Алаша тоқу - 22 Ноября 2014 - Сайт творческих учителей Казахстана

Четверг, 08.12.2016, 21:12
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 320
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Ноябрь » 22 » Алаша тоқу
16:25
Алаша тоқу
Қарағанды облысы
Сәтбаев қаласы
№7 Жалпы орта білім беретін мектебі
«Бейнелеу өнері, сызу және технология» пәнінің мұғалімі
Жоғары санатты ұстаз
Жаманов Ербол Тұрарұлы

Қазақ халқының дәстүрлі өнері

6 «Б» - сынып

(Сыныптан тыс жұмыс)

Сабақтың тақырыбы: Алаша тоқу

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік; оқушылар алаша тоқу өнерімен танысу.
ә) Тәрбиелік; оқушылар алаша тоқу әдісін үйренеді, ұйымшыл-
дыққа, қызығушылыққа, әсемділікке, әдемілікке
тәрбиелеу.
б) Дамытушылық; оқушылар алашаның пайда болу тарихын,
алашаның түрлерін білу.

Сабақ түрі: Лекция сабағы

Сабақ көрнекілігі: Тақта, плакат, интерактивті тақта, тоқылған алаша, түрлі –
түсті жіптер, тоқитын құрал – жабдықтар, кітап, журналдар.

Пән аралық байланыс: Тарихпен, әдебиетпен, геометриямен, бейнелеу өнерімен,
музыкамен, өмірмен байланыс.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
( Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын тексеру)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен тақырыптарды қайталау, папкада жиналған материалдарын
Тексеру

Ж о с п а р :
І. Алаша тоқу өнері (интерактивті тақтамен слайд көрсету)
ІІ. Терме тоқу.
1. Термелеп тоқу әдісі.
2. Қайыра теру тәсілімен тоқу.
3. Кежім теру немесе бұқар теру тәсілімен тоқу.
4. Орама теру тәсілімен тоқу.
5. Бір түсті теру тәсілімен тоқу.
6. Тақыр тоқу немесе тақыр кілем тоқу.
7. Түктеп теру әдісімен тоқу.
ІІІ. Халықтық дәстүрлі тоқу әдісі жаңғыруда.
ІV. Әлемдегі ең ұзын алаша.
V. Алаша тоқу суретін салып үйренейік.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Алаша тоқу өнері. Алаша бүқтеуге, жинауға, алып – салуға қолайлы мүлік. Мұныны ұсталатын орнына қарай әрі енді, әрі көлемді етіп жасайды. Өрмекпен тоқылған алашаның ені әдетте 40 – 45 сантиметрден аспайды. Сондықтан бірнеше кесіндісін біріктіре құрауға тура келеді. Бұл үшін шебер тоқылған материалдың ұзына бойы мен енін өлшеп, одан кейін неше бойы кесіп, құрау қажеттігін есептейді.
Әдетте өрмек жіптерінің 35 – 40 сантиметрдей тоқуға келмей қырқылады. Мұны «өрмектің қырқындысы» дейді. Алашаның бойларын құрау құрау үшін осы қырқынды жіпті пайдаланған жөн. Бұл жіптер ақ, қара, кызыл, - 4 түсті делік. Еңдердің жапсар бойын осы 4 түсті жіпті кезектестіре отырып бұзау тіс тігісімен аралықтарын 1-2 сантиметрдей етіп қосымша сыналана енгізілді де алашаның көлемі үлкейе түседі.
Өрмекке жеңіл әрі жиі қолданылатын өрнектің екі түрі бар. Оның біріншіден «су» өрнегі де, екіншісі «тіс» өрнегі. «Су» өрнегін өрмектің белгілі бір шетінен ерсі жіп пен қарсы жіптің өнбойын бір түсті етіп жүгірту арқылы тоқиды. «Тіс» осы екі жіптің екеуін екі түсті түрмен жүгіртіп тоқиды.
Өрмекте мүйіз, өсімдік, геометриялық фигуралар тәрізді күнделікті өрнектер тоқу кездеседі. Мұндай тоқуды «терме» атайды. Терме өрнегіне жоғары да айтылған жабдықтарды қосымша «ілмек», «өткерме», «мәймөңке» деген жабдықтар қолда-нылады. Мәймөңке өте жұқа етіліп, жып – жылмағай, бұдырсыз істеледі. Өрмек жіптерін қиып, үзіп, не шатыстырып алмас үшін мәймөңкені өте ептілікпен қолданады.
Терме тоқу. Терме тоқудағы өткермелеу, ілмектеу, мәймөңкелеу жұмыстарының барлығы да есептеп санау арқылы, әрбір ілінген жіп санын ұмытпай есте сақтау арқылы орындалады.
Термелеп тоқу әдісі қазақтың өрмек өнерінің ең көп тараған және көркем дүние-лерді тоқуға ең бір қолайлысы деп саналады. Термелеп тоқу әдісі, әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде жақсы дамыған өнер. Сол сияқты бұл әдіс Өзбек, Қырғыз, Қарақалпақ, Түркімен республикаларында да айтарлықтай орын алады.
Қазақстанның Қарағанды, Павлодар облыстарында жиі кездесетін өте ертеден келе жатқан өнер. Олардың өз аймақтарына қарай, өрнек мәнерінде,тоқу әдістерінде өздеріне тән ерекшеліктері бар. Оңтүстік Қазақстан терме тоқудың алты түрлі тәсілі бар және олардың атаулары да әр түрлі.
Қайыра теру тәсілімен тоқу құрылатын өрмектің ерсі жібі мен қарсы жібі 3 – 4 түсті бояулармен боялады да, бұлардың екеуі бірдей теріліп, өрмектің екі жағынан тоқылып шығады.
«Кежім теру» немесе «бұқар теру» тәсілі көп түсті және әр түрлі өрнектен теріліп жасалатын басқұр мен алаша тоқу үшін қолданылады. Мұндағы өрнектер ерсісі мен қарсысындағы әр түрлі жіптерден теріліп, бір діп осы бірнеге түсті жіптерден терілген өрнектің астында бос қалып отырады. Мұндай тоқу әдістері қырғыстанның оңтүстігінде көп кездеседі. Оны олар кейде «каджари» кейде «бұқари» деп атайды.
«Орама теру» тәсілдерімен де басқұрлар, алашалар тоқылады. Мұндай жағдайда өрмектің ерсісі, қарсысы және арқауы бәрі бір түсті жіппен құрылып тоқылады. Бұған көбінесе ақ не қызыл түсті жіптер қолданылады. Тоқу барысында әр түсті жіптерден өрнек салынып, оны жібі өрмектің ерсісіне қолмен оралып, арқаумен бекітіліп отырылады.
Бір теру тәсілі тек ғана басқұр тоқуға қолданылады. Мұндай басқұрлардың ерсі мен қарсы жібі көбінесе бірыңғай ақ жіппен, кейде қызыл жіптен құрылады да, өрнегі қызыл, қара, көк және басқа түсті жіптер теріледі. Мұның бәрін қазақтың қарапайым өрмегімен жіңішке лента тәріздендіріп тоқиды.
Тақыр тоқу немесе тақыр кілем тоқу әсіресе Қызылорда облысында көп дамыған өнер Оған түк орамай, өрнек беретін жіпті ерсі мен қарсының өз бойыңда бояп алады да, жай өрмек әдісімен тоқи береді. Тақыр кілемді кейде кейде жіптерін боямай-ақ, ақ жіп пен қара жіпті кезек келтіріп тоқиды. Сөйтіп көлденең жолақ, кейде ұзын жолақ, сондай-ақ кеңірдек өрнектер тоқылып шығады.
Түктеп теру әдісімен енсіз шағын кілем, кілем, қоржын, түрлі төсеніштер тоқылады. Мұндай өрмектің өрнектеуіш жіптері ерсі мен қарсыға аралас бойлай тоқылады. Бой жіптер қатарыңда тұрған өрнектеуіш жіп өрнек бетінде бос қалып отырады да, соңынан ол кеселмен қырқылып тасталады. Осыдан өрмек бетінде түк пайда болады.

Халықтық дәстүрлі тоқу әдісі жаңғыруда


Дәстүрлі өнерді жалғап келе жатқан санаулы жандардың бірі — Қажауова Қалима. 8 құрсақ көтеріп, 70 жасты таяған кейуана терме алашаны тоқудың қыр-сырын үйретуде. Тоқылатын алашаның ою-өрнегі мен оның түстері шебердің үнемі ойында жүреді. Бұл іс табандылық, логикалық, математикалық есеп пен асқан зеректілікті талап етеді. Әйтпесе, алашаның пішіні айнып кетеді дейді шебер. Қалима Қажауова, қолөнер шебері:
Шөберелеріне құрақ көрпе тігетін апа


Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында Гүлшат Мүтәлиеваны танымайтын жан жоқ. Еңбектеген баладан, еңкейген қарттар оны қолынан бал тамған шебер ретінде жақсы біледі. Өйткені, Гүлшат апаның күнұзақ ермегі де, еңбегі де құрақ көрпеше, тақия, шапан, қоржын тігу, алаша мен жамылғы тоқу. Қыздары мен немерелері, оған қос ауылдың ұзатылатын қыздарының төсек орны мен жасауы шебер апаның қолымен жасалады
Әлемдегі ең ұзын алаша тоқылды


АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Түрік қолөнершісі әлемдегі ең ұзын алаша тоқыды. Бұл жайында timeturk.com хабар таратты. Хатай провинциясының тұрғыны, алаша тоқудың шебері Абдолла Акар Гиннестің рекордтар кітабына енуді алдына мақсат етіп қойыпты.
muslim.kz сайтының жазуынша, ол бұл алашаны бел жазбай 39 күн тоқыған екен. Алашаның ұзындығы -35 м, ені -80 см, ал қалыңдығы -1 мм.
Ол бұл жұмысын аяқтап, көздеген мақсатына жеткені үшін өзі тұрып жатқан қалада кішігірім мереке ұйымдастырды. Оның қуанышын жергілікті билік өкілдері бөлісіп, қолдау білдірді.
ІV. Бекіту кезеңі:Алашаның суретін салып және сыйкәделік ретінде қағаздан алашаны құрасытырып жасаймыз.
V. Қорытынды: 1. Алаша тоқудың қандай түрлері бар ?
2. Алашаны қалай тоқиды?
3. Халықтық дәстүрлі тоқу әдісін видеодан көргеніңді айтшы?
4. Әлемдегі ең ұзын алаша туралы түсінгеніңді айт?

VІ. Бағалау: Топтарға баға қою.

VІІ. Үйге тапсырма: Алаша.
Просмотров: 527 | Добавил: Ербол | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика