Четверг, 28.03.2024, 18:01
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2012 » Ноябрь » 30 » Қазақ тілінің білгірі
22:54
Қазақ тілінің білгірі
«Қазақ тілінің білгірлері» сайыс сабақ.

Мақсаты:
1. Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін қастерлеуге баулу.
2.Тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбарлы екендігін ұқтыру.
3.Тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
4.Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген оқушыны анықтау.

Көрнекілігі: Даналық сөздер, тапсырмалар, слайдтар.

1-ж. Қайырлы күн құрметті көрермендер, қонақтар, сайыскерлер. Бүгінгі біздің «Қазақ тілінің білгірлері» атты сайысымыз Макин орта мектебіндегі қазақ тілі апталығына байланысты өткізіліп отыр.
1ж. Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика әнұраны.

Әнұран орындалады.

1 ж. Еліміздің рәміздері: әнұраны, туы. Елтаңбасы, сонымен бірге Астанасы, валютасы және мемлекеттік тілі бар. Қазақ тілі –мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ресми тіл болып қабылданған. Әрбір мектептерде , ұйымдарда, кәсіпорындарда қазақ тілін дамытуға көп көңіл бөлінуде.

2 ж. Біздің мектепте де іс қағаздар екі тілде жүргізіліп, қазақ тілін оқыту туралы мәселелер қолға алынып жатыр. Оның бір айғағы бүгінгі «Қазақ тілінің білгірлері» атты сайысымыз. Сонымен осы сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

1 ж. Сайысымызды бастамас бұрын әділ –қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1. Макин орта мектебінің директоры- Күлнар Оралқызы Бейсембаева
2. Макин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытушы Нұрсұлу Олжабайқызы Еркибаева
3. Макин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытушы Гүлнар Досайқызы Әубәкірова
2 ж. Біздің сайысымыз 7 кезеңнен тұрады: слайдтар көрсету.
1. Танысып қояйық.Әрбір қатысушы өзі, отбасы жайлы мәлімет айтып, таныстырады, әңгіме, өлең түрінде айтуға болады. (2 мин)

2. Қызықты ұйқастар. Оқушылар сөздерді мағынасына қарай ұйқастыра айта білуі керек. 2 мин
3. «Жазушы» Қатысушылар тақтадан тақырыптарды таңдап алады, осы тақырыптар бойынша шағын әңгіме жазады. Әңгімесін әділ-қазыларға оқып береді. (Орындалу уақыты 5 мин).
4. «Менің Қазақстаным» тесттік тапсырмаларды орындайды. Тестілеу бағдарламасы 5 сұрақты қамтиды.Сұрақтарға қатысты берілген 3 жауаптың дұрысын белгілеп, әділ-қазыларға тапсырады.(тапсырманы орындауға 5 мин уақыт беріледі).
1. «Аудармашы». Қатысушыға билет түрінде дайындалған орысша сөздер беріледі. Қатысушы бұл сөздердің қазақшасын тауып-жазып, айтып беруі тиіс. Барлығы 10 сөз. (Орындау уақыты 5 мин)
2. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы». Қатысушыларға белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер ұсынылады. Олар осы өлеңді дұрыстап, мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады. (Дайындыққа 2 мин).
3. «Кім жылдам». Тақтаға қатысушыларға арналып 3 сөйлем шашырап жазылған, бұл сөйлемдерді кім жылдам, дұрыс, сауатты жазады. (5 мин)

1ж. Ал енді сөз кезегін қатысушыларымызға береміз. Әр қатысушы өздерін таныстырып өтеді. «Таныстыру».
2ж. Келесі кезекте «Қызықты ұйқастар» сайысы, әр оқушы жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
1. Жизнь-өмір,уголь-көмір. 2. Число-сан,кровь-қан 3. Колыбель-бесік, дверь-есік. 4. Шаг-қадам, человек-адам. 5. Таможня-кеден,пол-еден. 6. Дело-іс,зуб-тіс. 7. Возьми-ал, мед-бал. 8. Народ-халық, рыба-балық 9. Жди-күт, молоко-сүт 10. Город-қала, ребенок-бала.
1ж «Жазушы» кезеңі, әрбір бала тақтадан тақырыптар таңдап алады, сол тақырыптар бойынша шағын әңгіме құрайды. Уақыты 5 минут. Тақырыптар: Астана, көктем, мектеп, тіл, туған жер, қыс.
Мұғалім көрермендерге сұрақтар қояды. 1. Дауысты дыбыс айтылуына қарай нешеге бөлінеді? 2. Дауыссыз дыбыстардың қандай түрлерін білесіңдер? 3. Қазақ тілінде неше септік бар, қандай? 4. «Өмір» сөзін септе. 5. Жыл мезгілдерін ата.
2ж. Оқушыларға тесттік тапсырмалар таратылып береді, тақырыбы «Менің Қазақстаным», 5 минут ішінде 5 сұраққа жауап беріңдер.
1-сұрақ. Қазақстанның бас қаласы қай қала?
А) Астана Б) Алматы В) Көкшетау.
2- сұрақ. Қазақстан Республикасының рәміздерін көрсет:
А) валюта, ту, ескерткіш Б) елтаңба, әнұран, ту В) бәйтерек, алаң, елбасы
3- сұрақ. Әнұранның авторлары кімдер?
А) Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні Шәмші Қалдаяқов
Б) Жандарбек Мәлібеков, Шота-Аман Уәлиханов, әні Шәмші Қалдаяқов
В) Нұрсұлтан Назарбаев, Шәкен Ниязбеков, әні Мұхтар Шаханов.

4-сұрақ. 2011-жылы Қазақстан Тәуелсіздігін алғалы неше жыл болды?
А) 10 Б)20 В)15
5- сұрақ. Бес бұрышты жұлдыз қайда бейнеленген?
А) туда
Б) әнұранда
В) елтаңбада
1ж. Ана тілім – бала шағым өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
Мақал-мәтелдер айту. 1.Ел іші – алтын бесік.2. Отан оттан да ыстық. 3.Өнер алды-қызыл тіл. 4.Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.5.Жүз сом ақшаң болғанша,жүз досың болсын. 6. Отансыз адам –ормансыз бұлбұл.7.Мектеп-кеме, білім-теңіз.8. Тіл – қылыштан да өткір.9. Баска пәле тілден 10. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
2ж. «Аудармашы». Қатысушыға билет түрінде дайындалған орысша сөздер беріледі. Қатысушы бұл сөздердің қазақшасын тауып-жазып, айтып беруі тиіс. Барлығы 10 сөз. (Орындау уақыты 5 мин)
1-сөздік Қазақстан
орысша қазақша
Родина Отан
Герб Елтаңба
Язык Тіл
Столица астана
Гимн әнұран
Город қала
Район аудан
Адрес мекен жай
Флаг ту
Валюта валюта
2-сөздік Үй

орысша қазақша
дом үй
дверь есік
окно терезе
комната бөлме
этаж қабат
квартира пәтер
телевизор теледидар
стул орындық
стол үстел
кровать кереует

3-сөздік Мезгіл

орысша қазақша
Погода ауа-райы
Суббота сенбі
Месяц ай
Неделя апта
Понедельник дүйсенбі
Год жыл
Времена года жыл мезгілі
Вторник сейсенбі
Осень күз
Утро таңертең

4-сөздік Оқу құралдары

орысша қазақша
Школа мектеп
Книга кітап
Ручка қалам
Карандаш қарындаш
Линейка сызғыш
Тетрадь дәптер
Клей желім
Дневник күнделік
Календарь күнтізбе
Учебник оқулық

5-сөздік Азық-түліктер

орысша қазақша
хлеб нан
соль тұз
молоко сүт
сахар қант
чай шай
масло май
сметана қаймақ
творог ірімшік
кефир айран
конфеты кәмпит


6-сөздік Отбасы

орысша қазақша
Дедушка ата
Бабушка әже
Мама ана
Папа әке
Сестра әпке
Брат аға
Младший брат іні
Младшая сестра сіңлі (қарындас)
Муж күйеу
Жена әйел
Мұғалім оқушылармен жаңылтпаштар айтады.
1. Пай-пай-пай,
Жайылып жүр тай.
Ай-ай-ай,
Ұшып кетті торғай.
2. Ескекті ескекші еседі,
Ескекші ескекті еседі.
3. Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
4. Қапыда ит қапты,
Қатты қапты,
Қапты қатты.
5. Ян-ян-ян
Жүгіріп жүр қоян.
Ян-ян-ян
Бұл қоян емес, шаян!
1ж. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы». Қатысушыларға белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер ұсынылады. Олар осы өлеңді дұрыстап, мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады. (Дайындыққа 2 мин).
2ж. «Кім жылдам». Тақтаға қатысушыларға арналып 3 сөйлем шашырап жазылған, бұл сөйлемдерді кім жылдам, дұрыс, сауатты жазады. (5 мин)
1. Келеді, кешке, үйге, апам, менің.-Менің апам үйге кешке келеді.
2. Арман, алды, сабағынан, бес, қазақ тілі.- Арман қазақ тілі сабағынан бес алды.
3. Республикасының, тілі, мемлекеттік, Қазақстан,тілі, қазақ.- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.
1ж. Думан толы тіршілікке дау бар ма,
Көп нәрсеге керек екен тіл-көмей.
Кейде ойлаймын, тіл болса да тауларда,
Маңғазданып, тұрған шығар үндемей.
Өз еркі ғой,
Қиналтпайды ол да аса,
Бұл өмірден сыбағамды мол алам.
Бірақ, бірақ, ана тілім болмаса,
Дүниеден біржолата жоғалам,- дей отыра сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.
Жеңімпазды атап,мадақтамалар мен сыйлықтар ұсынады.
2ж. Барлық қатысушыларымызды ортаға шақырамыз. Ән «Куә бол», орындайтын Бейсембаева Гүлхан, Әбжанова Мәнсия.
Назарларыңызға көптен көп рахмет, кездескенше сау болыңыздар.

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Макин орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі М.С.Әбжанова
Просмотров: 3217 | Добавил: mansiya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика