Пятница, 19.04.2024, 05:01
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Март » 13 » Саған сенемін, ботам!
19:55
Саған сенемін, ботам!
Қызылорда қаласы
№101 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Әбдреймова Гүлмира Жақсылыққызы

Тақырыбы: «Саған сенемін, ботам!»
Мақсаты: Үштік одақ: ата-ана, бала, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Отбасының бала тәрбиелеудегі тиімді тәжірибелерімен алмасу. Өзара көмекке, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, түсіністікке тәрбиелеу. Баланың қызығушылығын арттыру, ойын дамытып, адами қасиеттерге баулу. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасында- ғы сайыс түрінде өтеді.
Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал-мәтел- дер, слайдтар, суреттер.
Барысы:
Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Армысыздар қонақтар!
«Ата-ана – бәйтерек, бала-жапырақ» деген қазақта дана сөз бар. Бәйтерек өз тамырынан қоректік заттар алып, оны жапырақтарына береді. Жақсы ата – анада бәйтерек сияқты. Отбасында бала не кө- ріп, не істесе, соны бойына сіңіреді. Бала тәрбиесінің ең үлкен мек- тебі - өз отбасы.
Бүгінгі ата-аналар мен балаларды біріктіріп сайыс өткізуіміздің басты мақсаты – ата-ана – мектеп-оқушы болып, үш жақты ты- ғыз қарым-қатынас орнату. Ендеше бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер.
Ана - бала, бала - ана бір ұғым,
Бір - бірінсіз жоқ олардың бақыты.
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын,
Екеуінің өтсін бірге уақыты.
Асқар тауы –сүйеніші әкесі,
Мөлдір бұлақ-тіреушісі анасы.
Жасыл құрақ-келешегі баласы,
Олар бірге болар мықты отбасы.
Олай болса бүгінгі сайысқа «Саған сенемін, ботам!» деп, өздерінің кішкентай ғана ботақандарына үлкен сенім артып келіп отырған үміткерлерді ортаға шақырамыз. (сазды әуенмен отбасылар ортаға шығады)
Жүргізуші:
Әділ қазы мүшелері армысыздар,
Қош келіпсіз есен – сау бармысыздар,
Сіздерге үміт артқан отбасыға,
Әділдік пен төрелік айтыңыздар!
Бүгінгі сайысымызға әділ баға беруші әділқазылармен таныс болыңыздар. (әділқазылармен таныстыру)
Бүгінгі отбасылық сайысының ең жоғарғы саны 5 балдық жүйемен бағаланады. Алдымен сайысқа қатысушы отбасыларды сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
Бүгінгі өткізгелі отырған сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
1-кезең «Сәлем-сөздің анасы»
2-кезең «Біз-білімді баламыз!» Бұл кезең 2 бөлімнен тұрады.
1-бөлім Сұрақ-жауап 2-бөлім «Сиқырлы әріптер»
3-кезең «Кім жылдам?» (Аққала құрастыру)
4-кезең «Бағбаншылар» (Көкөніс жинау)
5-кезең «Шешен ата-ана» (Экраннан сурет түсіндіру)
6-кезең «Біз бақытты жанұя» (Үй тапсырмасы)
Олай болса 1-кезең
«Сәлем-сөздің анасы»
«Келді міне сайысатын күн бүгін,
Сәті түсіп, жеңеді екен кімді кім?
Ең алғашқы сайыс шарты бойынша,
Отбасылар таныстырсын бір-бірін»- дей келе сайысымыздың «Сәлем-сөздің анасы» деп аталатын 1-кезеңіне кезек берейік.

Шарты:Бұл кезеңде сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтеді.

2-кезең
«Біз-білімді баламыз!»
Ойы озық өзге жаннан шарықтаған.
Өнері көкке қарай қалықтаған,
Көкірегі ояу, парасатты ой иесі
Ешқашан өз сөзінде жаңылмаған –деп сайсымыздың 2- кезеңінеде аяқ бастық.

Бұл кезең 2 бөлімнен тұрады.
Шарты: 1-бөлімде кішкентай сайыскерлерімізге 3 сұрақтан қойылады, ата-ана өз баласының неше сұраққа жауап бере алатынына сенім білдіреді, әр сұраққа 5 ұпайдан беріледі. Бала толық 3 сұраққа жауап беріп, ата-ананың сенімінен шыққан жағдайда қосымша тағы 5 ұпай беріледі. Бала жауап бере алмаса қосымша ұпай берілмейді.
(Ата-ана сенімін тыңдау)

1-оқушы: Қазір жылдың қай мезгілі?
7-ден 1сан аттағанда неше?(9)
Лақ ненің төлі?

2-оқушы: 1 жылда неше мезгіл бар?
3 пен 5тің ортасында қандай санбар?
Папаңның анасы саған кім болады? (нағашы әже)

3-оқушы: 7 мен 9-дың арасында қандай сан бар?
Бұзаудың енесін не дейміз?
Жаз мезгілінен кейін қай мезгіл?

4-оқушы: Төрт түлікті ата.
Қозының енесін не дейді?
Мамаңның ағасы саған кім болады?

5-оқушы: Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл болады?
9-дың алдындағы сан неше?
Түйенің баласын не дейміз?

6-оқушы: Көктем мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
Жапырақтар қай мезгілде солады?
Отбасы деген не? Онда кімдер тұрады?

2-бөлім
2-кезеңнің 2-бөлімінде балалар әріптерден отбасына қатысты 3 сөз құрауы тиіс. Бұл бөлімде де ата-ана

« Балам менің – бал бөбегім,
Өмірімнің жалғасы.
Ол үшін мен ой толғаймын
Шегініп сен қалмашы.» - деп, баласының неше сөз құрай алатынына сенім білдіреді. Ұпай саны 1-бөлімдегідей беріледі. (Ата-ана сенімін тыңдау)

3-кезең
«Кім жылдам?»
Шарты: Балалар жерде шатасып жатқан фигуралардан аққала құрастырады. Бірінші болып дұрыс құрастырған бала 20 ұпай, 2,3-болып құрастырған бала 15 ұпай, 4,5-болып құрастырған бала 10 ұпай, 6-болып құрастырған бала 5 ұпай жинайды.

4-кезең
«Бағбаншылар»
Шарты: Араласып жатқан көкөністерді балалар біреуден әкеліп ата-анасының қолындағы себетке салады.

5-кезең
«Шешен ата-ана»
Шарты: Экраннан әртүрлі суреттер көрсетіледі. Ата-ана суреттің атын атамай баласына түсіндіреді. Бала ненің суреті екенін табады. Ата-ана баласының неше суретті таба алатынына сенім білдіреді.
6-кезең
«Біз бақытты жанұя»
Сайыскерлерімізге үй тапсырмасы берілген болатын.

Ата болып, ақыл айтып көріңдер.
Әже болып,ертегі оқып беріңдер
Әке болып, ерелетіп көріңдер,
Ана болып, мейірімділік төгіңдер
Аға болып үлгі көрсет кішіге
Іні болып көмектес сен ісіне.
Әпке болып мейіріміңмен аяла,
Қарындас боп бауырында саяла.- деп ақын жырлағандай келесі кезеңде сайыскерлеріміз отбасындағы сыйластық жөнінде « Біз бақытты жанұя» тақырыбындағы жұмыстарын қорғайды.

Қорытынды:
Міне, біздер анықтадық тұлпарды,
Айта алмаспыз, міне мынау кеш қалды.
Риза болып шешіміне әділқазы алақсы
Құттықтайық нәтижемен озып шыққан,
Жүзден жүйрік, мыңнан шыққан тұлпарды! дей келе бүгінгі сайысымызға әділ баға беру үшін әділқазыларға сөз береміз.

(сайысқа қатысушы топқа мақтау қағазы, номинация және алғыс хаттар, мектептен естелік беріледі).
Просмотров: 1576 | Добавил: Абдигапбар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика