Четверг, 28.03.2024, 23:47
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 946
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2013 » Март » 17 » Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы
20:17
Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы
Қызылорда қаласы №7 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: қазақ тілі
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың айтылу мен жазылуын үйрете отырып, балалардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділігін арттыру. Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы сызба бойынша сөйлем құруға үйрету
2) Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың байқампаз іскерлігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.
3) Тәрбиелік: ауызбіршілікке, ұстамдыққа, адалдыққа, достыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта
Барысы
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
Слайд №2
Қазақ тілі- анаң, атаң,
Қуат алар Отан да одан.
Қазақ тілі-халық тілі,
Тіл аманда – халық тірі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.3-жаттығу.Сөздерден сөйлем құрап жаз.Слайд№3
551-жаттығу
Берілген сөздермен сөйлем құрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Күн ретін жазайық, менің сендерге мынадай жұмбағым бар. Слайд №5
Екі К күресті,
Арқаларын тіресті.
Бұл қай әріп? Әрине Ж әрпі. Енді сол әріптен басталатын сөйлемдер құрайық. Жарас жарыста жеңіске жетті.
-Енді мына шашылған әріптерден сөз құрайық. Слайд №6
- Келесі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайық.
Шылау деген не? Мен (бен,пен) шылаулары жайлы ережені айт
Қой, (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары жайлы айт, мысал келтір. Слайд №7
ІІІ. Жаңа сабақ. Қосымша сөзбен бірге жазылады, шылау бөлек жазылады: суда жоқ – су да жоқ; Бүгін барма. – Сенде бар ма?
552-жаттығу Слайд №8
1. Келгеннен көзі журналдарда, кітаптарда.
2. Сен бүгін онда барма.
3. Сапар Сәрсенмен сөйлесті.
4. Қойлар төскейде, қойнауда жайылып жатыр.

1. Журналдар да, кітаптар да жеткілікті.
2. Сенде құстар туралы кітап бар ма?
3. Сапар мен Сәрсен сөйлесті.
4. Төскей де, қойнау да малға толы.
Ребус шешу. Жауабы: көктем
- Көктем айларын ата. Сурет бойынша әңгімеле Слайд №8
- Көктемгі көріністерге арнап қазақтың ұлы ақыны М. Мақатаев бірнеше өлеңдерін арнаған. Осы М. Мақатаев жайлы кітапханадан ізденіп келуге тапсырма берілген еді, енді сол тапсырманы кім орындап келді. /өмірбаянын қысқаша баяндату.
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») 1963-1965, «Жұлдыз» (1965-1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973) қызмет атқарады.
-Белгілі ақын М. Мақатаевтың көктем жайлы өлеңін оқиық.
553-жаттығу
Көктемде
Қырқада, ойда, бөктерде
Отығып өріс, күн жылып,
Мал төлдеп жатыр көктемде,
Ауылдың маңы қым-қуыт.
Сөздік жұмысы. отығып, төлдеп
-Ақын өлеңін төмендегі ұйқаспен құрған екен.
Көктем келді қалаға,
.....
Бойын түзеп ағаштар,
.....
-Өлеңдегі көктем көрінісін мына суретпен байланыстырып, әңгімелейік.
Атамыз ауылдағы көктем көрініс суреттесе, біз қаламыздағы көктем көрінісіне байланысты өлең шығарып көрейік. Өлеңнің бірінші және үшінші жолын мен құрайын, ал сендер екінші және үшінші жолын ұйқас бойынша құраңдар.
Сергіту сәті Слайд №19
Жаздық, жаздық бәріміз
Талды әбден қолымыз.
Тағы қалам аламыз,
Тап-таза етіп жазамыз.
-Есіңе сақта!
1. Ма, ме, па, пе, ба, бе, да, де, та, те шылаулары бөлек жазылады.
1. Көктемде ауыл(да), дала(да), қала(да) жайнап құлпырады.
2. Қала(да) (қайда?) зәулім үйлер салынып жатыр.
2. Ма, ме, ба, бе, па, пе – етістіктің болымсыз түрінде жұрнақ ретінде бірге жазылады.
Барма, айтпа, жазба, төкпе, сөкпе, сындырма.
-Біз осы ережеге сүйене отырып «Орнын тап!» ойынын ойнайық.
Шықырлат, қал, келе, жорға, жоқ, есіне, жолықты, кет, көрдің.
Па, пе, ба, бе, ма, ме
554-жаттығу
Сөйлемдерді оқып, жақшаға жұрнақ, септік жалғаулары немесе тұлғалас шылаулары алынғанын анықта.
Шығармашылық тапсырма. Кері мақалды, нақыл сөзді кім түзейді?
1. Адам баласы табиғатты ..... .
2. Біз бұлақтардың көзін .... .
3. Су мол болса, астық та ..... .
4. Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ....
Керекті сөздер: сүрмейді, барады, қорғама, ашпа, мол болмайды.

Суретті жаттығу 556-жаттығу
"Кім ойшыл?” ойыны арқылы осы жаттығуда берілген сұрақтарға кім дұрыс жауап берер екен.
-Сұраулы сөйлем деген не?
ІҮ. Қорытынды.
- Сонымен, балалар бүгін біз қандай нәтижеге жеттік? Слайд №24
- Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуын, сөйлемдер құрап үйрендік, өлең шығардық, сұрақтарға жауап бердік, сөзжұмбақ шештік, дәптермен жұмыс жасадық, өткенді қайталадық, білімімізді шыңдадық.
Ү. Бағалау
Просмотров: 13158 | Добавил: Абдигапбар | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика