Пятница, 19.04.2024, 17:27
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Февраль » 25 » Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану
08:26
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану

Нұрғайша Турганбаева,
Гүлзана Шаяхметова
« Теміртау қаласының
14 мектеп – лицейі» ММ
қазақ тілі пәнінің мұғалімдері.

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты
талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың өзіндік көптеген ерекшеліктері бар.
Орыс тілінде оқытатын мектептерде мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің
негізгі міндеті- оқушының қазақша білетін адамдармен қазақ тілінде күнделікті
тығыз қарым-қытынаста болуы. Психологияда тіл адамдардың қарым-
қатынасында қолданылатын таңбалардың жүйесі болып танылады.Тілді
үйретудің нәтижелі болуы төмендегіндей көптеген жағдайларда байланысты:
оқушының психологиялық жағдайы, қабілеті, мұғалімнің тілді үйрету тәжірибесі, мұғалімнің шеберлігі, оқыту тәсілдері, оқыту құралдары, оқулық пен көмекші
құралдар, көрнекілік, оқу бөлмесінің тартымдылығы, бір-бірімен жақсы қарым-
қатынасы, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген өз ынтасы.Осы жағдайларды ескеріп, тіл үйрету мақсатын алға қоя отырып, сабақтарда ойын технологиясына басты назар аударып, соны біздің мектеп - лицейде өз сабақтарымызда қолдануға тырысамыз.
Әр ойынның өз реті, жөні бар. Сондықтан әр бір сабақ процесінде қандай ойын қолдануға болатыны сабақ мазмұнына, тіпті сабақты пысықтау, қорытындылау кезінде де ойын элементінің мәні зор. Себебі: бала ойнай отырып, бірнеше сөзді өзінің сөздік қорына жинап отырады.
Технологияның біз үшін ерекшелігі мен құндылығы сол, оқушылардың білім
сапасын едәуір арттыруға, білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық
оқушылардың қажетті дәрежеде меңгеруін қамтамасыз етуге көмектеседі. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады. Ойынның мақсаты - ойын технологиясы арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру .Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан
бастауыш сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.
Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай
күрделеніп отырады. Мысалы, бірінші сыныптарда қарапайым ғана ойын
түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай
болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор.
Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерек-
-шеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таң-
-далып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқа-
-нын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.Сонда
ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және
дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы: бастауыш сыныптарда сан
санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне
және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға
болады. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері тақырыпқа сай алынған,
тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек
етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып,
оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. Бала ойын ойнай отырып үйренеді. Мысалы: сабақта жаңа дыбыстармен танысуда, «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ойынның шарты: сөзді дұрыс оқып айтқан балаға жұлдызшалар беріледі.. Кім көп жұлдыз жинайды,
сол жеңеді.Ойын соңында жеңімпаз бала анықталады. Ә дыбысы мен әрпін
өткенде, «Сен жалғастыр» ойынын ойнатуға болады.
Ойынның мақсаты: Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке
баулу. Мұғалім сөздің басқы буынын айтады, ал оқушылар оны аяқтайды.
Мысалы: Ә-КЕ , Ә-ЖЕ, Ә-КЕЛ, Ә -ДЕ-МІ т.б.
Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді айту, буындарға бөлу
тақырыбын ашу үшін, «Сақина салу» қазақтың ұлттық ойынын жүргіземіз.
Мұғалім бір оқушының алдына сақина қояды да «кі» - деп дауыстайды .
Сақинаны алған оқушы «тап»- деп дауыстайды. Сонымен кітап сөзі шығады.
Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек. Мысалы: тақ-та, мек-теп, ал-ма.
Оқушылардың қызығып ойнайтын ойыны «Адасқан айлар». Төрт қорап дайындайсыз.
Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды.
Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор.Ойын оқушылардың
сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.
Олар : *Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыру;
*Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;
*Жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.
Ойын оқушыларының тілді үйренуге деген сенімдерін оятады. Рөлдік ойындарда рөл барлық балаларға бірдей тиімді. Бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,
сөйлеседі, өздерін және бір-бірін бағалайды. Ал мұғалім тек бағыттаушы болады.
Мысалы: бастауыш сыныптарда , «Телефон арқылы сөйлесу», «Дәрігердің
қабылдауында», «Танысу», «Кітапханада», «Қонақта», «Дүкенде», «Базарда»
деген рөлдік ойындарды жаңа сабақты қорыту, үй тапсырмасын және сөздікті тексеру
үшін қолдануға болады.
«Базарда» рөлдік ойын (2-сыныпта «Жидектер. Жемістер. Көкөністер».тақырыбы):
- Сәлеметсіз бе!
- Картоп, сәбіз, пияз қанша тұрады?
- Картоп 70 теңге,сәбіз 50 теңге, пияз 45 теңге.
- Мына жеміс-жидектер де сіздікі ме?
- Иә, менікі.
- Алма, алмұрт қанша тұрады?
- Алма 180 теңге, алмұрт 200 теңге.
- Қымбат екен.
- Базардың бағасы –осы.
- Маған алмадан -2кг, алмұрттан-1кг.
-Міне, алыңыз.
- Рақмет!
Сондай ақ бастауыш сыныптарда қазақ халқының балаларға арналған ұлттық ойындарын тіл дамыту сабақтарында,ойын шарттарын өзгертіп қолданамыз. Мысалы: «Айгөлек», «Түйілген орамал», «Жүзік салмақ», «Ақ сандық, Көк сандық».Бұл ойындар баланың тілге деген қызығушылығын арттырады. Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным түсінігін арттырады. Балалар ойын арқылы бір бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты үйренеді.
Сонымен қатар біздің мектеп – лицейде «Жұлдыз», «Нұр» деген үйірмелер бар. «Нұр»үйірмеде бастауыш сынып оқушылары шығармашылық жұмыстармен
айналысады( ертегілер, пьесалар,шағын көріністер көрсету,қазақ әндерін айту,салт-дәстүрлермен танысу). Осы жұмыстардың бәрін мектеп- лицейдің сахнасында көрсетіледі.Ойын технологисында жетістікке жетудің негізгі факторлары: мағыналы жоспардың болуы, оқушылардың іскерлігін жоспарлау, әр түрлі ойын элементтерін тиімді пайдалану, оқушылардың тілдік қорын молайту және грамматиканы жақсы білуін қамтамасыз ету. Аталған технология оқушының белсенділігін арттырады, өзара көмек көрсету, жауапкершілік, яғни тілді игеруге жоғары қызығушылықтың пайда болуына ықпал етеді. Бұл жұмыстың нәтижесінде оқушылар қалалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.
Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынмен байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» « Ана тілі» 1991 ж.
2. М.М. Жанпейсова. « Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2002
3.Тәнірбергенова. Н. « Дидактикалық ойындар» / / БМ 1992ж №3
4.К.Сариева «Жаңа технологияны қолдану жолдары» «Қазақ тілі мен әдебиеті» №7. 2001
5. Қоянғазина Б. « Сабақта ойын ұйымдастырудың маңызы» / / БМ 1989ж №5
Просмотров: 5143 | Добавил: Свечка | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика