Суббота, 20.04.2024, 01:13
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Февраль » 25 » А дыбысы мен әрпі
16:42
А дыбысы мен әрпі

Лаура Саменова

Сабақтың тақырыбы: А дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әріп, дыбыс туралы түсінік беру.
Білімділік: А әрпін таныту. А дыбысының сөздегі орнын айыра білу. Баспа және жазба түрлерін жазуға үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, сөйлем құрастыру, байланыстырып сөйлеуге, ойлауға, есте сақтау қабілеттеріне үйрену.
Тәрбиелік: Алманың пайдасы туралы, аурудың алдын алуға кеңес беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ - жауап, баяндау, сынау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Суретті әліппе, бағдаршам, алма ағашы, жануарлар мүсіні, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз».
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

ІІІ. Өткенді қайталау.
Мұғалім:
1. Біздің Отанымыз қай ел?
2. Президентіміз кім? Ол кісі бізге не деді?
3. Рәміздерге нелер жатады?
4. Қай тілде сөйлейміз?
5.- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Оқушы: Қыркүйек келіп, күз келіп,
Мектепке бет түзедік.
Оқуды да бастадық,
Рахмет саған «алтын күз!»
Мұғалім:- Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?(жеміс - жидек, көкеністер піседі)
- Жеміс - жидектерден не жасайды?
- Көкеністерден ше?
Ойын: «Өз ыдысын тап»
Жемістер банкіге, көкөністер кастрюльге салынады.
Мұғалім:- Бұл не? (Бағдаршам)
- Бағдаршамның неше көзі бар?
Оқушы: Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегеннің,
Сырын жақсы біліп ал.
Қызыл көз жанарда,
Тоқтай қал әманда.
Сары түс — ескерту
Дайын бол табанда.

Мұғалім:- Бағдаршамның қай көзі жанғанда тоқтаймыз?
- Жасыл көзі жанғанда не істейміз?
Ойын: «Бағдаршам» Ойынның шарты:
Қызыл түс - орындарынан тұрады.
Сары түс – оң аяқты көтереді.
Жасыл түс – аяқтарын тап - тап басады.

Ойын: «Не артық?»
- Көліктің қандай түрлері бар?
- Ертеде көлік болмаған кезде нені пайдаланған?
Машина, ұшақ, тікұшақ, троллейбус сөздерін буынға бөлгізу.
Ма - ши - на, ұ - шақ, тік - ұ - шақ, т. б.
Сөйлемдер құрату.
Мұғалім:- Сөйлем нелерден құралады? (сөздерден)
- Сөз неден құралады? (буыннан, дыбыстан)
- Дыбыстың неше түрі бар?
- Дыбысты не істейміз? (естиміз, айтамыз)
Ойын: «Ажырат»
Жабайы жануарлар мен үй жануарларын екіге бөліп, ажырату (мүсіндерін)

«Сәйкестендір». «Өз төлін тап».
Ұйқасын тап.
1. Өзіңше ноян,
Қорқақ кім? (қоян)
2. Алмастан тыным,
Шабады (құлын)
3. Жағасында бұлақ,
Жайылып жүр (лақ)
4. Айбар шегер алыстан,
Аң патшасы (арыстан).
ІV. Қызығушылықты ояту
Суретпен жұмыс.
- Бұл сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- А дыбысынан.
Ендеше, бүгінгі сабақта А дыбысы мен әрпімен танысамыз.

V. Мағынаны тану.
Суретті әліппемен жұмыс.
А - а - а а - дауысты дыбыс.
- А дыбысы созылып, кідіріссіз, ашық айтылады. Ендеше а дыбысы дауысты дыбыс.
Мұғалім: «А» дыбысын естісек, енді көреміз. Дыбыстың жазудағы таңбасы әріп.
Мынау а әрпінің баспа түрі, мынау жазба түрі.
Баспа түрі - кітапта, газеттен көріп оқимыз. Бас әрпі, кіші әрпі. Жазба түрін - дәптерге жазамыз.
Бас әрпі сөйлемнің басында, адам, жер - су аттарында жазылады. Кіші әрпі сөз ортасында, аяғында жазылады.
А әрпін қызыл үйге кіргізейік.
Мынау жазба түрі A а
Төменгі жағы солға имектелген ұзын көлбеу -
Төменгі жағы оңға имектелген ұзын көлбеу -
Белін сызамыз.- A бұл бас әрпі.
о - бүтін құрсау және төменгі жағы оңға имектелген кіші көлбеу.
Оқулықпен жұмыс.
- Бала не істеп жатыр?
- Балаға а дыбысынан басталатын ат қояйық.
Айбек алма жинады.
Мынау - алма ағашы. Сөйлем құрау.
Алма ағашында алмалар көп. Алманың түсі қызыл. Алманың дәмі тәтті.
Алма сөзін буынға бөлейік: ал - ма, 2 буын, 2 дауысты дыбыс бар.
Суретпен жұмыс.
Алмұрт 2 буын, а — дыбысы сөздің басында.
Апельсин 3 буын, а — дыбысы сөздің басында.
Анар 2 буын, а — дыбысы сөздің басында. ортасында.
Жемістер пайдасы.
Мұғалім: Жемістер адамға өте пайдалы. Олардың құрамында дәрумендер (витаминдер) болады.
Алма – В дәрумені.
Апельсин – С дәрумені.
Алмұрт – В дәрумені.

Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.
Дәптермен жұмыс.
Ауада а әрпін жазу, дәптерге жазу. A а
Ойын: «Орамал тастамақ»
А дыбысынан басталатын сөздер айту.
Ойын: «Жұбын тап»

VІ. Ой толғаныс.
- Біз бүгін қандай дыбыспен, әріппен таныстық?
- А дыбысымен.
- А дыбысы қандай дыбыс?
- Дыбысты не істейміз? (естиміз, айтамыз)
Әріпті не істейміз? (оқимыз, жазамыз)

VІІ. Бағалау.
Оқушыларға алмұрт тарату.
VІІІ. Үйге тапсырма.
А дыбысы мен әрпі.

Просмотров: 1596 | Добавил: Лаура | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика