Қадір Мырзалиев «Ана» өлеңі - 17 Апреля 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Среда, 07.12.2016, 21:15
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 346
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 17 » Қадір Мырзалиев «Ана» өлеңі
13:27
Қадір Мырзалиев «Ана» өлеңі

Қызылорда қаласы
№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тоқтарбаев Бектұрсын
Сабақтың тақырыбы: Қадір Мырзалиев «Ана» өлеңі, 2-сағаты.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.

Үй тапсырмасын сұрау
- «Ана» өлеңін жатқа сұрау.
- Қ.Мырзалиевтің өмірбаянын сұрау.

Өлеңді құрылысына талдау
Бәрі де, Ана, / бір өзіңнен / басталды. (а)
Сен деп жаздым / алғаш өлең / дастанды. (а)
Қуандым ба, / өзің бар деп / қуандым. (б)
Жыладым ба, / өзің жоқ деп / жас тамды. (а)
(3 шумақты, 12 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы)

«Ана» сөзіне ассосация
Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық.
Оқушылар жауабы:
                                              қадірлі

                    ақылды                                                 дос

                        сұлу аяулы

                        ажарлы       құрметті

                                                 мейірімді

Ой толғаныс.
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Синоним.
Мақал-мәтелдер айту
Енді балалар, ана туралы мақал-мәтелдер айтайық.
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.

Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.

Ананың ойы – балада,
Баланың ойы – далада.

Әкеге қарап, ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.

Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.

Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.

Сергіту сәті
«Ана» туралы өлең айту
- «МузАрт» тобының репертуарындағы  «Анаға сәлем» өлеңін айту.

Шығармашылық тапсырма.
«Ана» тақырыбына шағын эссе жазу. (өлең шығару)
Оқушылардың жазған эсселері мен өлеңдерін оқыту.

Анаға тілек тренингі.
Әр оқушы анасына тілектерін жазып, тақтаға ілу.

Сабақтың қорытындысы.
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
- Сабақ ұнады ма?

Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында.
Ана – бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы пейілді жандардың бақытты болуын ойлау керек.

Бағалау.

Үйге тапсырма.
«Ана» туралы өлең құрастырып келу.

Просмотров: 5238 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 3.6/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика