Күйгенкөл ауылының суқоймаларының биоиндикаторлары. - 22 Августа 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 04.12.2016, 15:10
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 732
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Август » 22 » Күйгенкөл ауылының суқоймаларының биоиндикаторлары.
12:39
Күйгенкөл ауылының суқоймаларының биоиндикаторлары.

Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы
Өтепқали Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Зерттеу жұмысы:
Күйгенкөл ауылының суқоймаларының биоиндикаторлары.



Дайындаған:10 сынып оқушысы
Әсем Ерболатова
Мұғалімі: Апаханова Акманат Мендыгалиевна

2014 жыл

Жұмыстың тақырыбы: Күйгенкөл ауылының суқоймаларының
биоиндикаторлары.
Мақсаты: Суқоймасының флора және фаунасын биоиндикациялау.
Биологиялық анализ жасау, салыстыру.
Бақылау арқылы суқойманың экологиялық жағдайын анықтау.

Жұмыстың мазмұны:

1.Абстракт.
2.Зерттеу бөлімі.
3.Қолданылған әдебиет.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

1.Күйгенкөл ауылының суқоймаларының сапасын,экологиялық жағдайын
биоиндикаторлар арқылы анықтау.
2.Жергілікті халық қолданатын суқойма көздерінің адам денсаулығына
әсерін, сонымен қатар суқойма тіршілігін биоиндикаторлар ретінде
қолдану.
3.Экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қолданатын іс-шаралар
қарастыру.

Жұмыстың ұйымдастырылуы және орындалу кезеңдері.

1.Жоспар құру, бекіту. /қыркүйек/
2.Суқойма орналасуы, тіршілігі, олардың ерекшеліктерін анықтау.
/тамыз2013жыл- қараша 2014жыл//
3.Суқоймасын мекендейтін омыртқасыздар және омыртқалылармен
теориялық тұрғыда танысу.
/қазан 2013жыл- наурыз 2014жыл /
4.Қорытынды /сәуір 2015 жыл /

Жұмыстың маңыздылығы:

1.Биологиялық әдістер арқылы суқойма тіршілігін биоиндикатор ретінде
қолданып экологиялық жағдайын анықтау.
а) омыртқалылар биоиндикатор ретінде
ә) омыртқасыздар биоиндикатор ретінде
2.Суқойманың өз бетімен тазартылуын анықтау.

І. Кіріспе.
Су-жер бетіндегі тіршілік көзі.Ең алғаш жер бетінде тіршілік суда пайда болған.Судың маңыздылығы зор.Тірі ағзада сусыз ешбір тіршілік үрдісі жүрмейді.Адам ағзасы суды үнемі жоғалтып отырады, сондықтан тәулігіне ағзаға 2 литрден кем емес су баруы қажет.Ыстық күндері немесе көп қимылдаған кездері адам тәулігіне 12 литрге дейін су жоғалтады.
Су - сұлулықтың,сымбаттылықтың, тазалықтың, денсаулықтың белгісі.
Адам тамақсыз 1 ай, сусыз 3 тәулік өмір сүреді.
Ежелгі заманнан бері адамдар мекен жайын судың жағасына құрған. Жылдар өте адамзаттың суды қолдануы өсіп келеді, керісінше тұщы судың мөлшері азайып келеді.
Біздің Күйгенкөл ауылымыз су жағасында орналасқан. Сай суы ауылды айналып қоршап жатыр, ал «Бөгет» суы ауыл шетінде орналасқан.Сайдың екі жағында үйлер орналасқан, ауыл тұрғындарының қолда ұстайтын малдары сайдың және «Бөгет» суын ішеді, сонымен қатар суды жабайы үйректер, аққулар, шағалалар жаз бойы мекендейді, олар адамдарға үйренгені соншалық су жағасына жақын жүзіп жүреді.
Бөгет суын сүзгіден өткізіп, тазартып жергілікті халық ауыз су ретінде пайдаланады.
Мемлекетіміздің алға қойған ең басты мәселесі адам денсаулығы болғандықтан, зерттеу жұмысымды жергілікті суымыздың сапасын биологиялық әдістер, биоиндикаторлар арқылы салыстырмалы түрде бақылап, зерттедік. Бірақ, қаншалықты технология жоғары дамығанменде олар «тірі табиғи құралдарға» жетпейді.
Мысалы: кейбір елдердегі суқойма тазалығын анықтау үшін айқұлақтарға элекрондық дыбыстағыш орналастырады. Суқоймадағы сәл ғана өзгерісті дыбыстағыштары арқылы сезіп біледіде нәтижесінде олардың сифондары жабылып қалады.

ІІ.Суқойма мониторингі.

І. Суқойма балықтары.

Сай суқоймасынан мал көп суарылатын болғандықтан айналасы органикалық қалдықтармен ластанған. Ол қалдықтар түрлі микроағзаларға қорек болып табылады. Бұл түрлі аэробты бактериялардың қарқынды өсіп көбеюне жағдай туғызады. Органикалық қалдықтардың суда шіруіне көп мөлшерде оттек қажет болғандықтан, балықтар, басқа да тірі ағзалардың тыныс алуына оттек жетіспеуі мүмкін. Суқоймасында өсетін өсімдіктерде фотосинтез үрдісі жақсы жүреді, олар оттекті бөліп шығарып тұрады, бірақ олар қаншалықты көп болып өссе, соншалықты тіршілігін жояды да қайтадан суқоймасының суын ластайды, олар шірігенде экзотермиялық үрдіс жүріп жылу бөлініп шығады. Нәтижесінде суқоймасының суы жылып кетеді де балықтардың тіршілігіне қолайсыз жағдай туғызады, олардың желбезектері ластанады, тыныс алулары қиындайды, балықтар арасында түрлі аурулар пайда болады.
Біздің зертеген суқоймасының суы ағынды емес, тұрақты , сол себептен сулары да ағынды суларға қарағанда жылырақ болады. Су терең болған сайын салқындайды да балықтарға қолайлы жағдай туындайды.
Біздің зерттеп отырған сай суының тереңдігі 5-6 метр, ал «Бөгет» суының тереңдігі 12 метрге , ұзындығы 6-7 км –ге барады.Суқоймасының суы көктемгі еріген қардың , жазғы жаңбырдың суларымен толады. «Бөгет» суы көтерілген жағдайда арнасынан асып, артық су сай суына құйылады.Жазғы ыстық кездері сай суы азаяды.
Суқоймасында кездесетін балықтардың жоғары температураға төзімділігі:
1.Алабұға 21С
2. Шортан 24 С
3. Тұқыш /карась/,табан /лещ/, қара балық /линь/ 23 С
Балықтар арқылы суқоймасының су температурасын және суда жүріп жатқан үрдістерді анықтауға болады.

II.Суқоймасын мекендейтін қосмекенділер
Ауылымызда көл бақасы көп кездеседі. Қосмекенділердің маңызды ерекшеліктерінің бірі олардың жыныстық құрылымы,популяциядағы аталығы мен аналықтарының қатынасы.Табиғи жағдайда амфибиялар популяциясында аталық және аналық саны бір-біріне тең келе бермейді,аталықтары немесе аналықтары көбейіп кетуі мүмкін.Жыныстық жағынан санының ауытқуы қоршаған ортаның қолайсыз үрдістерінің биоиндикаторлары болып табылады.Бақаларды көбеймейтін шілде-тамыз айларында бақыладық. Соның ішінде 40 бақаның 19 –ы аталық болып шықты, қалған 21 - і аналық. Бақылау нәтижесінде сай суында да, суқоймасында да жыныстық жағынан аналықтары көбірек, аталықтары аз болып шықты. Бұған себеп:
1.Антропогендік фактордың әсері.
2.Суқойманың ластануы.
III.Қосжақтаулылар класына жататын айқұлақ
Айқұлақ «Бөгет» суында ғана аз мөлшерде кездеседі. Бұл омыртқасыз жәндіктер суда табиғи сүзгі қызметін атқарады. Олар суқоймасының суының тазалық деңгейін көрсетеді. Сайға жиналатын суда айқұлақ кездеспейді.Сай суында бұл табиғи сүзгі қызметін атқаратын жәндіктердің болмауы судың сапасының өте төмен екендігін дәлелдейді.Сол себептен мектебіміздегі «Өлкетану» үйірмесінің мүшелері жергілікті халықтың суқойма айналасына түрлі қалдықтарды тастамауын қадағалап, айналасын тазарту жұмыстарын атқарамыз.

IV. Суқоймасында кездесетін шаяндар
Суда шаяндардың көп мөлшерде болуы суқоймасындағы судың ластануы орта деңгейде екендігінін дәлелдейді, егер олар жоғалып кеткен жағдайда суқойманың сапасы төменгі деңгейде деп есептеледі. Биылғы жазғы мезгілдегі зерттеу мен бақылау нәтижесінде шаяндар өте көп мөлшерде ауланғанын анықтадық. Шаяндардың санының азайып немесе жойылып кетуі, суқоймасының тепе-теңдігінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Жағымсыз антропогендік фактордың әсерінен қорек іздеу мақсатында жағаға шыққан 45 шаянның 17-і ғана аталық шаян екендігі анықталды.Бұл жағдай жергілікті шаяндар популяцияларында қолайсыз жағдай пайда болғанын дәлелдейді. Бүгінгі күні шаяндардың саны антропогендік факторға байланысты күрт азайып кетті. Шаяндардың азайуының басты себебі:
1. Оларды аулау және сату.
2. Судың шамадан тыс ластануы

V. Маса мен шыбын
Маса мен шыбынның дернәсілдерінің санының көп болуы да суқоймасындағы судың ластануы орташа деңгейде екенін дәлелдейді. Сонымен қатар сүңгуір, айналма қоңыздар да судың орташа деңгейде ластануына төзімді болып келеді.

ІІІ.Қорытынды:
Ауылды айнала қоршап жатқан сай суы мен суқоймасындағы су биоиндикатор арқылы бақыланып зерттелді. Суқоймасының және сай суының да паспорттарын жасап, орналасуы бойынша картасын құрдық.
Сай суы суқоймасына қарағанда көбірек ластанған болып шықты. Табиғи сүзгі қызметін атқаратын айқұлақ тек «Бөгет» суында ғана кездесетін болғандықтан суқоймасының ластануы орташа деңгейде,ал сай суы өте ластанған деп есептейміз. Сай суының ластануының себептері:
1. судың ауылға жақын орналасуы.
2. органикалық қалдықтардың ( нитраттар мен нитриттер) және малдың қиының көп төгілуі.
3. Сай суы мен суқоймасының төменірек орналасуы(көктемгі мезгілде ауылды жуып аққан су төменге қарай ағады)

ІҮ.Суқойманың өз бетінше тазартылуы.

Суқоймалары өз бетінше тазартылады. Бұл үрдіске суқоймасының барлық тіршілігі қатысады: бактериялар, саңырауқұлақтар,жануарлар, өсімдіктер. Су жағасында өсетін өсімдіктер де судың тазартылуына себебші болады.Мысалы су жағасында өсетін камыс пен қоғаның тамырлары судағы өлшелмелі бөлшектердің 90% ұстап қалады.Судың бетіндегі ұсақ балдырлар да түрлі минералдарды сүзіп, органикалық бөлшектердің тұнуына әсер етеді.
Органикалық қалдықтардың қарапайым қосылыстарға дейін ыдырауы химиялық үрдістер арқылы жүзеге асады.

Зерттеу және бақылау нәтижесінде төмендегідей ұсыныс жасадық:
1. Суқоймасын антропогендік жағымсыз әсерден қорғау жұмысын жандандыру.

Қолданылған әдебиет:
1.Жадин В.И. «Пресноводные моллюски СССР»,
Ленснабтехизда,1933ж
2.Браун В.М. «Рыбы как индикаторы качества воды», Гидрометеоиздат.1977ж
3. Мишуров Н.П. «Охрана окружающей среды» ,
Информагротех, 1999 ж

Просмотров: 515 | Добавил: kairasul2092 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика