Четверг, 28.03.2024, 16:58
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 946
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2013 » Август » 27 » Внеклассные уроки по казахскому языку для учеников русских школ
21:00
Внеклассные уроки по казахскому языку для учеников русских школ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
(сыныптас тыс іс - шара)

Мақсаты:
а)Балаларды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айта білуге, жасырылған жұмбақтың шешімін табуға үйрету.
ә) Мақал айту арқылы балалардың ақыл – ойын, сана – сезімін, танымдық қабілеттерін, білімділігін, сөз саптауларын дамыту.
б) Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата – баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу.
Әдісі:Әңгімелеу, түсіндіру, балаларды жарыстыру.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, салт – дәстүрге байланысты заттар, суреттер.
Барысы:
1-Ұйымдастыру.
Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады.
Әр топта бес бала. Топ жетекшілері сайланған.
Сайыстың жүрісі:
1. Өздерін таныстыруы, ұраны, төлбелгісі, аты.
2. Мақалдар сайысы.
3. Жұмабақтар сайысы.
4. Көрермендер сайысы.
5. Қорытынды бөлім.
1-бөлім.
Сайыскерлер сөздерін таныстырады.
Сайыстың шарты.
2-бөлім
а) Сөзге мақал құрастыру.
ә) Берілген мақалдың жалғасын табу:
б) Сөздің мағынасын ашу.
3-бөлім.
а) Жұмбақ шешу.
ә) Жұмбақ дайындап келу.
4-бөлім.
а) Көрермендерге жұмбақ беру.
ә) Мақалдар мағынасын ашу.
5-бөлім.
Жұмбақшыға жұмбақ жасырамын, соның тапқан шешуіне, мақалшы мақал құрастыру керек.
Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқалары сайланады.
(Сайысты төменде берілген төрт жол өлең шумағымен бастаймыз.)
Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,
Келген жоқпыз кешке бекер еруге.
Тиістіміз болашақтың алдында,
Тік түрегеп, тура жауап беруге.

Білікті бірді жығар,
Білімді мыңда жығар,-- дегендей оқушылардың тапқырлығы мен ой--өрісін тексеру мақсатында 2-бөлімін бастаймыз.
Бірінші кезек. Мақал құрастыру.
а) Еңбек.
ә) Ана тілі.
б) Достық.
Екінші кезек. Мақалды жалғастыру.
1. Баланың ұяты -- әкеге .........
(қыздың ұяты – шешеге)
2. Атаңа не қылсаң,.........
( алдыңа сол келер )
3. Туған жердей жер болмас.........
( туган елдей ел болмас )
4. Батыр туса – ел ырысы,..........
( жаңбыр жауса – жер ырысы )
5. Екі жақсы қас болмас,.............
( екі жаман дос болмас )
6. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,...........
( алтау ала болса, ауыздағы кетеді )
7. Әдепті елдің баласы,..........
( алыстан салем береді, )
8. Ұяда не көрсең...........
( ұшқанда соны ілерсің, )
9. Сөз жүйесін тапса.............
( мал иесін табады,)
10. Жақыныңды жаттай сыйла,..........
( жат жанынан түңілсін.)
Үшінші кезек.
Тұрақты сөз тіркесінің (Фразеология) мағынасын ашу.
1. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
( Кеш, жәй )
2. Тілдің ұшында тұру.
( Ұмыту, жеткізе алмау )
3. Ит өлген жерде.
( алыс, қашық )
4. Қас пен көздің арасында.
( лезде, тез жылдам )
5. Төбе шашы тік түру
( Қорқу, үрейлену )
6. Тайға таңба басқандай.
( анық, нақ )
7. Үріп ауызға салғандай.
( әдемі, сұлу )
3-бөлім.
Жұмбақтар шешеу

1. Тиіп кетсе жырлаған,
Дауысы көпке ұнаған. ( Домбыра )

2. Бір кітаптың парағы,
Күнде азайып барады. ( Күнтізбе )

3. Бірде төмен, бірде шығып жоғары
Сөз сөйлесең, қозғалыста болады. ( Тіл )

4. Таудан биік,
Теңізден терең. ( Ақыл )

5. Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді. ( Апта күндері )

6. Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауыссаң көз майынды,
Қалағаның табылар. ( Кітап )

7. Өзім сөзден тұрамын,
Аяқтаған ойды құрамын. ( Сөйлем )

8. Қаласы бар, үйі жоқ,
Өзені бар, суы жоқ,
Орманы бар, бүрі жоқ,
Бақшасы бар, гүлі жоқ. ( Карта )

4-бөлім.

1. Көрермендерге жұмбақ беру.
1. Шік түсті, бүк түсті,
Алшы тұрды, тәйке тұрды,
Шеше алады кім бұны ( Асық )

2. Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың ? ( Күз )

3. Аппақ дала, қара дән,
Дәнін сепкен – түсінуге жараған. ( Әріптер ) 2.Мақалдың мағынасын ашу.
1. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
2. Күлме досыңа, келер басыңа.
3. Ата көрген – оқ жанар,
Шеше көрген – тон пішер.
5-болім.
Қорытынды.
Жұмбақшыға жұмбақ жасырылады, соның тапқан сөзіне мақалшы мақал құрастыру керек.
1. Жарық қылып қос тоғайдың етегін,
Айтшы ол не екенін ? ( Көз )

Көз қорқақ кол батыр.

2. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. ( Ұстаз )
Ұстазы жақсының—ұстамы жақсы.

3. Өсіп тұрған бұл не ?
Жаз болса жайнап.
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
Салқын түссе шешіліп,
Қалады өзі жайрап. ( Ағаш )
Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

4. Өзі қысқа.
Өзі нұсқа,
Сөз қаймағын есіңе ұста. ( Мақал )
Мақал—сөздің мәйегі.
5. Оң жағымда бес сарбаз
Сол жағымда бес сарбаз. ( Саусақ )
Саусақ бірікпей—ине ілікпейді.

Қорытыңдылау:
Сайыскерлердің білімдерін, тапқырлықтарын саралау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Просмотров: 6131 | Добавил: Исмагулова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика