Қазақ халқының асыл сөз өнері туралы - 8 Апреля 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 11.12.2016, 03:20
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 320
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 8 » Қазақ халқының асыл сөз өнері туралы
09:32
Қазақ халқының асыл сөз өнері туралы

№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің  қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі

 Умарова  Нұрила  Тұрлыбекқызы

Сабақтын тақырыбы:    Қазақ  халқының асыл сөз өнері туралы


Сабақтың максаты:
а)білімділік: оқушыларға сөз құдіреті, әдеби сөйлеу, әдебиеттің оқырман    алдында  алатын орны жайлы түсінік беру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
б)  тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,адамгершілікке,
еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріспе сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, буктемелер, рефераттар, бейнелі суреттер. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен  жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау. Сабақтың барысы:
« Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерде су болса.
Көл бастау қиын емес,
Шабатын жерде жау болса,
Шаршы топта сөз бастау қиын
Шешуін адам таппас дау бар»

                 Жаңа сабақты түсіндіру
    Ата-бабаларымыздың бізге берген еншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері. Осы асыл сөздерін оқып, одан өнеге алу - әрқайсысымыздың   парызымыз. Сондықтан да бүгінгі сабағымызда тіл білімі мен қазақ әдебиеті сабағынан алған білімдерімізді ортаға саламыз.
Асыл сөзді іздесең
Абайды оқы, ерінбе
Адамдықты көздесең
Жаттап оқы көңілге, - деп Сұлтанмахмұт ағамыз жырлағандай, Абай өлеңдерін, қазақ халықының сырлы да сұлу сөздерін оқып, көңілімізге тоқиық.
а) Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға сөз құдіреті, әдебиет пәнінің өзгешеліктері, шығармалар тарихы жайлы түсіндіремін.
Балалар!Сендер сыныптан сыныпқа аттаған сайын сөз өнерінің тылсым сырына дендей еніп келе жатырсыңдар. Әдебиет оқулығы - бұл орайда сендерге бағыт-бағдар сілтеп, кеңесші болатын көшбасшы пән. Байқап отырғандарыңдай, жыл сайын сендерге ұсынылатын  шығармалардың аукымы да ұлғайып, түр-сипаты да күрделеніп келеді. Сонымен бірге сендер окулық материалдарымен  ғана шектеліп  қалмай, өздеріңе ұнаған шығармаларды іздеп жүріп кұмарта оқып жүрген де боларсыңдар. Көркем әдебиетпен шынайы достасқан адам өзіне мәңгілік ақылшы дос тапқандай, б?
 ?р ынтасымен кітапқа беріледі. Ол бейне бір сиқырлап  алғандай өз құдіретіне табынта тарта береді. Оның әсер-қуаты шексіз де шалқар...
Өлең оқыған кезде сендер ерекше елітіп, көркем де көрікті әлемге енесіңдер, ақынның жүрек лүпілімен бірге толқып, дәл бір өз көкейлеріңдегі сыр шертіліп жаткандай әсерленесіңдер; жақсыға сүйініп, жаманға күйінесіңдер; сөзбен салынған суретке көзбен көргендей тәнті боласыңдар; ақынның арман-мұңы ел мұратымен   ұласып, қиялдарыңа қанат бітіреді. Көкіректеріңде өзің оқып түйсінген, өзіңе ғана таныс ғажайып әлем пайда болады. Одан алатын әсерді   қуатты қарапайым тілмен жеткізудің өзі қиын.
    Ал небір қызғылықты, шытырман, тарихи оқиғаларға құрылған әңгіме, повесть, романдарды оқығандағы әсерлерің ше? Бар дүниені ұмытып, сол оқиғалардың ішінде жүргендей етене араласып кетпейсіңдер ме? Өздеріңмен пікірі, ой дүниесі, іс-әрекеті үйлесетін сырлас достар табасыңдар, олардың жақсылықтарына куанып, ағаттыктарына қапаланасыңдар. Сол сиякты бар болмыс-бітімімен жиіркендіретін жағымсыз бейнелермен де жүздесіп, олардың әрбір әрекетіне іштей күрес ашасыңдар. Жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресіне кұрылған тіршіліктің жанд
 ы суреттерінен тұратын көркем әдебиет күрделі табиғатымен сендерді бірде күлдіріп, бірде жылата отырып, өмірді өнер арқылы тануға баурайды.
   Көркем әдебиет үгіт-насихат айтпайды; неден жерініп, неден ғибраттану жөнінде нұсқау да бермейді; ол өмірдің мөлдірген жанды көрінісін сендердің алдарыңа жайып салады да, одан алатын тағылымды әркімнің өз талғам-таразысына қалдырады. Көркем әдебиеттің құдіреттілігі де осында.  Осы құдіретімен ол өнердің барлық түрінен  жоғары тұрады.
       Мәселен, сәулет, сурет, мүсін өнерлерінің туындыларын тамашалап, көз сүйсіндіруге болады. Немесе музыка өнерінің небір ғажап шығармаларын тыңдап, сезім күйіне бөленесіңдер. Бұлардың барлығы да өнер туындылары, барлығы да өзінше құдіретті. Бірақ олардың ешқайсысы сөз өнеріндей өмірдің толыққанды көркем бейнесін сомдай алмайды. Сөз кұдіреті арқылы сендер небір тамылжыған табиғат суретін, келісті тұлғаны, әсем ғимаратты көз алдарыңа елестете аласыңдар, ән мен күйдің әуені құлақтарыңда тұрғандай сезімге де бөленесіңдер. Тарихтың ?
 ?ерең қойнауына саяхат жасап, өткен бабалар ғүұмырына қанығып, бүгінгі замандастарыңның тыныс-тіршілігіне үңіліп, арман-мұңын бөлісе аласыңдар.
   Суретші өз ойын бояу арқылы құбылта жеткізсе, сазгер әуен аркылы сезім қылын шертеді. Әдебиетте мұның барлығы тілдің құдіреті арқылы жасалады. Тіл - көркем әдебиеттің бірінші кұралы. Тіл болғанда, ол - шешен тіл, әсем де әсерлі көркем тіл. Тілдің мұндай құдіретін сарқа пайдалану тек талантты ақын-жазушылардың ғана талайына жазылған. Сондықтан халық ондай асыл сөзді ерекше құрметтеп, қадір тұтады, ұрпақтан ұрпаққа өнеге етеді. Әрине, дарынды сөздің көркем әдебиетке айналуының өзіндік қыр-сыры, ішкі заңдылықтары болады. Көркем әдебиетт
 і басқа ғылыми әдебиеттерден, тіпті оған бір табан жақын келетін пән - тарихтан да өзгешелейтін   сипаттары бар. Әдебиет тарихи окиғалардың жылнамасы да емес, өмірдің немесе әлдекімнің басынан өткен шытырман оқиғаның көшірмесі де емес. Ол — өмір шындығының қаламгер жазушы қиялымен, дүниетанымымен  байытылған  көркем суреті.   Жазушы өмірде болған кандай тарихи оқиғаны суреттемесін, оны ең алдымен өз ой елегінен өткізеді, олардың ең басты сипаттарын анықтап, өз пайым-парасатының көрігіне сала отырып, қайта қорытады, жаңа мән-мағына үст
 ейді, көркемдік нәр береді, сөйтіп, оқырманға ұсынатын дүниесінің мазмұны мен көркі астасқан жанды бейнесін жасайды. Былайша айтқанда, шьшдықты образ арқылы бедерлейді. Яғни көркем әдебиеттегі өмір суреті, адам келбеті - көркем бейне (образ) арқылы сомдалады. Көркем бейне жасауда суреткер  әрқилы тәсілдерді қолданады. Оны әдебиеттану ғылымы зерделейді. Оқулықтағы материалдармен таныса отырып, сендер әдеби-теориялық ұғымдар жөнінде (әсірелеу, шендестіру, өлең, әңгіме, повесть, баллада, т. б.) алғашқы мағлұмат аласыңдар. Бұлар сендерге к
 өркем әдебиетті тереңірек түсініп, байыптай ұғынуға жолбасшы болады.
Нағыз көркем әдебиетті тума дарын, қас шебер, сөз зергері туғызады. Шынайы  дарын — ілуде  біреудің  ғана  маңдайына  жазылатын тәңірдің сыйы. Жазушы дарыны өз халқының ұлттық мәдениетінің нәріне суарылып, ана. тілінің кәусарынан сусындап, еңбекпен шыңдалып барып кемелденеді. Оқырман жүрегіне жол тауып, халық көңіліне мәңгіге ұялайтын болады. Қуатты ой, өрнекті тілден бас құраған  құнарлы өнер шытырмаларын ел мәңгіге есінде ұстап, ұрпақтан  ұрпаққа аманат етіп жеткізіп отырған. Сендерді сол асыл сөз әлемі шақырады.
Міне осылайша әдебиеттің рөлі жайлы айтып болған соң мынадай тапсырма беремін:
1.   Өздерің   оқыған   шығармадан   алған  әсерлерің   жөнінде   әңгімелеңдер.   Ондағы
суреттелген оқиғаларды күнделікті өмірмен салыстырыңдар.
2.  Әдебиеттен алған   әсерлеріңді сурет, музыка шығармаларымен салыстырыңдар.
3.  Жазғы демалыс кезінде оқыған шығармаларыңның кейіпкерлері жөнінде әңгімелеңдер, олар саған несімен ұнады?
4. Оқыған шығармаларыңда қандай жаңа сөздер мен сөз тіркестерін кездестірдіңдер? Өздеріңе ұнаған шумақтарды, суреттеулерді көшіріп жазып, жаттап алыңдар.
5. «Өнер алды - қызыл тіл» дегенді қалай түсінетіндеріңді өз сөздеріңмен баяндаңдар.
Топпен жұмыс
Аталар сөзі-ұрпаққа аманат. Би-шешендердің сөздерінен үзінділерді жатқа айтады.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»  Сөз өнері, тіл туралы мақал-мәтел айтады.
«Болмасаң да, ұқсап бақ…»  Топқа би-шешендердің сөздері таратылады, соны рөлге бөліп оқиды.
Менің пікірім.
Оқушылар сұрақтарды алып, өз пікірлерін білдіреді.
1.Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Сыныпта кім қалай сөйлейді?
3.Мектепте сөйлеу мәдениеті жақсы қалыптасқан оқушы бар ма?
4.Ауылда кімді тілге шешен, жақсы сөйлейді деп ойлайсың?

Бес жолды тұжырым.
Қандай сөздер? Шешендік сөздер
Неге жатады? Сөз өнеріне
Кімдер айтады? Ақындар, би-шешендер
Кімге аманат? Ұрпаққа аманат
Би-шешеннің айтқаны? Соңғы шешім.

Әр топқа кесте таратылады, кестені толтыру:
Не түсіндің?
Нені өзіңе тоқыдың?
Нені білгің келеді?
Сабақтың қорытындысы:
Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
Үйге тапсырма: Жазғы демалыста оқыған шығармаларыңның біріне талдау жасап, жазып келіңдер.
 Жұмыс дәптері 5
1..Өздерің   оқыған   шығармадан   алған  әсерлерің   жөнінде   әңгімелеңдер.   Ондағы суреттелген оқиғаларды күнделікті өмірмен салыстырыңдар.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2. Әдебиеттен алған   әсерлеріңді сурет, музыка шығармаларымен салыстырыңдар.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3. Жазғы демалыс кезінде оқыған шығармаларыңның кейіпкерлері жөнінде әңгімелеңдер, олар саған несімен ұнады?
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------                  
4. Оқыған шығармаларыңда қандай жаңа сөздер мен сөз тіркестерін кездестірдіңдер? Өздеріңе ұнаған шумақтарды, суреттеулерді көшіріп жазып, жаттап алыңдар.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-----------------

Просмотров: 1211 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика