Пятница, 29.03.2024, 18:44
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 946
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 6 » Бұйрық рай (7-сынып)
16:07
Бұйрық рай (7-сынып)

 

Жанұзақова Венера Жанұзаққызы

Қызылорда қаласы
№136 Т. Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:    Бұйрық рай    (7-сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: рай  категориясы туралы оқушылардың білімін жетілдіру, бұйрық райдың өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.
Тәрбиелік мақсаты: шығармашылыққа, шапшаңдыққабаулу, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың  танымдықдеңгейінкөтеру, ой-өрісін, сауаттыжазу қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі:Жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі: Салыстыру,топпенжұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс:Әдебиет, орыстілі, ағылшынтілі, әдебиет
Сабақтыңбарысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардытүгендеу,назарынсабаққааудару.
2.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
1.Ашық рай дегеніміз не?
2.Киіз үй төрінде  бір топ ауыл ақсақалдары қымыз ішіп отыр.Берілген сөйлемдегі етістік қай шақта баяндалған?
3.Наурызда қазақ шәкірттері сауық жасауға даярландық.Сөйлем қай шығармадан алынған ? Берілген сөйлемдегі етістік қай шақта баяндалған?
4.Көсемше дегеніміз не,қалай түрленеді?
5.Қалып  етістіктерін ата.
6.Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақ туралы не білесіңдер?Айырмашылығы мен ұқсастығы туралы баянда.
7.Зат есім қалай түрленеді?
8.Сын есімнің мағыналық түрлерін ата.
9.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
10.Етістіктің шақтары туралы не білесіңдер?
3.Жаңа сабақ
І Қызығушылықты ояту
Етістіктің рай, шақ категориясы туралы не білдіңдер?ІІ Мағынаны тану.                                                                                                                                     Қимылдың,іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын  білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.Етістіктің бұйрық рай тұлғасы бұйрықтық мағынамен бірге талап, тілек ету, ниет мағыналарын білдіреді.Әдетте бұйрықтық, талап ету мағынасы ІІ және ІІІ жақтарда анық көрінеді де,І жақта ол көбінесе ниет ету мағынасында келеді.Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.Алысың
  да сыйлайды, жақының да,Өзіңді өзің төменге түсірмесең. Ә.ТәжібаевБұйрық райдың өзіндік ерекшелігі:1.Жіктік жалғаулары жалғану арқылы жасалады.І айтайын, айтайықІІ айт-, айтыңдарайтыңыз, айтыңыздарІІІ айтсын, айтсын
2.Етістіктің негізгі және туынды түбір тұлғасымен, етіс және болымсыз етістік тұлғаларымен сәйкес, ұқсас келеді.Мысалы:кел, ойла,барғызба,сөйлет3.Етістіктің бұйрық рай түріне кейде –шы,-ші жұрнағы жалғану арқылы да жұмсалады.
Мысалы:Мен алайын-алайыншы
Сен ал-алшы Сіз алыңыз-алыңызшыОл алсын-алсыншы
Желбірейді биікте,
    Ел белгісі-ол сенің.
   Айта қойшы,балақай.
   Рәміздегі қай белгің?(Ту)ІІІ Ой толғаныс183-жаттығуҚолдасын,жыламасын, күрсінбесін,білсін.
184-жаттығу
Бітейін,өсейін, қонайын,жина,бу,бар.
Тәуелдік жалғаулы зат есімдер:құлының, қозың, ұлың, қызың, өмірің,малшың.
Малшың сөзіне талдау жасау
*малшың
*зат есім
*туынды
*дара
*жалпы
*деректі
*тәуелдік формада (оңаша) ІІ жақ анайы
*кімің?
*бастауыш
Мықты болсаң ,тауып көр
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, үш тілде жауап беру.
І топ        Анаңа ауыр сөз . . .       (айтпа)
                Атыңа ауыр жүк  . . .     (артпа)
ІІ топ      Аға алдында пейіліңді  . . .  (көрсет)
                Іні алдында мейіріңді . . .     (көрсет)
ІІІ топ     Ақылдыдан . . .   (үйрен), сұмнан . . .  (жирен)
Айтпа, көрсет,үйрен  сөздеріне дыбыстық талдау жасау.185-жаттығу   Ашық рай                                            Бұйрық райАңшыларға тап болды.                     Аңшыларға тап болсын.          Өркешінен шықты.                           Өркешінен шықсын.Күміс көлдің жағасына келді.         Күміс көлдің жағасына келсін.Бұйрық райлы етістіктерді қатыстыра отырып, сағат тілімен мәтін құрау немесе бата жазу.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:1.Үзінді қай шығармадан алынған.Авторы кім? Бұйрық  райлы етістікті тап.Тағдырыңды тамырсыздық  індетінен қалқала,Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға
  келер ортаға.(М.Шаханов «Төрт ана»)2....Отырдым , көрсем жекіп тастар ма деп,Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба!»-деп. (С.Торайғыров «Бір адамға»)3. ...Мін атқа, қайт ауылға  тағат қыл да, ...Білмеймін, сор аттың ба, бақ  аттың ба ? (М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»)4. Ана тілің –арың бұл,                                                                                   Ұятың боп тұр бетте.                                                                                                                             Өзге тілдің бәрін біл,                                                                                                             Өз тіліңді құрметте.        (Қадыр Мырза Әлі)                    
                                                                             5. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. (С.Торайғыров)6. Сен құрметте оныТүсіндің бе, қарағым?    (Ә.Сәрсенбаев «Сен құрметте оны»)7.- Тоқта, батыр!-деп  Бала би тоқтатыпты. (Ғ.Мүсірепов «Ананың  анасы»)8. Жүрегіңнің  түбіне терең бойла,Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,Мыңмен  жалғыз алыстым, кінә қойма. (Абай  «Өлсем,орным қара жер,сыз болмай ма »)
9. Ғылым таппай мақтанба.
   Орын таппай баптанба.
   Құмарланып шаттанба.
   Ойнап босқа күлуге...
10.Танысы мұны көріп  келе жатқан,
     Астында өгізі бар сабан тартқан.
     «Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
     Келесің, сөйле,-деді,-сен қай жақтан?»  (А.Байтұрсынұлы «Екі шыбын»)
Сабақты қорыту:     Мен бүгін сабақтан не үйрендім?
Бағалау:
Үйге тапсырма:Бұйрық рай.186-жаттығуды орындау.Бата жаттау.

Просмотров: 8421 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика