Четверг, 28.03.2024, 18:16
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 10 » Оқушының білім сапасын жүйелеу
08:19
Оқушының білім сапасын жүйелеу

Қадірбергенов Алиакбар Сейдалыұлы
          №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп директорының орынбасары
                                                      Қызылорда қаласы
                                       Оқушының білім сапасын жүйелеу
     Қазіргі таңда оқылатын пәндер балалардың болашағы,таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда,яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда.Жеке тұлға, дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік  істің ең маңыздысы болып отыр.Кәсіпке дайындау,мақсатты білім беру-жеке тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер.Осы мақсатқа жету оқушының өзі арқылы,ойлау дағдыларын дамыта отырып,жүзеге асыруды қарастырады.
    Оқушы күнделікті сабақтан белгілі білім жинақтайды, оны өз тұжырымына салып қорытады,қабылдайды. «Нені үйрендім,қалай ұғындым?» деп есеп беру арқылы оқушы өзінің жинақтаған білімін ой елегінен өткізеді.Оны мұғалім үнемі жүйелеп  дамытып отыруы керек.Әр тарауды оқып,білгеннен кейін немесе әр сабақты өткеннен  кейін өз шығармашылығы арқылы,не тест,сынақ, бақылау жұмыстары арқылы мұғалім оқушының білімін жүйелеп,сарапқа салып отырады.Соның нәтижесінде оқушының оқуға қабілетін, даралығын, ынтасын байқай алады.
   Мен өз тәжірибемде пән бойынша әр оқушыға бір-бір папка   арнаттым.  Әр тарауды оқып болғанан кейін өзінің түсінгенін,нені үйренгенін,сол сабаққа байланысты өзі қандай қосымша материал қарады немесе өз шығармашылығынан не қосты бәрін жинақтап сол папкаға салады.Сөйтіп,оларды әр тараудан кейін қорғайды.Қосымша өтілген тақырыптардан ауызша сұрақтар қою арқылы бағалаймын.Сол қойған бағаның негізінде оқушының білім сапасын,деңгейін байқаймын да,сол бойынша тапсырманы түрлендіремін.Сабақта өткеннен кейін оқушының материалды қаншал
 ықты қабылдағанына,меңгергеніне байланысты тест жұмысын алдым.Тест оқушылардың алған білім, дағдалырын тексеруге,өтілген материалды одан әрі тани түсуге,бекітуге,қайталап жаңа қырынан тануға,өтілген материалды жинақтап әрі жүйелеп,жан-жақты қайталауға бейімделіп жасалған.Сол арқылы оқушының білім сапасының деңгейін жүйелеп аламын.
   Сынақ сабақтары арқылы да оқушының ауызша,сауаттылығын,дауыс ырғағы мен ой толғауын,өтілген материалды теория түрінде қаншалықты қабылдағанын байқауға болады.Мысалы,оны үлестірмелі карточка арқылы 2-3 сабақты жинақтап бір тексердім де,келесі тапсырмада оқушыны даралап,саралап,қабылдап,қабылдап, деңгейіне қарай деңгейлі тапсырма беруді жүйеледім.
   Бақылау сын жұмыстары,шығарма,мазмұндаманы да жоспарланған уақытында алып,оқушының жазбаша сауаттылығын,ойын өткізе алуын,тақырыпты аша алуын,мазмұнын қалай түсінгені жөнінде тексеру талаптарына қарай бағаладым.Жазба жұмыстары да оқушының білімінің сапасын көрсетеді.Оны үнемі жазғызып отыру,соған қалыптастыру,үйрету де жүйелі іске бейімдейді.
  Оқушының білім сапасын жүйелеу күнделікті сабақ барысында іске асып жатады.Жаттығулар орындату,мәтінмен жұмыс жасау,сұрақ-жауап беру,ребус,сөзжұмбақ шешу,ойын элементтерін пайдалану,оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады,бәріне бірдей қатысып,сол сабақты жақсы меңгереді.Бір оқушы бір сабақта бірнеше рет жауап беріп өзін көрсетеді.Мне, мұғалім сабақ соңында бағалау арқылы оның білімін жүйелейді,оған үйге күрделілеу тапсырма беріп дамытады.
  Оқушы білімін жүйеге келтірерде мұғалім нені дамытуу керек?Ең алдымен оқушының 1)сезімін,түйсігін,2)қабылдауын,ынтасын,3)зейінін,есте ұстауын,4)ұғынуын,ойлау,қиялдау,дағды машығын,жауапкершілігін,өз бетінше ізденісін дамыта білу керек.Сонда ғана оқушы сабаққа деген қызығушылығы артып,сапалы білім алады.Міне,содан кейін алынған білім саласын жүйелеу мұғалімге өте қиынға соқпайды.Түрлі әдіс-тәсілдер оқушының білімді дұрыс қабылдауына,білім деңгейін нақты жүйелей алуға көп көмегін тигізеді.
    Жүйелі алынған білім оқушының да,мұғалімнің де үздіксіз еңбегін көрсетеді.

Просмотров: 1304 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика