: Қалада. Ауылда. - 7 Февраля 2015 - Сайт творческих учителей Казахстана

Суббота, 10.12.2016, 08:01
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 736
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Февраль » 7 » : Қалада. Ауылда.
18:17
: Қалада. Ауылда.
 
Майда Ильгундинова

Сабақтың тақырыбы: Қалада. Ауылда.
Сабақтың мақсаты: 1Өтілген материалды қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін тексеру.
2 Оқушылардың сөйлеу дағдысын , логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3 Отанды сүюге, туған елдің мәдениетін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу әдісі, әңгімелеу, іздендіру, сөздік жұмыс,
көрнекілік әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша суреттер, сызба, магнитофон, киіз үйдің макеті, сөз жұмбақ..
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
А) сабақтың мақсатын айту
Ә)кезекті сұрақтар:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын ата.
- Бір айда неше апта бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Қалай аталады?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бұл күні неше сабақ болады?
II. Қазақстан туралы сұрақтар:
-Отан деген не?
-Сенің отаның қай жер?
өлең: Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп, қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
-Қазақстан өте бай өлке.
-Қазақстанда не бар? /өзен, көл,тау,орман,қала, ауыл/
- Қандай ауылдар бар?
- Қандай қалалар бар? /кластер құрастыру/
өлең: Астана туралы
Сұрақтар: - Сен қалада болдың ба?
-Қай қалада туыстарың бар?
III.Сөздік жұмыс:
Тақтада жазылған сөздерді қазақ тіліне аударыңдар
Аэропорт, парк, пригласил, встретились, очень большой, юрта, похож, понравился, выставка, железная дорога,болельщик, вопрос, ответ.
/ IV. Сөздік диктант / дәптермен жұмыс
Жолаушы, ұшқыш, өтеді, мұз айдыны, жолсерік, оқу керек, жүк ұшағы, ол үшін, жүрдек пойыз, ғалым, жарыс, әскери тікұшақ .
V.Көмекші есімдерді еске түсіру.
- Балалар, біз қандай көмекші есімдерді білеміз?
/ сызба бойынша жұмыс /

Сөйлем құрастыру
/Үйдің ішінде адамдар бар. Үйдің қасында қора тұр.
Вокзалдың алдында пойз тұр./
- Сен қалада болдың ба?
- Қалада не бар? /суреттер бойынша жұмыс: әуежай, вокзал, стадион, театр, цирк
- Бұның бәрі не? Қандай жер? / көпшілік орындар /
- Осындай көпшілік орындарда адам қандай болу керек? /әдепті, тәртіпті.../
- Әдептілік туралы қандай мақалдар білесіңдер?
1 Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
2 Үлкен бастар, кіші қостар.
3 Ауру қалса да, әдет қалмайды.
4 Татулық табылмас бақыт.
5Ойлаумен ойтолады,
Ойнаумен бой толады.
6 Ынтымақ түбі – бірлік.
7 Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.
8 Жас – кәрінің көзі,
Кәрі – жастың тезі.
- Ал енді біз сондай әдепті, тәрбиелі болып қалаға барайық .
- Вокзалға келдік .
- Вокзалдың ішінде не бар?
- Вокзалдың алдында кім тұр?
- Вокзалдың қасында не тұр?
- Қаланың үйлері қандай?
- Қаланың көшелері қандай?
- Көшеде не тұр?
- Содан кейін стадионға келдік.
- Стадионда кім бар?
- Стадионда не өтеді?
- Қазақстанның әйгілі спортшыларын білесің бе?
- Алматыда «Медеу» деген не?
- Сен театрда болдың ба?
- Театрда не көрдің?
- Спектакль саған ұнады ма?
- Қалада тағы не бар?
- Цирк неге ұқсайды?
- Бұрын қазақтар қайда тұрды?
өлең : Киіз үй дөп- дөңгелек,
Жыққан кезде ол бөлек.
Шаңырақ, уық, кереге,
Ши, есік, үзік, түңлік.
-Цирте не көрдің?
-Әуежай туралы кім әңгіме айтып береді?
- Қалада тағы не бар?
- Сурет көрмесіне кіммен бардың?
- Көрмеде не көрдің?
- Сурет салуды жақсы көресің бе?
/ Сурет салуды жақсы көретіні көрініп тұр.
Ауылда
- Сен қайда тұрасың?
- Ауылда не бар?
-Ауылдың сыртында, қасында не бар?
-Ауылдада, қалада да кім жұмыс істейді?
-Қандай мамандықтар бар?
Сөзжұмбақты шешу
Көлденегінен: 1 Кім үй салады?
2 Кім тамақ пісіреді?
3 Кім азық – түлік сатады?
4 Кім адам емдейді?
5 Кім кітап береді?
6 Кім сиыр сауады?
Тігінен: 1 Кім сабақ береді?
2 Кім машина жүргізеді?
3 Кім киім тігеді?
4 Кім ән айтады?
5 Кім би билейді?
Ойын: 12 жылдан кейін 2020 жылы осы сыныптың оқушылары кім болады?
Дәрігер Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы көремін.
Егінші Бітік егін өсіріп,
Еліне бақ сыйлаған.
Егінші ісін өс біліп,
Ол – халыққа сыйлы адам.
Мұғалім Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің, мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен күліп шығар күн.
Құрылысшы Қолда темір қалағым,
Саздан сарай қаладым.
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.
Шеқарашы Кең дала, тау, көл, теңіз...
Ұлан байтақ өлкеміз!
Өткізбейді жансызды
Шеқарашы көкеміз.
Жүргізуші Отырмын рульде,
Моторым, гүрілде!
Бояушы Сырлап зәулім сарайды,
Таңдандырған талайды,-
Көріп жүрсің сен күнде
Бояушы апай, ағайды.
Теміржолшы Пойз, пойз – солыңда.
Пойз, пойз – оңында.
Теміржолшы аға жүр
Жалаушасы қолында.
* «Дұрыс – бұрыс» ойын өткізу
Қалада ферма бар.
Ауылда әуежай бар.
Ауылда әртістер тұрады.
Қалада сауыншылар тұрады.
Циркте жолсерік жұмыс істейді.
Әуежайда вагон тұр.
Стадионда бағдаршам тұр.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге: ұнаған сурет бойынша әңгіме құрастыру

Просмотров: 625 | Добавил: maidailgundinova2015 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика