Пятница, 29.03.2024, 01:20
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 946
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 12 » Тәуелсіздік- қасиет тұнған ұлы ұғым
23:40
Тәуелсіздік- қасиет тұнған ұлы ұғым

Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы №101 орта мектептің

бастауыш пән мұғалімі Толыбай Әлия Әнетбайқызы

 

 Сабақтың тақырыбы:  Тәуелсіздік- қасиет тұнған ұлы ұғым

 

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз күнінің тарихын ашып көрсету, халық қаһармандарымен таныстыру. Ауызша сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Шығармашылық жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға, мәнерлеп оқуға, ізденімпаздылыққа үйрету. Патриоттық сезімін ояту.

Көрнекіліктер: Астананың суреті, Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының қалаларындағы «Тәуелсіз монументтері». Жалаушалар

Сабақтың барысы:

Кіріспе:

Мұқағали: Құрметті балалар, құрметті қонақтар, ата-аналар! Бүгін біз тәуелсіз Отанымыздың мерекесін атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгін тәуелсіз ел деп Отанымыздың жасампаз болуын, ана тіліміздің киелі болуын, тарихымыздың жүйелі болуын ұлықтаймыз.

Амина: Біз бүгін тәуелсіз ел деп ұлының ұлағатты, қызының инабатты, халқының салауатты болуына барлық мүмкіндіктерді жолдайтын мемлекетімізді мақтан етеміз. Ендеше тәуелсіздік- біздің бас ұранымыз, көгілдір туымыз, біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.

Мұхаммеджан:

Ән ұраным- жан ұраным

Салар әнім, айтар сөзім.

Мәңгі бақи шырқалады

Республика Ән-ұраны.

Амина: Барлығымыз бірге Қазақстан Республикасының әнұранын айтайық.

Қымбат:

Туған жерге нұр шашып, жарық берген,

Қуаныш пен мол бақыт алып келген.

16-желтоқсан шуақ болып,

Тәуелсіздік еліме алып келген.

Әли:

Аялап ару ананы,

Өсірген өркін баланы.

Бесігім болып тербеткен

Отаным- Қазақстаным!

Саида:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты ата-мекенім,

Отаным- Қазақстаным!

Сәния:

Арайлап атқан таңы бар,

Өрісі толы малы бар.

Омарта толы балы бар

Сыңсыған мойыл талы бар

Хор: « Қазақстан жалауы » оқушылардың барлығы орындайды.

Арсен:

Жұп-жұмсақ жұпар желі бар,

Мөп-мөлдір айдын көлі бар.

Еңбекті сүйген ері бар

Осындай менің жерім бар

 Ақерке:

О, кең далам, кең маралдай керілген,

Мен қызымын шексіз саған берілген

Қалай ғана сүйерімді айтқан боп,

Қай теңеуге қияр дейсің сені мен.

Мади:

Отанды біз ата-мекен,

Деп аялап айиамыз.

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

Аян:

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді бағалап

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Нұрсұлтан:

Күлімде, күн күлімде!

Бүлдіршіндер қуансын.

Қырдың көкшіл түгіндей

Қолдарына ту алсын.

Айзахан:

Күлімде, күн күлімде!

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ.

Зарина:

Сәулесі-күн, шатыры аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан Республикам менің!

Мұқағали: Тобымыздың ең сүйкімді бишісі Аминаны қарсы алайық:

Арман Дильназ

Шөліркемей гүл тұрсын,

Жерім жайнап құлпырсын

Нұрын сыйлап біздерге

Көкке мәңгі  күн тұрсын!

Әсемай:  Ортақ бізге туыстық, 

                 Нұр сыйлаған күн ыстық.

Нәби:      Ыстық бізге кең өлке

                 Ыстық бізге тыныштық

Айым:     Аспанымдай мөлдірмін

                 Жайлауымдай жазықпын

П. Дильназ  Өзенімдей өршілмін

                        Гүлдерімдей нәзікпін.

Амина: Құрметті қонақтар, енді барлығымыз біздің жігіттердің мықтылығын көрейік.

Ортада  « Арқан тартыс » ойыны.

Туған жер қандай көркем мөлдіреген

Желегі желмен ойнап желбіреген

Аралап күндіз түні жүрсем дағы

Тыншымай ет жүрегім елжіреген

 

Құрмаш: Сүйсең Отан – атаңды

Сүйерсің ана тіліңді

Қадірлесең халқынды

Білесің ана тіліңді

Диляра: Қазақ тілім – ана тілім,

Тамыры терең – баба тілім.

Құтты болсын мерекең,

Бал татыған бала тілім.

Димаш: Біз тілейміз бар бөбек,

Бақытты өмір сүргенін.

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын, күлгенін

Аяна: Тілім барда мақтанам,

Тілім менің әппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Әсем: Талмайтын талап берген,

Самғайтын қанат берген,

Мақтанам ана тілім болғанына,

Шаттанам шалқытып ән салғаныма

Абылайхан:

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек балаға дейін ең кіші.

Әнұран, көгілдір Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

Би: « Сарыжайлау »

Қорытынды.

Мұқағали: Тәуелсіздік тұғырың мықты болсын!

Амина: Алдағы мереке құтты болсын!

Шыңдәулет: Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елінің ұрпағының еңсесі биік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін! Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік!

Просмотров: 1815 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика