Мәтіндік құжатты форматтау - 11 Апреля 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Суббота, 10.12.2016, 07:57
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 736
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 11 » Мәтіндік құжатты форматтау
19:12
Мәтіндік құжатты форматтау

Қызылорда қаласы,   №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп – лицейдің
информатика пәні мұғалімі  Абдкереева Айгерим Жанбырбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты форматтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мәтіндік құжатты форматтау мәнімен таныстыру, мәтіндерді форматтауды үйрету және оған жағдай туғызу
Дамытушылық: мәтіндік құжатта форматтау технологияларын меңгерту
Тәрбиелік: өздігінен жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі, лабораториялық
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:түсіндірмелі –иллюстративті,тексеру
Педагогикалық технологиялар:КОТ,ДОТ
Қолданылатын көрнекіліктер:компьютер, интерактивті тақта, тестік жұмыс, тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару, ақ халат киюлерін қадағалау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сәйкестендіру тесті
End Солға қарай жүру
Home Төмен қарай жүру
Delete Қатардың басына алып бару
Insert Жоғары қарай жүру
Print screen sys Rg Абзац беру

                Қатардың соңына алып бару
Shift + Меню қатарын белсенді ету
Num Lock Керекті аймақты белгілеу
Alt Ашылған беттің көшірмесін жасау
Ctrl+тінтуірдің сол жақ батырмасы Келесі жолға түсі
Backspace Бас әріпен жазу
Tab Бірыңғай бас әріппен жазу

        Оңға қарай жүру
Enter Экранның сол жағындағы әріпті өшіру

        Экранның оң жағындағы әріпті өшіру

                Әріптерді жеп қоюын тоқтату
Caps Lock Сандарды белсенді ету
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Таблицаны толтыру. Текстін орнын ауыстыру және көшіру
Редакциялау үшін Пернетақтамен Құрал-саймандар тақтасынан Меню жолымен
Қиып алу <Ctrl+X> Правка\Вырезать

Көшіру <Ctrl+C> Правка\Копировать
Қою <Ctrl+V> Правка\Вставить

ІV. Жаңа тақырыпқа кіріспе
        Мәтінді форматтау – құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқы пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Құжаттың сыртқы пішіні де көп нәрсені анықтайды.
        Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің оның параметрлері арқылы қою.  
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғна сол ағымдағы параметрлер қабылданады.
Мәтінді форматтауға мыналар жатады:
Әр түрлі қаріптерді пайдалану;
Құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;
Мәтінді бағандарға бөлу;
Символдардың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.
Форматтаудың осы әрекеттерін Формат менюіндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады.
Қаріп параметрлерін өзгерту
Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (шрифт) диалогтік терезесін ашатын Формат менюіндегі Қаріп командасының диалогтік терезесі 2 қосымшадан тұрады.  

Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрлерін ензігу үшін қолданылады.
Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалады. Сызылым (Начертание) өрісінде қаріптің төменде берілген сызылымы таңдалады:
Обычный – қалыпты сызылым;
Курсив – курсив сызылым;
Полужирный курсив – жартылай қарайтылған сызылым;
Полужирный курсив – жартылай қарайтылған курсив сызылым.
Өлшем (Размер) өрісінде қаріптің өлшемі таңдалады.
Астын сызу (Подчеркивание) өрісінде –«асты сызылған» сызықтарының типтері;
Түс (Цвет) өрісінде символдардың түстері берілген.
Көрінуін өзгерту (Видоизменение) төртбұрыштарына мынадай жалушаларды қоюға болады;
Астын сызу (зачеркнутый) – асты сызылған мәтін бір сызықпен сызылады (Мысалы);
Астын екі рет шерту (двойное зачеркивание) – асты сызылған мәтін екі сызықпен сызыды (Мысалы);
Жоғары индекс (верхний индекс) – мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді (Мысалы);
Көлеңкемен (с тенью) – символдардың қасында көлеңке көрінеді;
Контур – символдардың тек контуры көрінеді (мысалы);
Көтерілген (приподнятый) – символдар кескіні қағаз бетінен көтеріліп көрінеді (мысалы);
Батырылған (утопленный) – символдар кескіні қағаз бетіне бастырылып көрінеді (мысалы);
Кіші бас әріппен (малые прописные) – жолдағы әріптер бас әріппен, біақ кіші өлшемге өзгертіледі:
Барлығы бас әріппен (все прописные) – жолдағы әріптер бас әріпке өзгертіледі;
Жасырылған (скрытый) мәтін терілмейді.
Үлгі (Обрзец) өрісінде параметрлері таңдалынған мәтіннің бөлігі көрініп тұрады.
Параметрлері берілген Интервал (аралық) қосымшасы:
Интервал – арақашықтықты пункпен көрсетуге мүмкіндік береді: қалпты, ашылған, қосылған;
Ығысу (смещение) – белгіленген бөлікті негізгі сызықтан жоғары немесе төмен ығыстыру;
Кернинг – символ арасындағы интервалды автоматты түрде таңдауға қызмет етеді.
Анимация (әсерлеу) қосымшасы белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді.
VІ. Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма. Мәтіндік құжатты форматтауды орындаңыз.
Қара сөз тақырыбын –Arial Black қаріпімен, 18 пт қаріп өлшемі, түсі – қызыл. Тақырыпты ортасы бойынша туралаңыз.
Ақын аты қаріп өлшемі 16пт.болсын, оң жақ бойынша туралаңыз, қаріп түрі Arial болсын, курсив, түсі қара.
Қара сөз мәтіні – 14 пт., Times New Roman, түсі-көк.
Жиырма тоғызыншы қара сөз
Абай Құнанбаев  
Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Әуелі "Жарлы болсаң, арлы болма" дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде, жаныңды қинап, еңбекпенен мал тап деген сөз болса, олар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал енбекпен мал іздемек - оларлы адамның ісі.
"Қалауын тапса қар жанады", "Сұрауын тапса адам баласының бермейтіні жоқ" деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.
"Атың шықпаса, жер өрте" дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? "Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол" дейді. Тәңірге жазып мінбей-түспей, арып, шөмеңдеп дуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?
"Алтын көрсе, періште жолдан шығады" дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
"Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті" дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның жанынан да малы қымбат екен. Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнат-танып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұспандық іс емес пе?Осындай білместікпен айтылғансөздеріне бек сақ болу керек.
2-тапсырма. Мәтіндік құжатты форматтауды орындаңыз
Тақырып: шрифт -  Arial Black, курсив подчеркнутый, 21 пт., ортасы бойынша тураланған, түсі көк, символдар арасындағы интервал  – разреженный  3 пт-ға тең. Өлең авторын оң жақ бойынша туралаңыз.
Қалған өлең жолдарын шахмат тақтасының орналасуы бойынша реттеңіз, қаріп Times New Roman, 17.  Түсі қара. Өлең жолдарын бірыңғай жартылай қарайтылған (полужирный) қалпына ауыстырыңыз.  
БІЗДІҢ БАЛА ШАҒЫМЫЗ
Әбіш Кекілбаев
Мына біздер конфет таңдап бірауық,
Үлкендердің алған жоқпыз мазасын.
Біздер емес ерке бала жылауық,
Көкесінен тартқан талай сазасын.
Дей алмаймыз:
Күні бойы доп қуып,
Көк қойнына күміс шарлар самғаттым.
Онда елдің омырауын от жуып,
Жетпеді ұлтан етігіне солдаттың.
Төбемізге талай қатер төнген-ді
Жатқанда ажал ат ойнатып, дауыл сап.
Түсімізге қоса қабат енген-ді
Көкеміз бен күрең қызыл бауырсақ.
Электрондық оқулықпен жұмыс
Тапсырма оқылады, дұрыс батырманың үстің шертіңіздер
VІІ. Үйге тапсырма
Тақырыптарды оқып, конспектілеп келу, практикалық жүзінде үйрену
VІІІ. Қорытындылау, бағалау
Сабаққа белсенді қатысып, үй тапсырмасын және сынып жұмысын жылдам әрі дұрыс орындаған оқушыларды бағалау

Просмотров: 1723 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика