Портрет жанры - 13 Марта 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Понедельник, 05.12.2016, 19:39
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 346
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Март » 13 » Портрет жанры
19:53
Портрет жанры
Қызылорда қаласы
№ 101 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Құрбанова Қарлығаш

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Портрет жанры
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: Портрет жанрымен танысу; графикалық қабілет пен дағдыны қалыптастыру
2) дамытушылық: Ден қою және байқампаздық қабілетін дамыту
3) тәрбиелілік: Балаларды сурет өнеріне қызықтыру, оларды әдемілікке, сұлулыққа баулу
Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау
Сабақтың әдісі:баяндау, сыни тұрғысынан ойлау әдісі, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: портрет көшірмесі, портреттік фотосуреттер, интрактивті тақта;
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, геометрия;
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
II. Өткен сабақты қайталау
ІІІ Жаңа сабақ:
1) Қызығушылығын ояту
2) Мағынаны тану
3) Ой-толғаныс.
IV. Сергіту сәті
V. Адамның мінез-құлқына байланысты «Мақалды жалғастыр» ойыны
VІ. Үйге тапсырма беру.
VІІ. Сабақты қорыту бөлімі.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.
а)Үй тапсырмасын тексеру;
ә) – Қане, балалар, өткен сабақты қайталау мақсатында мына сұрақтарға жауап берейікші:
«Бейнелеу өнері нешеге бөлінеді? (5 түрге)
1. Сәндік қолданбалы өнер (Адамдардың тұрмысына қажетті әсем бұйымдар жасау өнері. Мысалы: зергерлік бұйымдар, алқа, сырға т.б.);
2. Сәулет өнері (Архитектура. Тұрңые үйлер, тұрмысқа қажетті құрылыстар, мешіт, т.б.);
3. Мүсін өнері. (Қатты немесе пластикалық материалдардан (тас, металл, ағаш, қыш, ермексаз) жасалған, кқлемді пішінге ие бейнелеу өнерінің түрі);
4. Графика (Қаламмен штрихтау арқылы орындалатын жұмыс);
5. Кескіндеме (Түрлі түсті бояумен орындалатын жұмыс).

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Қызығушылығын ояту.
– Енді, балалар, біз кескіндемеге тоқталамыз. Кескіндеменің қандай жанрларын білесіңдер?

Натюрморт дегеніміз не? Пейзаж дегеніміз не?
Кескін дегеніміз не? Кескіннің қандай түрлері бар?

– Балалар, қандай сурет шықты?
– Оны бейнелеу өнерінде қандай жанр деп атайды?
–Дұрыс, портрет.

2. Мағынаны тану.
Портрет – адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма. Адам баласы ерте заманнан айналасын, қоршаған табиғатты, жан-дүниесін, адам бейнесін салуға қызықты. Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел бола алады. Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген белгілі мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ. Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен. Олар Айша Ғалымбаева, Сахи Романов, Молдахмет Кенбаев, Гүлфайруз Исмаилова т.б.


Композициялық орналасуына байланысты портрет 3-ке бөлінеді:
1. Иық бөлігіне дейінгі портрет;
2. Бел бөлігіне дейінгі портрет;
3. Толық фигуралы портрет.

- Осы портреттер жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар. Ол қандай пән деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, ол әдебиет пәні. Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады:
«Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.»
Бұл – өлеңмен берілген портрет. Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет:
«Хамит – ұзын бойлы, жауырынды, тіп-тік, сұр жігіт. Қыр мұрынды, шүңіректеу көзі, сақал мұрты бар. Жасы 25-26 шамасында».
Міне, осы портретті кітап бетінен оқып-ақ көз алдымызға сол адамның бейнесін елестете аламыз.
- Енді барлығымыз да жоғарыдағы үлкен экранға қарайық. Мына суреттер портреттің қай түріне жатады?



Практикалық бөлім.
Компьютерден бастың салу схемасын алып, оқушыларға түсіндіремін:



- Қазір осы схема бойынша өзіміздің сыныптасымызды ортаға шақырып, сол қыздың бейнесін салып көреміз. Кел, Танзира, шыға ғой. Суретімізді салғанда композициялық жағынан дұрыс орналасуын қадағалайық.

IV. Сергіту сәті.
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймыз,
Туып өскен даланы.
Қызыл бояу қызғалдақ,
Сары бояу сарғалдақ.
Жасыл бояу жайлауым,
Іздеп барар армандап.
V. Адамның мінез-құлқына байланысты «Мақалды жалғастыр» ойынын ойнап жіберейік:
1) Атаңның баласы болма,
........ баласы бол. (адамның)
2) Адам болатын бала
......... қарайды (алысқа)
3) Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі .......... (жапырақ)
4) Тау тауға қосылмас,
Адам адамға .......... (қосылады)
5) Көре –көре көсем болады,
Сөйлей –сөйлей .......... (шешен)

VІ. Үйге тапсырма беру.
Портреттің тағы бір түрі болады, ол – автопортрет, яғни суретшінің өзін-өзі бейнелеуі. Осыған байланысты сендерге үйге тапсырма өздеріңнің бейнелеріңді салып келесіңдер.

VІІ. Сабақты қорыту бөлімі.
Ой толғаныс.
Венн диаграммасын сызу. Бейнелеу пәні мен әдебиет пәніндегі портреттің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату
Просмотров: 616 | Добавил: Абдигапбар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика