Ашық сабақ "Асхана құралдары" - 7 Апреля 2015 - Сайт творческих учителей Казахстана

Воскресенье, 11.12.2016, 03:20
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 346
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Апрель » 7 » Ашық сабақ "Асхана құралдары"
17:59
Ашық сабақ "Асхана құралдары"
Тәрбиеші: Нургазина Арайлым Ериккызы
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Асхана құралдары.
Мақсаты: Тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мен құралдарды таныстыра отырып, ыдыс-аяқтар туралы салыстырмалы түрде сипаттап беруге үйрету. Ыдыстардың алуан түрлі болатынын (түсі, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалғандығы, жасалуы) айта отырып, бағыт – бағдар жаса білуін дамыту. Ыдыстарды сақтау ережелерімен таныстыра отырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: ойыншық ыдыстарың түрлері (шай, тамақ ішетін, тамақ пісіретін, т.б. ыдыстар, құралдар.
Көрнекілік құралдар: ыдыстардың суреттері, ыдыс-аяқтар, слайд, жеміс – жидектер, аспазшы.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Сабақтың барысы: Кіріспе бөлім:
Тәрбиеші балалармен шаттық шеңберін жасайды.
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз,
Қашан да, қайда да!
Дос болып бәріміз
Сенімді боламыз!

Ұйымдастырушылық-ізденушілік.
–Балалар бүгін біз сабақта ыдыс-аяқтар жайлы әңгімелесіп танысамыз.
Балалар тамақ пісіретін ыдыстарды ас даярлайтын бөлмеде қолданамыз. Тамақты арнайы ыдыстарда пісіреміз.
Ыдыстар шыныдан, металдан, пластмассадан және фарфордан жасалады. Және олардың пішіндері, көлемдері, түстері де әр түрлі болады.
Мысалы балалар тақтада ыдыстар тұр.
Суреттермен жұмыс (тақтадағы суреттер).
–Балалар сорпасы бар тамақты қандай ыдысқа саламыз?
–Ал картопты қандай ыдыста қуырады?
–Дұрыс айтасыңдар балалар, табаға тағы нені қуыруға болады?
–Балалар тамақты пісіруге арнайы металдан жасалған ыдыстарға пісіреді, өйткені пластмасса еріп кетуі мүмкін.
–Нанды қандай ыдысқа саламыз?
–Тамақты немен ішеміз?
–салатты немен жейміз?
–Нанды немен тураймыз?
–Шайды немен ішеміз?
«Саяхат» (азпазшы күтіп тұрады).
–Сәлеметсіңдерме балалар!
–Қалдарын қалай?
–Балалар сіздердің алдарыңызда ыдыстарды түрлері берілген.
Аспазшы көрсетеді.
Тәрбиеші ас даярлауға, тамақ ішуге және шай ішуге арналған ыдыстар болып бөлінетіндігін, олардың көлемі, түсі жағынан әртүрлі болатындығын (үлкен, кіші) дастарқан мәзірін дайындауда қойылатын ыдыс-аяқтар мен құралдар, майлық, орамалдар туралы қосымша сұрақтар қоя отырып, ақпарат береді.

–Маған келгендеріне үшін рахмет, сендердің алдарында алуан-алуан ыдыстар тұр.
-Көрсету.
–Аспазшы балалармен қоштасады.

1)Өздері қалаған бір ыдыстың суретін салу. (Құммен жұмыс)
2)Ыдыстан қақпақтарды алу және оның пішіні мен түсін айту.
«Кім бірінші» ойыны:
Тәрбиеші екі баланы шақырады. Ойын шарты бойынша бірінші бала көкеністерді жинау керек, ал екінші бала жеміс – жидектерді себетке жинауы керек.

–Рахмет балалар.

Сергіту сәті. Музыка әуеніне сүйене отыра қасықтармен ойнау.

Қорытынды:

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Логикалық сұрақтар.
Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 946 | Добавил: Арай | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на http://sabak.ucoz.org обязательна © 2016Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика