Шешенге қойылатын талаптар. (қазақ тілі, 11сынып) - 9 Апреля 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Среда, 07.12.2016, 00:50
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 736
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 9 » Шешенге қойылатын талаптар. (қазақ тілі, 11сынып)
22:14
Шешенге қойылатын талаптар. (қазақ тілі, 11сынып)

Алмағанбетова Мархабат

Қызылорда қаласы
№136 Т.Жүргенов атындағы  мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар. (қазақ тілі, 11сынып)
Сабақтың мақсаты: шешенге қандай талаптар қойылады? Жауап алу.
білімділігі:шешен мен шешендік сөздің аражігін ажырата білу.
дамытушылығы: жаттығулар орындау арқылы білім дағдысын қалыптастыру.
тәрбиелілігі: сөз қадірін түсінуге баулу.
көрнекілігі: слайдтар.
пән аралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
                                      2. Үй тапсырмасын сұрау
                                      3. Жаңа сабақ
                                      4. Сұрақтар мен тапсырмалар
5. Бекіту (тест) бағалау
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
А) Діни уағыз шешендік сөз дегеніміз не?
Б) Мақсаты
В)“ Мен дінді ғылым ретінде танимын” тезис

Үй тапсырмасы рельелік әдіспен сұралады.
Жаңа сабақ
     Шешен деген кім?
Бірінші осы сұраққа жауап іздеп көрейік.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде “ Шешен -  тапқыр, ділмар,ресми жиындарда шығып сөйлеуші  оратор” деген.

Квинтилиан“Жақсы шешен болғың келсе, ең алдымен жақсы адам бол” дейді.

Аристотель  “Шешенге сенім туғызатын  үш нәрсе – парасат, ізгілік, сыйластық  ” дейді.

Цицерон  “ Шешендікке нәр беретін үш арна: адам бойындағы талант, терең білім, уағды ”.

Бірде әз Жәнібек хан билеріне: жігітке жақсы болу үшін не керек? Деп сұрайды. Олар: “Жігітке бірінші- білім, екінші- ғылым, үшінші- ұғым  керек. Сосын отты жүрек, батыл тіл керек,’’-дейді.

“Білім” – деп ақылды, “ғылым” – деп оқуды, “ұғым”- деп есте сақтап дұрыс жұмсай білуді айтқан.

Үш дәуірдегі  шешендік  өнердің негізін салушылардың сөздеріне  қарасақ, өзара үндестікті көреміз.
Шешен мен шешендік сөз біртұтас нәрсенің бөлінбейтін екі жағы деп түсінгеніміз дұрыс.
        Шешендік сөзге қойылатын талап
Тілдік қабілет                                          1. Мазмұнын  терең білу
Білімділік                                                 2. Пікірдің дәйектілігі
Шыншылдық                                         3. Пікірдің дәлділігі
Мәселені анық білу                               4.Мақал-мәтелді орынды
Жинақылық                                                    қолдану                                                                                              
Аңғарымпаздық                                     5. Тұрақты тіркестерді                                                                                                                                    
                                                                    орынды  қолдану  

Оқушыларға сұрақ:
Неліктен біз суырылып шешен сөйлей алмаймыз?
Егер осы сұраққа жауап тапсаң, шешендікке бір табан жақындағаның.
57-жаттығу. Түйінді ойды үш сөйлеммен айту.
Тақтаға слайдпен бірнеше тақырыптар беріледі:
1. Шешендік өнерді мектепте пән ретінде оқытудың маңызы қандай?
2. Компьютерлі заманда шешендік өнер қажет пе?
3. Шешендік сөздер тәрбие құралы бола алады ма?
Оқушылар осы сұрақтар бойынша пікір айтады.
Шешенге қойылатын талаптар қаншалықты орындалды?
Рельелік әдіс бойынша фишкалармен бағаланады.
Бекіту:  марафон тест әдісімен оқушылардан 20 сұрақтық тест алынады. 3 сұраққа 2 минуттан уақыт беріледі, бағаланады.
Үйге  тапсырма: Майқы бидің сөздерін  жазып, мағынасын түсіндір

Просмотров: 4001 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика