Сангина –бұл қызыл түстес реңді таяқша, суретке арналған классикалық материалдар. Сурет салу техникасы Қайта даму дәуірінен белгілі. Құрамы: каолин жәнетемір оксидтері .

 

Химия пәні мұғалімі: Пастель сөзі италиянша "пастелло" –сөзінен шыққан. Пастель қатты қағаз бен целофанға оралған жиынтық, түрлі-түсті, көбінесе нәзік реңді түстер болады. Пастель құрамына көптеген элементтер енеді. Қоспалы заттар орнына өрік немесе шие желімі, сүт, қамыр, бор қолданады.Пастель құрамына енген бор оған нәзік рең береді. Қоспалы заттар түріне оның сапасы мен қаттылығы байлансты болады.

 

 

 

Оқушы: Ал қазір біз көркемдік материалдармен танысуды жалғастырамыз. Әрбір бояудың өзіндік беделі мен кемшіліктері бар.  Олардың бір-біріне ұқсамайтын сапасы мен кебу уақыты болады. Бояулар дайын шығармаға түрлі сыртқы кейіп береді. Сонымен бірге, бейненің сақталу ұзақтығы бояу түріне байланысты. Сондықтан суретші бояудың сапасы мен түрлеріне қарай өзінің жұмысына өзі қажетті бояу түрін таңдайды.

 

Химия пәні мұғалімі: Акварель –бұл сулы мөлдір бояу. "Акварель" латын тілінен аударғанда "AQUA" –су дегенді білдіреді. Бірақ су акварель кескіндемесіне–тек сұйылтқыш ретінде қосылады. Бұл бояулар мызғымас пигменттерден (бояғыштардан) және байламалы қоспалардан жасалынады. Құрамы: түссіз желім - гуммиарабик; глицерин, қант (иілгіштік, ылғалды ұстайды); өгіз өті (бояу тамшыламайды); фенол (зең баспайды) [1].

Балнұр: Қолданыста ғажайып бейнелеу құрамы бар жай бояулар кездеседі. Осындай бояуларға акварель жатады. Олар жаңа бастаған суретшілерге және оқулық суреттер орындауға өте тиімді. Акварель техникасы өзінің жеке күрделілігімен ерекшелінеді, себебі оны түзету мүмкін емес. Суретші қажетті нәтижеге жетуі үшін бояуға қосатын судың мөлшерін нақты білуі тиіс.Бірінші ашық түстар таңдалады, соңынан қара түстер.Өте көп қолданылатын акварель техникалары келесілер: сумен жаю, «құрғақтай» және «ылғалды».

Видеороликті көру

Бейнелеу өнері мұғалімі: Қазір біз жаңа техникада елестету арқылы акварелмен жұмыс жасап үйренеміз. Сіздің алдарыңыздағы оқу құралдарын зейін салынызшы, біздерге керегі ақ қағаз керілген планшет, ыдыс пен су және губкамен қылқаламдар . Елестеген пейзажды екі кезенде орындауға болады. Сурет акварелмен суланған қағазда орындалады. Біріншіден жәй қарандашпен сюжетін салып шығамыз мысалға ол күзгі пейзаж болсын дейік таза бояуларды қорықпай алып табиғат көрінісінің түстерін келтіреміз. Содан кейін кебуге уақыт береміз. Екінші кезенде нақтылап ұсақ элементтерді енгіземіз. Мысалға теректердің бұтақтары, ұшып бара жатқан құстар

\Жай классикалық әуен жіберіледі. \

3.Практикалық жұмыс. Жазықтықта бейнелеу

 

4.Көрме. Өз бетімдік жұмыс аяқталғаннан кейін барлық жұмыстар тақтаға ілінеді. Барлық жұмыстар бағаланады.

 

5.Қорытынды.

Химия пәні мұғалімі:Химия мен бейнелеу өнері арасында байланыс бар ма? Түрлі көркем материалдарда қандай химиялық элементтер жиі кездеседі?

Жауабы:Түрлі материалдар мен техникалар суретке көркем мән береді. Әрбір бейнелеу материалының өзіндік ерекшелігі болады. Олардың ішінде жақсысы мен жаманы болмайды. Тек әрбір шығармаға қажеттісін таңдай білу қажет.

Бейнелеу өнері мұғалімі: Қандай көркемдік материалдарды кескіндемеге жатқызуға болады?Ал графикалыққа?

Химия пәні мұғалімі: Біз бүгін екі түрлі пәннің арасындағы байланысты көрсетуге тырыстық. Және олардың арасында байланыс барын байқадық.

Нәтижесі: Мақсаттары мен міндеттері жүзеге асты. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Практикалық жұмыстар кезінде оқушылар пастельмен тапсырманы жақсы орындады және жаңа техникамен жұмыс жасауды үйренді. Сабақ соңында суреттер көрмесі жасалынды. Сабақ барысында оқушылар белсенді болды және қызыға қатысты.

Әдебиеттер:

 

1.

2.

3.

Категория: Презентации | Добавил: Megaberish
Просмотров: 2301 | Загрузок: 343 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика