Четверг, 28.03.2024, 23:34
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 946
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Март » 13 » Қосу және азайту. 78+22; 100-22
19:51
Қосу және азайту. 78+22; 100-22
Қызылорда қаласы № 101 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Ханшайым
Сыныбы: 2 «Д»
Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту. 78+22; 100-22
Сабақтың мақсаты:
1. Сандардың ондық құрамы туралы біліміне сүйеніп, разрядтан екі рет аттап екі таңбалы сандарды қосу және азайтуды орындауды меңгерту; екі амалмен шығарылатын есепті салыстыруды, талдау, шешу тәсілдері туралы қорытынды жасауға машықтандыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру білімін бекіту.
2. Сауатты, көркем, ұқыпты жазуға баулу. Берілген тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалауға, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
3. Логикалық ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын дамыту, есептеу машықтарын жетілдіру, өз беттерінше есептеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, өзіндік жұмыс, ойын
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, сандар, қима қағаздар,сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) оқушыларды және олардың оқу – құралдарын түгендеу, сыныпты сабаққа дайындау
Ә) Психологиялық дайындық
Үлкендерді құрметтеп,
Кішілерді ренжітпей.
Күнде бестік алатын,
Біз әдепті баламыз,
Біз бақытты баламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Сұрақ – жауап әдісі
- Кеше қандай тақырыппен таныстық?
- Жазбаша қосу, азвйтуды қалай орындаймыз?
- Үйге нешінші тапсырма берілді?(153 беттегі, №4 тапсырма)
- Үй жұмысын екі оқушыға оқыту, қосымша сұрақтар беру
Ә) Өткен сабақты бекіту
Балалар, біз өткен сабақта жазбаша қосу және азайтуды өткен болатынбыз
- Жазбаша қосу және азайтуды қалай орындадық?
- Балаларға өткен сабақты қалай меңгергенін бақылау мақсатында таратпа парақтары таратылады.

ІІІ. Жаңа сабақ
А) Қызығушылықты ояту
Сыныпқа ребус беру
40,,,, 10, ,,5 ,,50 - қосу

(азайту)
Ребустың жауабын дұрыс шешіңдер
Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Қосу және азайту, 78+22; 100-22»
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Ә) Тірек білімді еске түсіру
Ауызша есептеу «Кім жылдам?» ойыны

Б) Оқулықпен жұмыс
№1 тапсырма.
А) 70+20 8+2 90+10?
Ә) Қосудың тәсілдерін түсіндіру
1 – тәсіл: 78+22=(78+20)+2=100
2 – тәсіл: 78+22=(78+2)+20=100
3 – тәсіл: 78+22=(70+20)+(8+2)=100
№2 тапсырма.
А) 90-20 100-10 10-2 70+8?
Ә) Азайтудың тәсілдерін шешу:
1 – тәсіл: 100-22=(100-20)-2=78
2 – тәсіл: 100-22=(100-2)-20=78
3 – тәсіл: 100-22=(90-20)+(10-2)=78
90 10
В) Тақтамен жұмыс
№3 тапсырма
65+35=100 100-34=66
37+63=100 100-56=44
64+36=100 100-18=82
№4 тапсырма
А) қызғалдақ – 35 ? гүл
Раушан гүлі -- ?, 28 – і кем.
Шешуі:
(35-28)+35=42 (гүл)
Жауабы: барлығы 42гүл сыйлады.
Ә) Ұл балалар – 25 ? бала
Қыз балалар - ?. 10 – ы артық.
Шешуі: (25+10)+25 =60/бала/
Жауабы: Барлығы 60 бала қатысты
Г) Өзіндік жұмыс
№5 тапсырма
Әр қатардағы сандарды кему ретімен теріп жазу, екі қатардағы сандарды салыстыру.
98,89, 87, 78, 64, 52, 46, 25;
91, 84, 71, 48, 32, 23, 19, 17.
Д) Сергіту сәті.
Қимылды ойын
Е) Шығармашылық тапсырма.
Ж) Сабақты бекіту

І
Ү. Қорытынды.
Ауызша жұмыс орындалады.
Кел, ойнайық! «Сөз құрастыр»

50 30 89 7 65 20 59 18 76 60
М А Т Е М А Т И К А

Ү. Үйге тапсырма беру. №4 (а), №6
ҮІ. Бағалау. Оқушыларды мадақтау арқылы бағалау
Просмотров: 4558 | Добавил: Абдигапбар | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика