Вторник, 16.04.2024, 18:09
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Внеклассная работа

Тіл білгірлері
05.11.2014, 15:18

Акмолинская область

Бурабайский район

Школа №6 города Щучинска

Пән: қазақ тілі

Мұғалім: Алдабергенова Анар Молдахметқызы

Сынып: 9-10

«Тіл білгірлері» сайысы
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.Өзге ұлттың тілін, әдебиетін, мәдениетін құрметтей білу сезімі дамыған дара тұлға даярлау.
Сайыс барысында қолданылатын көрнекі құралдыр, музыка.
Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде Қазақстан халықтарының «Тілдер күніне» арналған он күндік жалғасуда.Бүгінгі 9-10 сыныптар арасында өтетін «Тіл білгірі» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бүгін 9-10 сынып оқушыларының арасында өтетін білім сайысының жеңімпазын анықтау үшін 5 турдан тұратын ойынымызды көріп тамашалайсыздар.
Жүргізуші: Ал халайық, халайық!
Енді бермен қарайық.
Тілдер күніне арналған
Кешімізді бастайық.
Жүргізуші:Енді қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Бірінші топ - 9 сынып оқушылары. Екінші топ – 10 сынып оқушылары.(топтың аты, қолбасшылары болу қажет)
Жүргізуші:
Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін, зеректіктерін байқап, бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. (әділқазылар алқасымен таныстыру)
Жүргізуші: Ойынымыздың бірінші туры «Тіл» сөзіне ассоциация беру. Әр топтан бір баладан шығып, өз тобының айтқан сөзін, не өз сөзін кезекпен тақтаға жазады. Мысалы:
1 топ 2 топ

Қазақ тілі Мемлекеттік тіл
Әдеби тіл Қызыл тіл
Бай тіл Көркем тіл
Қиын тіл Шет тілі
Халық тілі Ортақ тіл
Халықаралық тіл Өткір тіл
Бала тілі Ұлттық тіл


Екінші тур «Бәйге». Сұрақтар беріледі,осы сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек. Кім бірінші қолын көтереді, сол оқушы жауап береді.
Сұрақтар: 1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?Түркі тілдер тобына
2. Тіл дегеніміз не?(адам қатынасының аса маңызды құралы)
3. Тіл туралы 3 мақал-мәтел айт.
4. Заттың түсін білдіретін сөздерден басталатын қала атаулары.(Қызылжар,Қарағанды,Ақтау,Көкшетау,Ақтөбе)
5. Елтаңбаның авторларын атаңдар.(Жандарбек Мәлібеков,Шотаман Уалиханов)
6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» - деп Ата Заңның нешінші бабында жазылған. (4 бап)
7. Қандай бөшкеге су құюға болмайды?(Іші толы бөшкеге)
8. Қандай туыстық атауларды білесің?
9. Ұлттық киімдерді атап бер.
10. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
Жүргізуші: үшінші тур «Полиглот». Бұл ойында мақал – мәтелдерде түсіп қалған сөздерді тауып, үш тілдегі баламасын айтады. (орыс,ағылшын,қазақ)
Мақалдарды аяқтап, сөздерді орысшаға, ағылшын тіліне аудар.
I-топ сұрақтары
1. Жүздің көркі – көз, ауыз көркі - ...... (сөз, слово,
2. Тамшы тас жарады, тас жармаса ...... (бас,
3. Өнер алды – қызыл ......... (тіл,
4. Жақсы байқап сөйлер, .......... шайқап сөйлер. (жаман,
5. Ана сүті бой өсіреді, ........... ой өсіреді (ана тілі,
6. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ....... боларсың (шешен, ..
7. Көп сөз күміс, аз сөз ....... (алтын, .........
8. Мектеп – кеме, білім - ....... (теңіз, море, sea ...
9. Денсаулық – зор ........ (байлық, богатство, .
10. Білім сандығы - ......... (кітап,
II-топ сұрақтары
11. Әдепті бала – арлы бала, ........... бала – сорлы бала (әдепсіз, .........
12. Бала тілі - ..... (бал, ................
13. Ашу - дұшпан, ақыл - ....... (дос, .
14. ..... көтермегенді, тіл көтереді (піл, ....................
15. Жеті жұрттың тілін біл, .......түрлі ілім біл. (жеті, ......
16. Тілден артық ......... жоқ. (қазына, .........
17. ........ сөз, бос сөз (көп, ....
18. Мағынасыз сөз болмайды, ........ ел болмайды. (мақалсыз,
19. ..... оттан да ыстық (отан, ....
20. Отансыз ....... , ормансыз бұлбұл (адам, .........
Жүргізуші: төртінші туры- «Біздің қала» тақырыбына әңгіме құрастыру.Бірінші топ бастаса,екінші топ жалғастырады.Осылайша топтың әр мүшесі бір сөйлемнен айтып шығуы керек.
- Ал енді дайын болсаңыздар, ойларыңызды ортаға салыңыздар. Әділқазылар өз бағасын бере отырар.
Жүргізуші:Бесінші тур «Қайраттылар».
Ал енді «Қайраттылар» бекетінде топ капитандарын сынап көрелікші. Топ капитандары кезекпен сұрақтарға жауап береді. Барынша көп ұпай жинауы керек. Мәдениетіміздің Ғылым , Өнер, Спорт, Кино салалары бойынша сұрақтар беріледі.
Сұрақтар қиындылығына байланысты 10, 20 балдарымен бағаланады.
Ғылым
10-Қаныш Сәтбаев кім? Қ.Сәтбаев-қазақ геологы, қоғам қайраткері,академигі.
20- Әл-Фараби кім? Ол ғылымның көп саласын меңгерген –философ, социолог, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі
Өнер
10-Шәкен Айманов кім? Ш.Айманов- әйгілі актер, режисер
20-Әбілхан Қастеев кім?
Спорт
10-Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата. Бәйге, көкпар, тоғызқұмалақ, асық, күрес...
20- «Тоғызқұмалақ» ойынның ережесі.
Музыка
10 – Күләш Байсейітова кім?
20- Әміре Қашаубаев туралы не деп айталасыңдар?
Жүргізуші:алтыншы тур «Сөз тапқанға»
Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап берулеріңіз керек.
1-топ. (А, Қ, М, Т, О, С )
1.Қазақ тілі пәні ұнайды ма ?
2.Досың кім ?
3.Қазір жылдың қай мезгілі ?
4.Қайдан келдің ?
5.Әдемі қыздың арманы не ?
6.Қандай түсті ұнатасың?
7.Бүгін қандай күн?
8.Қазір сағат неше?
9.Бүгін қандай күн?
10.Жасың нешеде?
11.Қандай тағамды ұнатасың?
12.Бала оқытатын адам?
13.Наурыз көжеге не салады?
14.Жерде не бар?
15.Нешеде тұрасың?
2-топ (Ә, Б, М, H, Д,К)
1.Атың кім ?
2. Қандай қаланы білесің ?
3. Сен тұратын қаланы ата.
4. Бір зат есімді ата.
5.Мыналар не істеп отыр?
6.Қазақстанда қандай жануарлар бар ?
7.Алма тәтті ме ?
8.Кім болғың келеді ?
9.Сенің досың қандай адам ?
10.Сыныпта неше оқушы бар?
11.Бір сын есімді ата.
12.Не істеп отырсың?
13.Бүгін неше сабақ?
14.Кешке не істейсің?
15.Бүгін ауа райы қандай?
Жүргізуші:
Ана тілің – арың бұл,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Сайыс соңында әділқазылар өз шешімін айтып, оқушыларды марапаттайды.

Категория: Внеклассная работа | Добавил: Aldabergenova
Просмотров: 1761 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика