Біз мектепке барамыз - 7 Июня 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Четверг, 08.12.2016, 21:11
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 346
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Июнь » 7 » Біз мектепке барамыз
18:27
Біз мектепке барамыз

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз!
Мақсаты:
1.Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.
2.Оқушылардың сөздік қорын, тілін, ойын дамыту, ой-өрісін кеңейту, өнерді сүйюге тәрбиелеу.
3.Оқушыларды бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлармен безендіру қанатты сөздер, сурет салынған плакаттар, гүлдер “Балғын балалық” суреттер, “Бүлдіршіндер” көрмесі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) залды дайындау, безендіру
ә)Оқушыларды даярлау
Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен естіліп тұрады.
Тәрбиеші:
- Құрметті ұстаздар,ата-аналар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Мектепалды даярлықты бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық.
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер!
Айналайын балалар,
Алда Мектеп-Ана бар,
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
Өтті оқу, сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Ойыншықтармен қоштасып,
Оқулықпен достаспақ.
Өңкей білгіш балдырған,
Құтты болсын тойларың.
Гаухар:Құрметті қонақтар, армысыздар
Бәріңіз де есен - сау бармысыздар,
Таусылмастай ағытып ой - арманның,
Ал достарым, қысылмастан сөйлегін. Ахжархын:Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Ән «Анадай асыл мектебім» қабыл алыңыздар.
Акжол:Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып ән жазып
Оқып жазып үйрендік.
Сүйген өз қыз, өз ұлын
Бөбегім деп аянбай
Балабақшам өз үйім
Апай болды анамдай Наркыз:Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше,
Балабақшамызбен қоштасатын. Бүгінгі той ерекше.


Нұрдәулет:Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғыңдар,
Ер жетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын,
Туған дала қуансын.
Тәрбиеші: -Бізде Сәуір айында «Әнші,биші болғым келеді» байқауы болып өтті. Біздің сыныптан 2 оқушы қатысып,жүлделі орынға ие болды. Олар: Муратбек Гаухар және Габдрашит Наркыз.Ендеше «Әнші,биші болғым келеді» байқауының жеңімпазы Гаухар қызымыздың әнге де,биге де талабы жоғары. Гаухар талабың таудай болып,қанатың талмай биіктерден көріне бер.
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке қыздың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
ән «Анашым қартаймашы»
Ойын: «Жер,су,ауа»
Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады да бастауыш ортаға шығады. Ол ойынға қатысушылардың кез келгеніне допты лақтырып жібереді де, «жер», «су», «ауа» деген үш сөздің біреуін айтады.Егер бастауыш «Жер» десе, допты қағып алған бала бір үй жануарын немесе жабайы аңның аты аталады. «Ауа» дегенде бір құс айтылуы тиіс. Ал «Су» дегенде суда жүзетін құстың, көліктің аты аталуы тиіс, орындарын айнала бірнеше дүркі тез-тез секіру керек.Ойынның түр-түрі аяқталған сайын доп бастаушыға қайта оралып отырады. Жайбасар, олақ, сасқалақ балалар ойын шартын бұзған заматта-ақ ойыннан шығарылады.
Тәрбиеші: Балалар бәріңде өте алғыр, жылдам екенсіңдер.Жарайсыңдар!
Ақжол: Даярлықтағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Апай сіңірген
Еңбегіңізді ақтаймыз
Гаухар: Талай-талай баспалдақты аттармыз,
Ата-ананың үмітінде ақтармыз.
Апай сізден алған ақылды
Есімізде өмір-бақи сақтармыз.
Тәрбиеші: Наркыз бен Гаухардың орындауында тамаша би: «ХА-ФА-НА-НА»
Мұхамедамин: Баулып, баптап өсірген,
Балалық істі кешірген
Тәрбиелік сөздеріңізді
Ұмытпаймыз өздеріңізді.
Нұрсұлу:Балабақша ігім
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық!
Хор «Ұстазым»
Тәрбиеші: Сұрақ-жауаптар
• Жылдың неше мезгілі бар?атап шығайықшы.
• Төрт түлікті кім біледі,олардың төлдерін не дейміз?
• Отбасы дегеніміз кімдер?
• Үй құстары мен дала құстарын атаңдар.
• Қандай пішіндерді білеміз?
Кәне балалар білім еліне сапар шегуге дайынсыңдар ма? Бәрекелді бәрің де ақылды екенсіңдер.сендердің білімдеріңе өте риза болдық.
Нәргүл:Үлкендердей тап - таза
Жазамыз бормен тақтаға,
Үлгілі бала боламыз.
Жүретіндей мақтана Нұрсұлтан:Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз,
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз. Жәнібек:Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен
Біріншіге барамыз.
ОЙЫН: «шармен билеу»
Шарты: ортаға 8 ата-ана шығады. Екі-екіден жұп болып тұрады. Муызка ырғағымен бірге шармен билеу керек.
Мысалы. Арқа мен арқа,иық пен иық,кеуде мен кеуде,бет пен бет ж/е т.б.
Абылай: Оқушы ертең боламыз
Оқимыз сауық құрамыз
Жақсы оқып сабақта
Кілең бестік аламыз
Мұхаммедамин:Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Тобымызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі - ақ біз
Тәрбиеші: Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Көңілді биді көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер демекші, «Шөжелерім биі»
Көрініс:
Бірінші сыныптың оқытушысы:
- Ал, балалар бүгін «Ш» әрпін өтеміз,
«ш»-дан келетін қандай аттарды
білесіңдер? - дейді.
Тып-тыныш болып қалған сыныптың
артқы партасында, қолын көтерем
ба, көтермейін ба деп отырған бір
оқушыдан,
- Ой, айналайын сен білесің-ау деймін,
айтып жіберші дейді.
Әлгі бала :
- “шыбын”, -депті,
Мұғалім:
- Жақсы-жақсы деп қолпаштап,
көтермелеп жібергені сол, әлгі бала тағы
қолын көтеріпті,
- Кәне тағы айтып жібер,- десе.
Әлгі бала:
- “Тағы бір шыбын”,- депті. Тәрбиеші: Шалықтатып мерекеде ән бастайық, Өнерпаз өлеңдерге тамсанайық Ортамыздан шығады,қараңыздар, Күміс көмей әнші қызды қарсы алайық-дей отырып «Әнші,биші болғым келеді» байқауының 3-орын иегері әнші де,сүйкімді қызымыз Наркыздың орындауында ән «Мама»
Тәрбиеші:Жігіттердің биші аяғы Билемесе тұра алмас. Мерекеде би билесе Қандай ана қуанбас! Ахжархын мен Ақжолдың орындауында би: «флешмоб»
Тәрбиеші: Ойын: «иа, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Таңертен ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ата аналармен ойнау:
1. Балаңызға әрқашан тірексіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз ба?
3. Тамағын уақытылы бересіз ба?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Ойын «орындық»
4 орындықты алып ортаға дөңгелетіп қоямыз.5 адамды ортаға алып шығып.сол дөңгеленген орындықты айналдыра 5 адам музыка жүрген сәттен бастап айналып билеп жүреді.сол кезде музыка тоқтатылса. адамдар орындықты таңдап отырып қалу керек.ал отыра қалмай қалған 5-ші адам ойыннан шығады.солай 1 орындықты шығарумен ойын жалғасады. Балалар мен ата-аналардың орындауында би «флешмоб»
ән: «Дос болайық бәріміз»
Тәрбиеші: Көріп тұрмын мектепке дайын екенсіңдер. Ал әзірше мектепалды даярлықпен қоштасыңдар, мен сендерге аман - сау, мықты, ақылды, білімді болуларына талай еңбек сіңірдім. Міне балалар, сендердің көптен күткен қимастығы мол, қуанышы бірдей мерекелерін аяқталды. Біздің сенімімізді ақтайды, мектепте үлгілі де тәртіпті бала болатындарына сенеміз. Сендерге ақ жол, сәт сапар тілейміз.Құрметті Ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Біздің бүлдіршіндердің білімдері-мен, өнерлерін тамашаладыңыздар. Сіздерге рахмет айта отырып, бүлдіршін-дерге өз тілектеріңізді білдіріңіздер демекпін. Құттықтау сөз кезегі беріледі.
1. «БАСТАУ» әдістеме бірлестігінің жетекшісі: Жақыпова Бахыт Алпысбайқызына сөз кезегі беріледі. 2. Ата-аналарға, қонақтарға: 3. 1-сыныпқа қабылдайтын ұстазға:-
4. Бүлдіршіндерге алғыс хаттар тапсыру.

Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 847 | Добавил: Беку | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика