Пятница, 29.03.2024, 14:04
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Март » 23 » Жетім
22:18
Жетім

Жетім

 

Сарбаева Б.Ж.

Әлімбет орта мектеп-балабақшасы, Қарғалы ауданы, Ақтөбе облысы.

 

Сабақтың мақсаты: Білімділігі. Оқушылардың мәтін мазмұнын толық менгергендіктерін тексере отырып, әңгімедегі кейіпкерлер, олардың іс-әрекеттері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру, жетім балаға деген жанашырлық сезімін ояту, қазақ елінің өткен тарихына, тұрмыс-тіршілігіне назар аудару.

Дамытушылығы. Оқушының байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да, ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту. Шығармашылыққа баулу. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелігі. Шығарма идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, бір-біріне қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: СТО стратегиялары-ой қозғау, мағынаны ажырату,  сұрақ қою, талдау.

Көрнекілігі: Венн диаграммасы, мақал-мәтелдер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:        I. Ұйымдастыру

                                               II. психологиялық дайындық

- Күнге қолдарыңды созыңдыр. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббат толтырады.

Барлығы: Күн жылуын алақанға саламын,

                      Жүрегіме басып ұстай аламын.

-   Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

 

III. Ой қозғау

 

- Адам бойында қандай жақсы қасиеттер бар?

- Адамгершілік, мейірімділік, сыйластық

- Ал, керісінше жаман қасиеттер қандай?

- Әділетсіздік, қатігездік, арамдық.

- Адам басына қиындық, аштық, қорлық көрсетілген шақтар, кейде қамқоршысыз қалған сәттер де болады. Ол қандай күн? (жетімдік)

- Әрине жетімдік

IV. Жаңа сабақ                  1 слайд

- Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Мұхтар Әуезовтың «Жетім» әңгімесі.

 

 

Жазушы туралы мәлімет.                                          2 слайд

 

 Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы Абай ауданында бұрынғы Шыңғыс болысында, қазіргі Бөрлі бөлімшесінде дүниеге келген. Әкесі – Омархан, атасы – Әуезде хат таныған, сауатты, салиқалы адамдар болған. Мұхтарға алғаш хат танытқан Әуез атасы. Атасы Мұхтардың сауатын әліппемен емес, Абай өлеңдерімен ашты. Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, ірі қоғам қайраткері, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Алматы қаласында жазушының атымен Қазақ академиялық драма театры бар, туған ауылында Бөрліде, Ыстықкөлде мұражайы бар.

Оқулықпен жұмыс

-          Әңгіме кім туралы айтылған?

-          Бала тағдырына жаныңыз ауырды ма?

-          Баланың мұндай күйге түсуіне не себеп болды?

Дәптермен жұмыс                                                                           3 слайд

Қиянат – әділетсіздік, зорлық өктемдік

Қаға беріс – шеттеу, бұрылыс, тасалау, жер

 

V. Мағынаны ажырату

 

1. Мәтіндегі табиғат көрісісі?

2. Қасымның әжесінен айырлыған жерін тауып оқы.

3. Жұрт аманат қып Қасымды тапсырғанда ел сенімін Иса ақтай алды ма?

 

Иса – қатал,                       Б                             Қасым – жетім,

  дәулетті,                                            а                                 мейірімді,

   кекшіл                                               у                                  еңбекқор

                                                               ы

                                                               р

Мақал-мәтелдер                                                                              4 слайд

1.       «Жетім қызы тасбауыр, жайылар да отығар»

2.       Жетім көрсең жебей жүр

Сұрақтар қою

1.       Қасым жетімдіктің қорлығын қалай көрді?

2.       Қараңғы түндегі қорқыныш елесі.

3.       Баланың өлімі.

Идеялар жарысы:

1.       Қазіргі өмірде жетімдер өмірі қандай деп ойлайсыңдар?

2.       Жетімдер үйі неге көбейіп кетті?

3.       Жетімдер үйінде қай ұлттың балалары көп деп ойлайсыңдар?

4.        

 

 

 

VI. Тест жұмысы

 

1.     «жетім» әңгімесін жазған кім?

a.        Абай Құнанбаев

ә.   Мұхтар Әуезов

б.   Бердібек Соқпақбаев

2. Әңгімедегі қандай жыл мезгілі?

a.       Көктем

ә.   Жас

б.   Күз

3. Қасым неше жаста болды?

a.      10 жаста

ә.  11 жаста

б.  12 жаста

4. Қасым Исаға кім болады?

a.       Көршісі

ә.  Танысы

б.  Жақыны

5. Қасым қай кезде шын қайғымен жылады?

a.       Әжесі өлген күні

ә.  Исаның ұрган күні

б.  Қалың тау ішінде

VII.  Бағалау

 

VIII. Үйге тапсырма: 130-133 бет оқу, 134 бет кестені толықтыру. 

Просмотров: 1430 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика