Вторник, 23.04.2024, 17:56
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2013 » Октябрь » 31 » Өнерпаз. Жиенбек Рсалдин.
12:55
Өнерпаз. Жиенбек Рсалдин.

Иманбаева Жұмагүл Бекмырзақызы
Қызылорда қаласы
№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі

Ана тілі      3 класс
Тақырыбы: Өнерпаз. Жиенбек Рсалдин.
Мақсаты:
білімділігі: Ахмет Жұбановтың өмірін және шығармашылығын таныстыру. Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқып мазмұнын әңгімелеуге үйрету.
дамытушылығы: өз ойын жүйелі жеткізу, түйіндеу қабілетін, тілін дамыту.
тәрбиелігі: ұлы тұлғалар өмірінен үлгі-өнеге алуға, еңбек сүйгіштікке, өнерді сүюге тәрбиелеу.
Түрі: танымдық, аралас сабақ.
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдістері.
Көрнекілігі: кітаптары, естеліктер, слайдтар.
Барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
«Алып бала» мәтінінің мазмұнын әңгімелету. Сұрақтар беру. Қажымұқан Мұңайтпасов туралы не білдік? Қажымұқан  туралы кімдер шығармаларын жазды? Қажымұқан Мұңайтпасов – қазақ жерінен алғаш рет шетелге шығып өнер көрсеткен кәсіби балуан, әлем чемпионы. Бұл – атақты спортшы.
ІІІ Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта біз спорт өнерінен музыка өнеріне ауысамыз. Атақты музыкантпен танысамыз. Ол біз «Әліппе» оқулығынан таныс болған әннің авторы. Қазір сол әнді тыңдаймыз. «Ақ көгершін» әнін тыңдату. Ол туралы мәтінді оқығаннан кейін білеміз.
1. Мәтінді мұғалімнің оқып беруі
2. Мәтінді оқушыларға оқыту
3. Мазмұны бойынша сұрақтар беру
Ахмет мектепке қашан барды? Оның ұстазы қандай еді? Ұстаздың назары Ахметке неге ауады? Ахмет ұстазынан нені үйренді? Атақты домбырашы Талым қарттан Ахмет қандай сабақ алды? Қаршадай балаға жұрт неге таңғалды? Ол өнер көрсеткен сәтте көңіл күйі қандай болушы еді? Ән айтуды Ахмет кімнен үйренді?  
4. Мазмұнын әңгімелету
5. Дәптермен жұмыс
Ахметтің өнердегі ұстаздарын жаздыру.
а) Алғашқы ұстазы –  Хұсайын Ашқалиев
ә) Атақты домбырашы – Талым қарт
б) Өнерпаз жеңгесі – Балбөпе әнші
    Оқушылар жазып отырып, оркестрдің орындауындағы  
    Құрманғазының күйі «Сарыарқаны» тыңдайды. Жазып болған    
    соң мұғалім Ахмет Жұбановтың ең алғаш қазақтың ұлт
    аспаптар оркестрін құрғандығы және дирижерлығы туралы
    ақпарат береді.
6.  Галереяға саяхат
     Интерактивті тақта арқылы мәтіннің мазмұны бойынша суреттер              
     көрсетіледі. Оқушылар суреттің мазмұнын әңгімелейді.
7.Мұражайға саяхат
Слайдтар арқылы Ахмет Жұбановтың өмірімен, музыкалық аспаптарымен, еңбектерімен, шығармашылығымен, ол туралы жазылған естеліктермен таныстыру. Мәтіннің авторы Ж.Рсалдин туралы айту. Ж.Рсалдин – 1925 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында  туып өскен. Атақты музыкатанушы. Қазақтың ұлттық консерваториясын бітірген. Алматы музыка колледжінің директоры, Орталық мұражайдың директоры қызметтерін атқарған. Көптеген кітаптардың авторы. Шығармалары: «Қыз Жібек», «Қазақ композиторларының ән творчествасы», «Әннен – операға», «Әнші бақыты
 ».
IV Мұғалімнің қорытуы
V  Бағалау
VІ Үй тапсырмасын беру

Просмотров: 1335 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика