Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы - 8 Апреля 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 04.12.2016, 15:12
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 317
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 8 » Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
09:33
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

№136 Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ТАРИХ
 ПӘНІ МҰҒАЛІМІ ҚАСҚАБАЕВА МАДИНА СЕРІКБАЙҚЫЗЫ.
                                           ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ.

1. Сабақ тақырыбы:§14 Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

2. Сабақ мақсаты:
А) Білімділік: Сақтардың мекендеген жері мен сақ қоғамы туралы мағлұмат беру
Ә) Тәрбиелік: Патриоттық тәрбиесін беру
Б) Дамытушылық: Отан тарихына қызығушылығын дамыту
    3. Көрнекілігі: «Сақ-скиф алтын топтамасы», «Таңбалы тамғалы», электронды
                                оқулықтар, карта,кесте слайд арқылы көрсетіледі.
    4. Әдісі: СТО стратегиясын пайдалану
    5. Түрі: жаңа сабақты игеру
    6. Барысы:
А) Ұйымдастыру
Ә) Үй тапсырмасын сұрау
Б) Жаңа сабақ

    Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға «Сақ-скиф алтын топтамасы» электронды оқулығынан видео-роликтер көрсетіледі.Осыдан соң видео-ролик туралы оқушылар пікірі тыңдалады.
Миға шабуыл:
- Сақтар туралы не білеміз?
- Жауаптар тыңдалады.
   Оқушылар жауабы қорытындылана келе, бүгінгі сабақтың тақырыбы тақтаға жазылып, жаңа сабақ жоспары таныстырылады.
Жоспар:
1. Сақтардың мекендеген жері. Сақ туралы алғашқы мәліметтер.
2. Сақ тайпаларының қоныстануы.
3. Сақ соғамы
    Мұғалім оқушылардың назарын тағы да «Таңбалы тамғалы» электрондық оқулықтың материалын тамашалауға аударады.
   Осыдан соң оқушылар сақтар туралы алғашқы мәліметтерді келтіреді.Мұғалім жаңа сабақты зерттеушілердің мәліметтерін негізге ала отырып, жаңа сабақты бастайды.

1) Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің 2 тобы белгілі.
I. Парсы патшаларының тастағы сына жазбалары;
II. Грек-рим авторларының шығармалары.

Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндерде Қазақстандағы тайпалардың аты аталады. Грек және латын тіліндегі деректердің арасынан  Герадот пен Страбонды атауға болады.

Тұжырым:

                                                       Грекия

                    Үндістан                                                 Рим империясы

                                                       Египет

Сақтар – б.з.б.1 мың жылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. Жалпы, сақ тайпаларының атауының мағынасы жайында көп пікір бар. «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында «Құдіретті еркектер» деп түсіндіреді, ал Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» дейді. Ежелгі грек авторлары сақтарды «Азиялық скифтер» деп атаған.
Герадот өз жазбаларында сақтарды  «Массагет» деп атаған. Тағы бір атауы – дай.
Ктесий: «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қауіпі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады.»

2) Ғалымдар Қазақстанның ертедегі сақ тұрғынының қоныстаеған жерлерін анықтады.
  Картамен жұмыс: Олардың бір тобы Жетісуда Тянь-шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды. Парсылар шошақ бөріктілерді сақ тиграхауда деп атады. Тайпалардың екінші бір тобы Арал бой мен сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен. Парсылар оларды сақ парадарайа теңіздің арғы жағындағы сақтар деген. Олардың оңтүстігінде сақ хаумаваргалар қоныстанған. Ғалымдардың пайымдауынша мұндай атау оларға хаома сусынына байланысты берілген.

           Дайлар                                                                           Аргиппилер

       Исседондар                                                                    Массагеттер

3) Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты. Мұны археологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдейді. Сақ патшалары құдіретті билеушілерге айналды.
Патша міндеті:
1. Бейбітшілік мәселелерді шешу;
2. Келісімдер жасасу;
3. Елшілер тағайындау;
4. Әскер басқару.

Сақ қоғамы

Жауынгерлер                                     Абыздар                       Малшылар мен егіншілер

Қызыл-сары                                              ақ                                        сары-көк

Қоғамдық құрылысы – әскери демократия.
        Тайпа мүшелері өз жиналыстарында көсемін сайлайды.
Тайпа көсемінің міндеті:
1. Бас қолбасшы қызметін атқару;
2. Тайпалар мен ру арасындағы даулы мәселелерді шешу;
3. Қақтығыстарды реттеп отыру;
4. Келіссөздер жүргізу;
5. Жайылым, көші-қон мәселесін реттеу;
6. Жер бөлісімен айналысу.
Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері көсем де болған.
Мәтінмен жұмыс:Әңгіме «Томирис»
Бекіту: Тест арқылы, кесте арқылы бекіту.

Тест
1) Герадот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады?
А) сақтар
Ә) массагеттер
Б) азиялық скифтер
В) дайлар
   2) Иран жазбаларындағы сақ сөзінің мағынасы
          А) сақ-тиграхауда
          Ә) массагеттер
Б) сақ-парадарайа
В) жүйрік атты турлар
  3) Сақ қоғамында ақ түсті киім кигендер
        А) патшалар
        Ә) жауынгерлер
Б) малшылар
В) абыздар
Г) егіншілер  
Кесте

№ Сақ топтарының аты Мекендері
1 Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында
2 Шошақ брік киетін сақтар (тиграхауда) Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда
3 Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга) Мургаб аңғарында өмір сүрді

Үйге: §14 Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
        Кестемен жұмыс, қосымша ақпараттар жинақтау.

Просмотров: 1551 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика