Алкандардың алынуы,қасиеттері, таралуы. - 14 Января 2015 - Сайт творческих учителей Казахстана

Понедельник, 05.12.2016, 19:38
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 734
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Январь » 14 » Алкандардың алынуы,қасиеттері, таралуы.
11:53
Алкандардың алынуы,қасиеттері, таралуы.

Семизова Мейрамгүл Жексенбайқызы

Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы ауданы

«Бөкей ордасы колледжі»МКҚК химия пəні оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Алкандардың алынуы,қасиеттері, таралуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге алкандардың алынуын, физикалық,химиялық қасиеттерін жəне таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.

Тəрбиелік: Оқуға , жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тəрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға жəне сөйлеу мəнеріне тəрбиелеу.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, студенттердің пəнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.

Түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.

Әдісі: Түсіндірмелі сұрақ- жауап, ой- толғаныс. Репродуктивті кестелермен

жұмыс. Іскерлік ойындар.

Көрнекіліктері: 1. Слайдтар. 2. Дидактикалық ойын "Химиялық суреттер".

3. Зертханалық құрал- жабдықтар

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау:

1. "Даналық ағашы" іскерлік ойыны.

Бұл ойында студенттер жеміс ағашындағы жемістерді алу арқылы өздеріне ұпай яғни фишка жинайды. Ең көп ұпай санын жинаған студентке жеміс ағашының ең ұшындағы "Білім кілті" табыс етіледі. Яғни "5" деген бағаны иемденеді. Қалған студенттер жинаған ұпай санына қарай бағаланады.

"Даналық ағашы" іскерлік ойынының сұрақтары:

1.Алкандарды басқаша қалай атауға болады ? Не себепті ?

2. Алкандар неге қаныққан көмірсутектер деп аталады ?

3. Гомологтар дегеніміз не ?

4. Гомологтық қатар дегеніміз не?

Келесі сұрақ тəжірибе сұрақ:

5.Белгісіз қаныққан көмірсутектің молекулалық моделі берілген.

Сұрақ: Молекулалық моделъ арқылы қаныққан көмірсутекті табу жəне оның

изомері құрастыру.

6. "Бейнесұрақ". Сұрақты колледждің биология пəнінің оқытушысы қоюына

болады.

Сұрақ: Қаныққан көмірсутектердің барлығында көміртегі атомының тотығу

дəрежесі бірдей емес,мысалы: метан молекуласында -4; ал этан молекуласында көміртегі қандай тотығу дəрежесіне тең? Жауабы: -3.

7.Келесі бейнесұрақ:

2-метил 4-этил гександа қанша изомер бар ? Жауабы: екі изомер бар.

2. Химиялық сурет. Келесі үй тапсырмасын сұраудың шарты сурет арқылы

химиялық құбылысты түсіндіру керек.

II.Жаңа сабақты түсіндіру :

1. Алкандардың алынуы.

2. Алкандардың қасиеттері

3. Алкандардың таралуы

Алкандардың алынуы: Алкандар негізінен табиғатта кездеседі. Газ тəрізді

алкандарды табиғи газ бен мұнайға серіктес газдардан алады.Сұйық алкандар мұнайдың,қатты алкандар мұнай мен озокериттің құрамында олады.Сонымен қатар алкандарды синтездеп алудың бірнеше жолдары бар.1. Алкандарды зертханада қанықпаған көмірсутектерді өршіткілері қатысында гидрлеп алады: H2C = CH2 + H2 H3C - CH3

Этилен Этан

2. Вюрц реакциясы бойынша, алкандардың галогентуындыларына металл натриймен əсер етіп алады: CH3Cl+ 2Na C2H6+2NaCl

Егер Вюрц реакциясын əр түрлі алкандардың гологентуындыларының қатысында жүргізсе, алкандардың қоспасы түзіледі. Мысалы, йодметан мен йодэтанның қатысында Вюрц реакциясы нəтижесінде этан, пропан жəне бутанның түзілуі мүмкін.

3 Алкандарды көмірді гидрлеу арқылы да алуға болады.Бұл реакция жай заттардың (бейорганикалық) органикалық қосылыстарға өту мүмкіндігін сипаттайды.Реакция 500oC температура шамасында, өршіткі (темір оксиді) қатысында жүреді: nCO + (2n+1)H2 CnH2n+2+nH2O

4. Метанды зертханада натрий ацетаты мен натрий гидроксидін балқытып алады:

Алкандар - табиғатта көп таралған көмірсутектер.Оларды табиғи газдан жəне мұнайды фракциялап айдап бөліп алады. Олар қаныққан көмірсутектер. Құрамындағы көміртегі атомдары өзара тек дара байланыстар арқылы жалғасқан.

Алкандардың физикалық қасиеттері.

Алкандардың гомологтық қатарында салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне байланысты балқу жəне қайнау температуралары мен тығыздықтары біртіндеп артады.

Гомологтық қатардағы заттардың қасиеттері ұқсас болады жəне белгілі бір

заңдылықпен өзгереді.Гомологтық қатардың бір мүшесінің қасиеті белгілі болса, сол арқылы басқа мүшелерінің қасиеттерін болжауға болады.Сонымен қатар гомологтық қатарларда диалектиканың сан өзгерісіне ауысу заңы айқын байқалады.

Химиялық қасиеттері.

Алкандар орынбасу, айырылу, изомерлену жəне тотығу реакцияларына

түседі.Алкандардың басқа көмірсутектермен салыстырғандағы бір ерекшелігі-олардың құрамындағы көміртек атомдарының валенттіліктері толығымен сутек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қосылу реакцияларына түспейді.

Орынбасу реакциялары.

1. Галогендену реакциялары- алкандардың практикалық маңызды реакцияларының бірі, жарықтың немесе жоғары температураның əсерінен іске асады.Жарықтың əсерінен жүретін реакциялар фотохимиялық реакциялар деп аталады.Алкандардың гологендермен орынбасу реакциялары хлормен жеңіл,броммен қиындау, йодпен қиын жүреді. Ал фтормен қопарылыс түзе жүретін болғандықтан, реакцияны инертті газ қатысында сұйылтып жүргізеді.Сутектің орнын галогендерге алмастырғанда, алкандардың галогентуындылары түзіледі.

CH4 + Cl2 CH3Cl+HCl

CH3Cl + Cl2 CH2Cl2+HCl

CH2Cl + Cl CHCl3+CHCl3+HCl

CHCl3 + Cl2 CCl4+HCl

2.Нитрлеу реакциясы. Бұл реакцияны орыс ғалымы М.И.Коновалов (1888ж)

ашқандықтан, Коновалов реакциясы деп аталады.

C2H6 + HNO3 C2H5NO2 + H2O

3.Айырылу реакциясы.

CH4 C+2H2

4.Риформинг реакциялары нəтижесінде алкандар ароматты көмірсутектерге,

мысалы,гексан бензолға айналады:

C6H14 C6H6 + 4H2

5.Изомерлену реакциялары барысында көміртектердің арасындағы

байланыстары үзіліп, түзу көміртек тізбегі тармақталады.Бұл үрдіс өршіткі қатысында жəне қыздырғанда жүреді.

6 Тотығу реакциялары

Жану реакциясы CH4+2O2 CO2+4H2

Метанның таралуы

III.Жаңа сабақты бекіту

I.Баламалы тест. Метан мен пропанды салыстыру арқылы оқушылардың білімдерін нақтылау.

Сұрақтар:

1."Батпақ газы' деп аталады? (......)

2. Отын ретінде қолданылады? (.....)

3. Табиғи газдың құрамында бар? (.....)

4. "Сығылған газ" немесе "баллон газы" деп атайды? (......)

5. Мұнайға серік газдардың құрамында бар? (......)

6. Шахтадағы жарылысты туғызатын газ? (.....)

7. Қандай газ қызыл жолақты цистерналар арқылы тасымалданады? (.....)

II. Химиялық сурет арқылы тапсырма беру.

IV. Студенттерді бағалау.

V. Үйге тапсырма. §3.3-§3.4 беттегі 15-16 есептер

Просмотров: 1737 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика