Ою-өрнек-өрелі өнер - 30 Апреля 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 04.12.2016, 15:14
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 732
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 30 » Ою-өрнек-өрелі өнер
10:42
Ою-өрнек-өрелі өнер

   

Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы №101 орта мектеп

Технология пәнінің  мұғалімі: Арысбекова Шолпан

 Қазақ халқының мәдени асыл қазынасының бір саласы және  ұлттық  келбетін айқындап бейнелейтін өнер түрі ою – өрнек. Қазақтың ұлттық ою – өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі.

 Ою – өрнек өте ежелгі өнер. Оның ұзақ та қызық тарихы бар. Бұдан бір – екі  жүз жыл бұрынырақ адамдар табиғатқа қазіргіден гөрі мүлдем өзгеше қараған болатын. Табиғат олардың анасы еді, ол адамдарды асырайтын, киіндіретін, емдейтін, сонымен бірге, құрметтеп күтпегені үшін жазалап та ала алатын. Ай мен Күн, теңіз бен шөл, жел мен жартас, жануарлар мен өсімдіктер ойлай біледі, сезеді, сөйлей алады және  адамға көмек бере алады немесе одан кек қайтара алады дегенге пенделер сенетін.   Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу)-әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.

 Қазақтың ою – өрнек деген қос сөзі  біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Ою белгілі бір затты ою (тас, темір ағаш, сүйек, былғары, тері, қағаз, мата). Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жымдастырып, желімдеп, жапсырып әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.

 Оюшы шебер іскерлігімен қатар аталып, құрметтелетін, өнерде өзіндік орны бар адам. Ол өзіне дейінгі дәстүрді ою – өрнектің бүкіл сырын толық меңгеріп, оны одан әрі дамытушы.

 Қуанышын да, қайғысын да жан – жануар,  аң – құс, ай, жұлдыз, күн, тау, тас, т.б. байланысты деп түсінген көшпелі қазақтардың сол сезімдері қолөнер туындыларынан да қалыс қалмаған. Дәл бейнесін бермей – ақ, кейбір сипаттары арқылы да таным – түйсіктерін баян етіп отырған. Бертін келе осы өрнектердің кейбір ұқсастығына қарай атауларға ие болған.

 Ою – өрнек  халықтық мұра. Кез  келген халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастап келген өмір салтының, нанымы түсінігінің, арман – аңсарының жарқын айғағы. Қазақтың қолөнері, оның ішінде ою – өрнегі өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасы мен шын мәнінде халқымыздың уақыт тезінен өткен асыл қазынасы. Соңғы кезде рухани  өміріміздегі өзгерістерге байланысты жас ұрпақты ұлттық дәстүр  негізінде тәрбиелеуге бет бұра бастағанымыз белгілі

 Адам өзінің күнделікті өмірінде көріп, қолданып жүрген заттардың жай ған заттар емес, әдемі, көз қуантарлық күнделікті тұрмыс – тіршілігінде ыңғайлы екенін байқайды. Қазақ халқының көне дәуірден ұрпақтан – ұрпаққа, әкеден  балаға сабақтасып, өзіндік тарихымен, әдет ғұрпымен танытқан мұрасы – қолөнер.  Қолөнердің  халықтық әлеуметтік, салт – тұрмысында алатын орны қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсақ оның ішінде қолөнерді нақышына келтіріп, әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол ою – өрнек.

 Халқымыздың ою – өрнегі  кең даланы мекендеген көшпелі талай тайпалар өнерінің әсерімен замандар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою – өрнек үлгілері.  Алғашқы ою – өрнек үлгілері алғашқы   андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан – жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнелері), қиял ғажайып ою – өрнектер (аспан, жер символы) ретінде көрінеді. Олар негізінен мал шаруашылық, аңшылық, әдет – ғұрып, үй жабдықтары мен сән – салтанат бұйымдарын, батырлар қару жарағын әсемдеуге қолданылған. Ұнамды жасалып биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәжілер, ағаштан, қыштан, теріден өңделіп жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.) біздің заманымыздан бұрынғы УІІІ – І ғасырларда ою – өрнек өнерінің ерекше дамығынын көрсетеді. У-УІІ ғасырларда  зергерлік өнері мен кілем тоқу өнерінің жан – жақты дамуына байланысты ою – өрнек өрнегі де  өркендей түскен. Ертеден келе жатқан ескерткіштерде «қошқар мүйіз», «түйе табан» оюлары басым қолданылса, У ғасырдан бастап «қырық мүйіз», «шытырман», «таңдай», «құман басу» т.б. күрделі ою – өрнектер мен толыққан. Ою – өрнектер заттардың көлемі мен формасына, ерекшелігіне, жұмсалатын мақсаттарына қарай ойластырылып жасалады. Кілемдер алғаш ру үлгілеріне («керей үлгі», ою – өрнек түріне тақыр кілем, түкті кілем т.б.) қарай алатын болған. Қазақтың сән және қосалқы өнері туындылары орта ғасырларда (УІІ-ХУІІғ.) көлемі жағынан тұрпатты, шеңбер мен ромба пішініне келтіріліп айқын ою – өрнектермен (ішінара құс пен маймыл бейнелі) көркемделсе, ХУІІІ – ХІХ ғасырларда ұлттық дәстүр жетекші орын ала бастайды. Үй жиһаздарында көбінесе ашық түсті, айшықты жайылмалы (текеметтерде), ақ – қаралы графикалық (сырмақтарда), қызыл мен қара түске құрылған  (тұс киіздерде), алқызыл құлпырмалы (түкті кілемдерде), геометриялық ұласымды, текшелі (алаша, басқұр, тақыр және арабы кілемдерде), конструкциясы, аралас (кебеже, сандық, жүкаяқтарда) ою – өрнектер қолданылады. Кестелеу зерлеу, тоқыма әдістері арқылы жасалатын тұтыну заттары мен киім – кешек өрнектері басқа ою – өрнектерге қарағанда нәзік, ұтымды әрі көркем жасалуымен ерекшеленеді. Ел арасында тұрмыстық ою – өрнектермен қатар ертеден келе жатқан өнердің бір түрі – архат  ою – өрнек.  Ғимараттарда (Тараз моншасы т.б.) ою – өрнекпен әсемдеу УІ ғасырдан қолданыла бастады. Кейінен салынған Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларында да ою – өрнектер өзінің ұлттық қолтаңбасын айқын байқатты. Мысалы, Тараз моншасындағы «кереге» өрнек Айша  бибі күмбезінде геометриялық ырғақпен байи түскен. Ахмет Яссауи ескерткіштерінде жергілікті халықтың ою – өрнек үлгілері басым қолданылған. ХІХ – ХХ ғасырларда бояулы өрнектермен  безендірілген  күмбездер, мазарлар, оюлап  қашалған құлпытастар көптеп  тұрғызылған кезде де қазақтың ұлттық ою – өрнектерінің барлық түрлері көне дәуірден келе жатқан бастапқы нұсқасын сақтап  қалған.

 Қазақтың ұлттық оюларының қазіргі түрлері композициялық жағынан нақты әрі мейлінше жетілдірілген (шаршы ою), «Аралас өрнек» түрлері де жиі кездеседі. Арнайы жоғары білім алған жастар творчествосынан (текемет, кілемдерде) ою – өрнекті белгілі бір мазмұнға құру байқалады.

 Ою – өренек адам баласының ақыл – ойларының толып – толқуымен, жүрегінің лүпілінен, өзінің айнала қоршаған ортадан туған образдар. Гүлдің, жапырақтың, жан – жануардың бейнелері нақты сол шын қалпында берілмей, көшірілмей, образдар арқылы ою – өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше мәнермен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл – халық білімінің, шеберлігінің өсіп, ою – өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы.

    Ою – өрнектің классификациялық негізгі мәнері төрт топқа бөлінеді.

 Классикалық өрнектің төрт тобына:

  Геометриялық – ою – өрнектер:  Зооморфты-(жан-жануар аң пішіндес) ою – өрнектер және космогениялық (аспан, көк әлемінің, жер – дүние сырын бейнелейтін )Өсімдік пішіндес Гүл оюлары жатады. Ою – өрнектің қайсысының бірінші, қайсібірінің екніші, ою – өрнек бір – біріне қалай бағынады. Бұған тек арнаулы физикалық, математикалық заңдылықтар арқылы ғана бағыт – бағдар беруге болады.

 Ою – өрнектерге талдау жасап, классикалық топқа бөлмес бұрын ою – өрнектің негізгі құрылымы қалай, оюға тән ерекшелігі неде, композициялық орналастыру ережесіне, ою – өрнектің пішінін, құрылысын, образдық белгісін өзгертуге сантиметрияның әсері деген сұрақтарға жауап беруіміз керек.

Ата – бабаларымыз малдың ерекше қасиеттеріне бағалап, ән – жырға, күйге қосқан. Күн көрісі төрт түлік мал болған көшпелі қазақтың мал жүнінен, қыл қыбырынан иіріп киіз үй жасауларын, киімдерін тоқығаны, ал сүйегінен,мүйізінен және терісінен илеп, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарын дайындағаны, осы асыл бұйымдарға қиыннан қиыстырып алуан түрлі шытырман ою – өрнектерді түсіріп отырғаны тарихтан мәлім.

Сондай – ақ ою – өрнек элементтері арқылы  халықтың арман – мүддесі, дүниетанымы  берілетінін мынадан көруге  болады. Пазырықтан  табылған сақ дәуіріндегі кілем үлгісінде Ел, Байлық, Қорғаныс ұғымдары шартты түрде «Таңба», «Марал», «Салт атты сарбаз»  бейнесі ретінде  берілген, Мұндағы символды ұғымның мегзері – елді, ел мұрасын сақтау.  Сондай  – ақ, УІ – УІІ ғасырларда  қалыптасқан «Қорған өрнекті» кілем үлгісінде «қала», «өзен», «күмбез», «су», «қорған» бейнеленген. Бұл кілемдегі шартты түсініктің тұспалы «кіндік кесті мекеніңді айла – тәсіліңмен қорғай біл».

 Демек, ою – өрнектер көркемдік, сәндік үшін қолданылғанымен, шартты бейнелер арқылы шындық елесін туындатып, халықтың өмірге деген талыпыныстарын танытады. Мәселен, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреу, қардың, жаңбырдың не себептен болатынын түсінбеген ертедегі қазақ халқы күнді, айды,жұлдызды, аспанды,т.с.с керемет күні деп біліп, сол  күштерге сыйынған.Ай, күн, жұлдыз тәрізді белгілер сол керемет күштерге табынудан қалаған. Компастың, сағаттың қолданылмайтын кезінде қазақтар бағыты, уақыты күннің, айдың, жұлдыздың  қозғалысына қарай болжап білген. Жыл мезгілдері табиғаттан болатын тосын құбылыстарды да алдын ала шамалаған. «Ай тууы», «Күннің тұтылуы», «Ай тұтылатын күн» деген тіркестер осыдан қалған.Осыншама білімдер, дүние жайлы елестер, дүниенің, жердің т.б. құбылыстардың пайда болуы жайында шамалар, болжаулар қазақтың космогониялық өрнектерінде көрініс тапты.

 Халық шеберлерінің айтуы бойынша күннің символы ретінде дөңгелек, дүниенің төрт торабы ретінде төрт құлақ бейнелейді ортасында күннің нұр шашуы, жұлдыз, ай белгілері жапырақтармен өрнектелген «шұғыла» оюы өмір сүрудің қайнар көзі – осылар деген ұғымды мегзейді. (Ө. Шәйбеков).Сол сияқты  «тасбақа» оюы, «тұйық ою» деп те аталады. Тасбақа ұзақ жасайды. Сондықтан да көне заман көшпелілері кие тұтқан. Бейіт басындағы сынтастар көбіне тасбақа бейнесіндегі тасқа қашап орнатылған. Онысы – мәңгілік өмірі мен бақыт тілегені болса керек. Мұнан кейін дамыған «бітпес» оюы да мәңгіліктің символы. Аты айтып тұрғандай, өмірдің тоқтап қалмайтыны, дүниедегі барлық құбылыстардың диалектикалық қозғалыста, дамуда болатынын білдіреді.    «Тасбақа» оюынан басқа байырғы ою – өрнек үлгілері қатарына тұмар ою, қошқар мүйіз, гүл ою, су ою, тау оюлары жатады.

 Тұмар ою

 Тұмар ою – киелі оюлардың бірі. Бұл ою Қарақалпақ, Өзбек, Түркмен, Тәжік ою – өрнектерінде де кезеседі. Қазақ тілінде  «тұмар» Қарақалпақ тілінде Тумар, тәжік тілінде «тумор», Өзбек тілінде «тумар» деп аталады. Көне түрік тілінде «тумар иер» деген сөз бар. Онысы «туған жер» деген. «Тумар» сол тума иер сөздерінің  қосылуы  арқылы шыққан болуы да ғажап емес. Бұрын тұмар ішіне туған жер топырағын, тас қиыршықтарын салған. Онысы «жер ана желеп жебейді», «туған жерге қайтып ораламын» деген сенім. Бұл ұғым қазақ арасында әлі бар. Шашы ұзын қыздар «көзден сақтайды.» деп, жас балаларға аналары «көз тимейді» деп ауыл молдаларына тұмар жаздырып алып (Араб тілінде) тағатын. Мұны қазақ ауаылдарында кездестіруге болады. Тұмар оюы басқұр, аққұр, кілем, текемет киіздердің шетіне салады. «Тұмарша» деп те аталады. Бұл ою басқа да өрнектердің шығуына негіз болды. Мәселен, «шаршы» (мұны «қос тұмар» деп те атайды) бұл да киелі ою. Қазақ ою – өрнектерінің төртбұрышты бітімге салуына себепші болған.

 «Қошқар мүйіз» – кейінгі дамыған ою – өрнектердің негізгі элементі, қазақ ою – өрнегін сөз еткен әрбір зерттеушінің бұл оюға соқпай кеткені жоқ. Қазақ оюларының дені, көп өрнектері мүйіз элементіне байланысты.

 Қошқар мүйіз

 Қошқар – байырғы ұғымда қасиетті мал. Себебі төрт түлік тіршілік тірегі еді. Олардың тұқым жаратушылары кие тұтылады. Қошқар ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба, Қамбар ата, Шекшек ата – қойдың, түйенің, сиырдың, жылқының, ешкінің пі рлері. Күні бүгінге дейін бейіттерімізде қойтас мүсіні бар. «Қошқар мүйіз» оюының  негізінде «қығыр мүйіз», «сыңар мүйіз», «қос мүйіз» сияқты ою – өрнек таңбалары бертін келе сәндік, салтанат белгілеріне айналды. Әйтсе де кейбір ою – өрнек үлгілерінің  бастапқы мағына ұғымы сақталып қалған. Мәселен «қошқар мүйіз» оюы молшылықтың белгісі ретінде әлі де қолданылады.

       Бабалар өнерін алға қарай апару менің және мен секілді миллиондаған ұрпақтың парызы деп білемін.

   Ұлтымыздың ою-өрнектерін өндірістік өнімдерде жаңадан жаңғырту, дамыту арқылы этномәдениетімізге енгізуіміз керек.

      Мен үшін ою өнері сарқылмас бір қазына іспеттес.  Халқымыздың ұлттық ою-өрнегіне көңіл бөлу себебім:  қазақ халқының ою-өрнегіне өте бай екенін түсіндім және де атам заманнан бері келе жатқан ұлттық ою-өрнегінің әлі де дамып, оның күрделі де ашылмай жатқан бай сырларын өз заманына қарай дамуына үлесімді қосқым келеді.

Просмотров: 1124 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика