Четверг, 28.03.2024, 12:24
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2013 » Март » 31 » Атмосфера- Жердің ауа қабаты
17:27
Атмосфера- Жердің ауа қабаты
Батыс Қазақстан облысы
Бөкей Ордасы ауданы
Т.Масин атындағы ОЖББМ

Ашық сабақ

Тақырыбы:
Атмосфера- Жердің ауа қабаты


Пәні: Жаратылыстану

Сыныбы: 5

Пән мұғалімі: Жармухамбетова А.З.

2012-2013 оқу жылы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік
Атмосфера туралы, ауа қабаты туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық
Атмосфера оның қабаттары туралы білуге, әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік
Ауа қабатын қорғауға, ластамауға тәрбиелеу

Түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, бағалау жұлдызшасы

Әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап,жинақтау,түсіндіру,тест

Пәнаралық байланыс: химия, биология,дүниетану

Сабақтың өту барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Жаңа сабақ
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Қорытынды
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру

І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Жаңа сабақ.
Тақырыбы:
Атмосфера-Жердің ауа қабаты.

1)Жаңа тақырыпты оқушылар оқулықтан өз беттерінше белгілі уақыт аралығында оқып шығады.

2)Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, жаңа сабақты толықтырып шықтым.


ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ үй тапсырмасымен байланысты болғандықтан үй тапсырмасын «Көп білемін» ойынын ойнату арқылы тексердім.( Сұрақтар қойылып, оқушы қызығушылығын арттыру мақсатында жауаптарын жұлдызшалармен бағаладым.)

ІV . Бекіту.Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар.
Тақырып бойынша дәптермен жұмыс болды.( оқушылар мәтіндегі, қосымша мәліметтердегі қажетті деректерді, кестелерді жазып-сызып алды.)

Жаңа тақырып бойынша сәйкесін тап тапсырмасын орындады.

Сәйкесін тап!
1. Самолет ұшатын қабат? Экзосфера
2. Жерге ең жақын қабат Мезосфера
3. Зымыран ұшатын қабат Озон
4. Жерден 50-80км қашықтықта Тропосфера
орналасқан қабат
5. Сәулелерден қорғайтын қабат Стратосфера

6) Жаңа тақырып бойынша тест орындатып, артынан дұрыс
жауабын беріп, оқушыларға өздерін бағалатып, дұрыс-дұрыс
емес сұрақтарды талдадық.


Тест жұмысы
1. Жерді қоршап тұрған газ қабаты?
А. Атмосфера Б. Термосфера В. Стратосфера

2. Жерді қоршаған ең жұқа қабат?
А. Экзосфера Б. Термосфера В. Стратосфера

3. Атмосфера құрамындағы ең көп газ?
А. Азот Б. Аргон В. Оттегі

4. Адамдар мен жануарларға керекті ауа?
А. Көмірқышқыл газы Б. Оттегі В. Азот
5. Атмосферадағы ең аз мөлшердегі газ?
А. Көмірқышқыл газы Б. Оттегі В. Аргон

6. Атмосферадағы бізді қорғайтын қабат?
А.Тропосфера Б. Стратосфера В. Озон

7. Жер атмосферасының ұзақтығы?
А. 4,5 - 5млрд жыл Б. 3,5-4,5 млрд жыл В. 3-4млрд жыл

8. Жер бетіндегі тіршілік қай қабатта?
А. Тропосфера Б. Мезосфера В. Озон

Тесттың дұрыс жауаптары:
1. А
2. А
3. А
4. Б
5. А
6. В
7. В
8. А

Бағалау шкаласы: «5»- 8 «4»- 6 «3»- 4
Жаңа сабақты топтастыру арқылы бекіттім.

V. Қорыту.
Жалпы сабақта не меңгердік?
1. Қандай қабаттар бар?
2. Ең жақын қабат?

Ойтолғау. Рефлексия
1. Сабақта не білдіңдер?
2. Нені есте сақтау керек?

VІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқандарды, жұлдызшасы көп оқушыларды бағалаймын.
VІІ. Үйге тапсырма: § 26 оқып келу
Просмотров: 6437 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика