Пятница, 29.03.2024, 13:01
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2013 » Февраль » 12 » Қыс.Сын есім (қайталау)
12:32
Қыс.Сын есім (қайталау)
Шаймерденова Әсемгүл
Пески орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан


Сабақтың тақырыбы: Қыс. Сын есім (қайталау)
Сабақтың мақсаты: Тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін толықтыру, пысықтау, тексеру.Сөйлеу тілдерін дамыту, сауатты жазу қабілеттерін арттыру. Оқушыларды табиғаттың әсем көріністерін қызықтай білуге, оны өз денсаулығын шыңдауға пайдалана білуге, табиғат байлығын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: плакатта бейнеленген «Қыс» суреті, таратпалар.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.
Түрі: саяхат

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Қазақ тілі сабағы басталды.
2.Негізгі кезең:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

-Балалар, өлең не туралы? Қандай жыл мезгілі туралы?
-Бұл өлеңді кім жазды?

Ой қозғау
1.-Балалар, қыс деген сөзді естігенде көз алдарыңа нелерді елестетесіңдер?
(-Ребята., когда вы услышали слово «Қыс» , какая картина сразу перед вами представилась?)
1.Қыс дегеніміз ол: қар,мұз, суық, боран, жел, жылы киім, Жаңа жыл,Тәуелсіздік күні, қысқы демалыс, шана, шаңғы, коньки, аққала...

Сөйлесу
2.-Балалар, қыста ауа райы қандай?
-Биыл қыс қандай?
-Кім біледі, бүгін неше градус аяз?
-Қазір қар жауып тұр ма?

3.Қыста ауа райы суық, сондықтан адамдар қалай киінеді?
А)
басына
үстіне
Адамдар аяғына не киеді?
қолына

ә) Адамдар мойнына не тағады?

4.Балалар жылы киініп, қыста далада қандай ойындар ойнайды?
А) Қыста балалар қар лақтырып ойнайды?
Ә) шанамен сырғанайды
Б) шаңғы, коньки тебеді
В) аққала жасайды

Жаңа сабақ
-Ал, бүгін, балалар, біз шана, шаңғы, конькилеріміздің қоя тұрып, орманға серуенге шығамыз. (Оставим сегодня лыжи, санки, коньки, а давайте-ка лучше отправимся мы сегодня на прогулку в зимний лес.)
-Бүгін күн онша суық емес. (Сегодня погода позволяет идти на прогулку в лес)
-Балалар, орманға кеттік.
-Ой, балалар, қандай қалың қар? Бұл қалың қардан тапсырмалар орындап қана өте аламыз.

Тапсырмалар
1.Сын есім дегеніміз не?
2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Мысалдар келтіріңдер:
(суық-ыстық, жылы-салқын, ащы-тұщы,ұзын-қысқа, үлкен-кішкентай, биік-аласа, бай-кедей,жаңа-ескі, ақ-қара, тәтті-тұзды, әдемі-көркем, сұлу-.....)

-Благополучно прошли мы через сугроб. (Қалың қардан өттік)
-Қыста орман қандай тамаша!
-Орманның ішінде нелерді көріп тұрсыңдар? Айнала қандай? Жерді, ағаштарды не басқан?
-Тағы нелерді көріп тұрсыңдар? (Құстарды: қарға, сауысқан, торғай,, тоқылдақ, шымшық)
Дәптермен жұмыс
-Балалар, қыста құстардың азықтары азаяды. Сондықтан қазір біз дәнге ұқсас таратпадағы тапсырмаларды орындай отыра, құстарды жем салып азықтандырамыз.

Тапсырма: Сын есімнің жиі кездесетін жұрнақтарын атаңдар.
Таратпалардағы тапырмалар: Берілген сөздерге сын есімнің керекті жұрнақтарын қойып жаз және олармен сөз тіркестерін құрастыр.
Аяз..., каһар..., президент..., мұз..., тұз..., қар..., ұлт..., шетел..., қала..., тау..., мереке...,кеш...,білім..., қыс..., көктем...,қызық..., ресей..., қазақстан..., түн..., күндіз..., сақал..., сүт..., қарағай..., ай..., су..., ақыл....

(Келесі тапсырмаға кіріспе сөз)
-Серуенімізді жалғастырайық. Таза ауамен демалайық. Денсаулығымызды шыңдай түсейік. Айналамызға қарайық. Тағы не көріп тұрмыз? (Іздер-следы)
-Мына іздер қандай аңдардың іздері деп ойлайсыңдар? (Қояндікі, түлкінікі, тиіндікі)
(у-у-у)
-Жел соқты. Боран болайын деп тұр. (Поднялся ветер. Давайте, успокоим вьюгу)Ол үшін «Қыс»туралы білетін өлеңдерімізді есімізге түсіріп , айтып берейік.

-Әрі қарай барайық.
-Жай ағаштардан басқа тағы қандай ағаштар бар екен? (Шыршалар)
-Вот и подошли к ельнику. Я думаю, что совсем недавно на месте этих пеньков росли ели. (Шыршалар). Как вы думаете, почему их срубили.
-Я думаю, что их срубили на праздник Нового года.
-А может они засохли,поэтому срубили.

-Балалар, қыста қандай мейрамдар бар?
1. Жаңа жылды мектепте қалай қарсы алдыңдар?
2. Жаңа жылға кімдер келді?
3. Олар не әкелді?
4. Сендер ән айттыңдар ма? Би биледіңдер ме?
5. Үйде мерекелі дастарқан жайдыңдар ма?Қандай тағамдар дайындадыңдар?

-Қыста тағы қандай мейрамдар бар? (1- желтоқсан-Бірінші Президент күні,16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні,7- қаңтар- Рождество. )

Серуеннің соңы

-Балалар, қыста күндер қандай болады, түндер қандай болады? (Күн қысқа, түн ұзақ)
-Ендеше, балалар, қараңғы түспей тұрғанда, үйге қайтайық.

Сабақты қорытындылау:
-Балалар, сендерге серуен ұнады ма?
-Ал енді мынадай сұраққа жауап беріңдерші:
1.Қыс мезгілі кімге ұнайды?
2.Несімен ұнайды?
Бағалау
Үйге тапсырма: «Қыс» тақырыбына шығарма жазу және суретін салу.
Просмотров: 2456 | Добавил: Асемгуль | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика