Четверг, 28.03.2024, 23:05
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 946
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 9 » Адамның тірек-қимыл жүйесі.
08:24
Адамның тірек-қимыл жүйесі.

Жадиева Роза Тағыбергенқызы
№136 Т. Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің биология пәнінің мұғалімі
Қызылорда қаласы

Сабақтың тақырыбы:  § 27 Адамның тірек-қимыл жүйесі.
                                             Адам қаңқасының бөліктері. 8 сынып

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Адам ағзасындағы тірек-қимыл жүйесінің атқаратын қызметі,
тіршілігіндегі маңызы туралы ұғынады.
Дамытушылық: Оқушыларды ойлай білуге, нақты жауап беруге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйренеді.
Тәрбиелілік: Ағзадағы мүшелерді қорғауға,өз денсаулығын сақтауға баулиды.
Сабақтың міндеттері:
І. Жаңа тақырыпты меңгереді.
ІІ. Әр қаңқа қызметіне зер салады, құрылысындағы ерекшелігіне мән береді.
ІІІ. Жеке, топта жұмыс жасайды.

Сабақтың көрнекілігі: Интертақта ( барлық сурет, схема көрсетіледі)

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: RWCT (СТО) жобасының ассоциация (тапсыру) әдісі

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың назарына  «Тірек-қимыл» жүйесі туралы не білесіңдер? деген сұрақ ұсынылады.Әр оқушы өз дәптеріне білгендерін жазады. Оқушылардан сұрай отырып, ассоциация құрамыз.

ІІ.Мағынаны тану (Жаңа сабақ)

 Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың жоспары:
1. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы
2.  Адам қаңқасы
 Бас қаңқасы
 Тұлға қаңқасы
 Аяқ-қол қаңқасы
3. Сүйектердің өзара байланысу түрлері
4. Сүйектердің өзара жалғасуы
5. Сүйектің құрамы  

   Бас қаңқасы: ми сауыты,бет сүйегі.
 Ми сауыты өзара берік және қимылсыз байланысқан сүйектерден: төбе, самай, маңдай,шүйде (қарақұс).
 Бас сүйегінің бет бөлімі 15 сүйектен тұрады:астыңғы,үстіңгі жақ, шықшыт, мұрын, көз, кеңсірік, таңдай,тіл асты сүйектерінен, жас сүйегі, соқа тәріздес сүйек, тор сүйек т.б. тұрады. Оның ішінде қозғалатын сүйек- астыңғы жақ.
Тұлға қаңқасы: омыртқа жотасы,қабырғалар және төстік.
 Омыртқа жотасы (бағана)- мойын омыртқасы (7), арқа омыртқасы (12), бел омыртқасы (5), құйымшақ (4-5) бөлімнен тұрады.
 Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады.
 Омыртқа жотасы 4  иілімнен тұрады:алға қараған 2 иін лордоз (мойын,бел), артқа қараған 2 иін кимфоз (кеуде, сегізкөз).
 Омыртқа жотасы ағзаны өзара теңдестіріп, тепе-теңдік жағдайында ұстауға көмектеседі. Адамның тік жүру нәтижесі пайда болған.
 Омыртқа жотасында бірінші омыртқа ауыз омыртқа (атлант).
Ерекшелігі: денесі және өсіндісі болмайды, пішіні сақина тәрізді.
Екі ойығы (үлкен тесігі) бар,бас сүйегіне жалғасады. Омыртқа жотасының өзегіне жақын орналасқан.Жұлын бас қаңқасындағы мимен жалғасып, жүйке жүйесін құрайды.Жұлынды омыртқа жотасы қорғайды.
Кеуде сүйектері: қабырға және төс.12 жұп қабырға алдыңғы жағынан төс сүйекпен, артқы жағынан 12 арқа омыртқасына бекінеді де кеуде қуысын құрайды. Қабырғалардың тікелей төске байланысатын жоғарғы 7-ін “ нағыз қабырғалар”, VІІІ-ІХ-Х қабырғаларды “жалған қабырғалар” дейді. Ол қабырғалар шеміршектер арқылы өзара бірігіп барып төске жалғанады. ХІ, ХІІ қабырғалары “бос қабырғалар ” дейді. Олар төспен байланыспай  алдыңғы ұштары жұмсақ тіндерде бос жатады. Кеуде қуысының сүйектері ішкі мүшелерді қорғайды.
Иық белдеуі: иық, қол сүйектері. Бұғаның бір басы төстікпен, екінші басы жауырынмен буын арқылы жалғасады да иық белдеуін құрайды. Кеуденің сыртқы жағында орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп аталады. Қол сүйектері: тоқпан, кәрі жілік. Кәрі жілік: шынтақ сүйектен тұрады. Қол басы сүйектері: білезік, алақан, саусақ сүйектері. Жамбас белдеуі: жамбас аяқ сүйектерінен. Екі жамбас сүйегі артқы жағынан сегізкөзбен берік тұтасып, алдыңғы жағынан өзара байланысады да жамбас сүйегін құрайды. Жамбас сүйекке ортан жіліктің жұмыр басы кі?
 ?іп тұрады.Аяқ сүйектері: ортан жілік, шыбық сүйек, тізе қақпағы, өкеше сүйектен (толарсақ) табан,башпай сүйектен тұрады.

                                       Сүйектің байланысу түрлері

   Қозғалмалы ( буын)         Қозғалмайтын                       Жарты қозғалмалы                    
 (қол сүйегі, иық белдеуі   (бас сүйегі, жамбас сүйегі)      (омыртқа жотасы)
аяқ сүйегі, қабырғалар)

Сүйектің  өзара жалғасуы:
 Дәнекер және шеміршек ұлпасы арқылы байланысатын қосылу деп атайды.
 Сүйектердің қосылуының ерекше түрі бас сүйегінде кездеседі, оны сүйек тігісі деп атайды.


  Сүйектің пішініне қарай:    Ұзын сүйектер (жіліктер)
      Қысқа сүйектер (омыртқа, табан, қол сүйектері)
     Жалпақ сүйектер (бас, жамбас,қабырға, жауырын)


Сүйектің құрамы: органикалық зат (30 %), бейорганикалық зат (60%),су (10%)
Тәжірибе арқылы анықтау:
1. Сүйекті HCL салса,жұмсарады.Құрамындағы миниралды заттар қалады.  Сүйекті жіп сияқты байлауға болады.
2. Егер сүйекті жағатын болсақ, органикалық қослыстар жанып, H2O буланады.
Сүйек құрамында тек минералды заттар қалады. Сүйектің қаттылығы бейорганикалық заттарға байланысты. Органикалық заттар сүйекке иілгіштік және серпімділік қасиет береді.

ІІІ. Ой толғаныс (жаңа сабақты бекіту).

 Әр оқушы дәптеріне құрған ассоциацияны топтастыру арқылы (жаңа алған білімі, қосымша ақпараттарды жинақтап, бүгінгі сабақтан мен не үйрендім?) өз қорытындысын жасайды.

ІҮ. Бағалау
Оқушылар өздерін –өздері бағалайды.

Үйге тапсырма § 27 және қосымша ақпараттар жинау.  


 Пайдаланылған әдебиет:
1.Қалыпты анатомия және физиология, Алматы,2003 ж.
  Р.Ә.Көзденова,А.Ж.Жайпанова,Н.К.Сейтмәмбетова,Б.Е.Әбдіғаниева

Просмотров: 3650 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика