Четверг, 28.03.2024, 23:38
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 946
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 22 » PAINT графикалық редакторына компьютерлік саяхат.
13:28
PAINT графикалық редакторына компьютерлік саяхат.

Амиржанова Гульдана Каршыбаевна,

учитель информатики

в классах с казахским языком обучения

школы-гимназии № 8, г. Щучинск.

 

Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторына

                                        компьютерлік саяхат.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды PAINT графикалық редакторы тақырыбы бойынша оның құрылғылары,жұмыс істеу деңгейімен таныстыра отырып, алған білімдерін нығайтып тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімдерін практикалық сабақтармен ұштастыру.

Дамытушылық: Тұлғаны дамыту, өз пікірін білдіру, тұла бойында өзін-өзі сыйлау идеясын дамыту.

Тәрбиелік:Өзіндік іс-әрекет дағдыны қалыптастыру, белсенділігі мен қызығушылығын, жұмыс істеу қабілетін арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, дәлелдеу,компьютермен жұмыс.

Көрнекілік: Әр түрлі суреттер, үлестірмелі тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  1. оқушылармен амандасу, түгендеу.

ә)   оқушыларды екі топқа бөлу.

б)  үй жұмысын тексеру.

Оқушылар көрсетілген суреттердің атауын айтып отырады.

  1. Қажет аймақтарды белгілеу.
  2. Белгілеу құралы.
  3. Өшіргіш (ластик).
  4. Құю (заливка).
  5. Түс таңдау.
  6. Масштаб.
  7. Қарындаш.
  8. Қылқалам (кисть).
  9. Бүріккіш (распилитель).
  10. Жазу.
  11. Сызық (линия).
  12. Қисық (кривая).
  13. Тік төртбұрыш (прямоугольник).
  14. Көпбұрыш (многоугольник).
  15. Эллипс.
  16. Доғал (скругленный прямоугольник).

   Өткен тақырыппен байланыстыра отырып бүгін біз сайыс сабағын бастаймыз.Әр топта 10 оқушыдан, екі топқа бөлінеміз. Сайысымыздың шарты мынандай:

  1. «Топтар туралы» (өздерін таныстыру)
  2. «Бәйге» (сұрақ-жауап алу)
  3. «Полиглот» (тіл сауаттылығы)
  4. «Сен маған-мен саған» (екі топ бір-біріне сұрақ қояды)
  5. «Оратор» (компьютердің пайдасы мен зияны)
  6. «Тышқанды тазалау» (берілген құралдарды қолдану)
  7. «Кім жылдам?» (ДК-де сурет салу)

 

1-кезең: «Топтар туралы».

І-топтың аты «Монитор».

ІІ-топтың аты «Тышқан».

 

 

 

Әр топ өздерін таныстырады.

2-кезең: «Бәйге».

Екі топқа 7-сұрақтан қойылады.

 

«Тышқан» тобына қойылатын сұрақтар:

  • Paint қандай редактор? (графикалық).
  • Принтердің неше түрі бар? (3 түрі).
  • ЭЕМ-нің неше буыны бар? (5 буыны).
  • Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (меңзер).
  • Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер).
  • Морзе әліппесінде неше таңбалар бар? (нүкте,сызық).
  • Суретті сақтау үшін қандай команда орындалады? (Файл         Сохранить как       ат беру

Сохранить).

 

«Монитор» тобына қойылатын сұрақтар:

  • Принтердің түрлерін ата? (матрица,сия бүрккіш,лазерлік).
  • Компьютердің жанына қойылатын өсімдік қандай? (кактус).
  • Paint редакторын іске қосу амалы (іске қосу        программалар         стандартты       Paint).
  • Компьютердің миы дегеніміз не? (жүйелік блок).
  • Ақпаратты енгізу құрылғысын ата? (пернетақта).
  • Суретті ашу үшін қандай командалар орындалады? (файл          открить).
  • Enter пернесінің қызметі қандай? (бір жолдан екінші жолға ауысады).

3-кезең: «Полиглот».

  Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қандай деңгейде білетіндіктерін тексеру үшін информатикадан термин сөздерін білдіретін суреттер көрсетіледі.

  • Системный блок-Жүйелік блок-Susnem block.
  • Мышь-тышқан-Mouse.
  • Принтер-Баспа-Printer.
  • Окна-Терезе-Windows.
  • Алфавить+Әліппе-Alphabet.
  • Монитор-Монитор-Monitor.
  • Интернет-Интернет-Internet.
  • Рабочий стол-Жұмыс үстелі-Desktop (work table).
  • Флоппи диск-Иілгіш диск-Floppy disk 7.

 

4-кезең: «Сен маған-мен саған».

2-топ бір –біріне 10 сұрақтан қояды.

 

5-кезең «Оратор»

 «Монитор» тобы компьютердің –зиянын, ал «Тышқан» тобы компьютердің пайдасын айтып береді.

6-кезең: Тышқанды тазалау.

  Механикалық тышқанның кірленіп жүрмей қалған жағдайда не жасар едіңіз?

Ол үшін бізге 7 зат қажет. Табақтағы су, сабын, орамал, ақ бет, спирт, мақта, тышқан.

Жауабы: алдымен тышқаннаң шаригі аламыз, оны табақтағы суға жуып, орамалға сүртіп, ақ парақтың бетіне қоямыз. Тышқаннаң ішін спиртке малыған мақтамен сүртіп алып, жаңағы жуылған таза шарикті орнына салып ары қарай қолданамыз.

 

 

7-кезең: «Кім жылдам?».

  Екі топ Paint программасында бүгінгі өткен фигураларды қолданып суреттер салады.

  «Монитор» тобы- «Қыс бейнесі» суретін.

 «Тышқан» тобы-«Жағалаудағы қайық» суретін.

Сабақты бекіту:

  1. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
  2. Фигуралардың түрлерін ата?
  3. Бүрікіш құралын не үшін қолданамыз?
  4. Суретті қалай сақтаймыз?
  5. Программадан қалай шығамыз?

Үйге тапсырма: Paint графикалық редакторы.

Бағалау .

Просмотров: 1625 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика