Суббота, 20.04.2024, 10:19
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Февраль » 2 » Бейнелеу өнері пәнінде өнер шығармаларын қабылдау бөлімін оқыту әдістемесі
23:56
Бейнелеу өнері пәнінде өнер шығармаларын қабылдау бөлімін оқыту әдістемесі

 

Мырзашева Эльмира Набиуллиновна

№1 орта жалпы білім беретін мектеп

 Жәнібек ауданы

 Батыс Қазақстан облысы

Бейнелеу өнері пәнінде өнер шығармаларын қабылдау бөлімін оқыту

әдістемесі

            Кіріспе. Қазіргі кезде өскелең ұрпақты заман талабына сай тәрбие  мен білім беру мұғалімдерге жүктелетіні бәрімізге мәлім. Мұғалім тек білім беруші ғана емес, ол-оқушының өмір жолын таңдаудағы сенімді серігі.  Ол оқушыға тек  мамандық таңдауға ғана көмектесіп қоймайды, алған білімдерін өмірінде қолдана білуге, ортамен араласа білуге, мәдениетті де саналы болуына, өз елінің өнері мен тарихын, тілін құрметтеуге үйретеді.Әр  мұғалім өздерінің пәндері бойынша балаға қажетті білімді береді десек, бейнелеу өнері пәні мұғалімдері  жас ұрпаққа    көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді. Білім жүйесінің жаңа құрылысы мен оқу әдістемелік жұмыстарының мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуды , шыңдауды талап етеді.Дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс – тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды да оның шешу жолдарын іздестіреді. Бұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бұл тәсілдер эстетикалық пәндерді оқыту бойыншада қолданылуы керек.

Қазіргі кезде саналы, білімді деген адамдар    еліміздің суретшілерін, шығармаларын танып білуде ақсап жатады.  Қолөнерге деген қызығушылықтары төмен. Сондықтанда Қазақстан суретшілері шетелдерге барып көрмелерін сол жақта ұйымдастырып, танылып  және кейбір құнды жәдігерлеріміз, қолөнер бұйымдары шетелге сатылып, жоғары бағаланып жатыр.Мысалға алатын болсақ  жерлес суретші Сәкен Ғұмаровтың алғашқы көрмелері шетелде ұйымдастырылып, сол жақтан жоғары бағаға ие болған, кейін ғана елімізге танылды. Ол кісінің кейбір жұмыстары шетелде қалып қойған. Осындай орынсыз қателіктер болмау үшін балаларды  мәдениетті түсініп, саралай білетін ұрпақ дайындау үшін мектеп жасынан тәрбиелеу керек. Әрине осы бағытта оқушыларды тәрбиелеудің бір ұшы бейнелеу өнері пәні мұғалімдеріне тиетіні белгілі.

            Бейнелеу өнері пәнінде жаңаша түрде өткізу заман талабы болып отыр. Бұрынғы әдіс-тәсіл бойынша балаға сурет салу жолдарына үйретуге көбірек көңіл бөлінсе, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкенде, өнер пәнін оқытуда   оқушы тұлғасының өмірлік көзқарасының негізін құрайтын, оның өнегелі-эстетикалық тәрбиесіне әсер ететін әр түрлі өнер түрлерін кешенді түрде меңгерген шығармашыл тұлға тәрбиелеу көзделінеді. Сондықтанда қазіргі уақыттан бастап бейнелеу өнері пәнінде өнер шығармаларын оқытуға көбірек көңіл бөліп, әдістемелерін дайындау керек деп ойлаймын.

 

Өнер шығармаларын  оқытуда туындайтын қажеттілік.
1. Оқушылардың ой – өрісіне, жас ерекшеліктеріне қарай  шығармаларды таңдап алу.
2. Суретшілердің жұмыстарын  таныстыру барысында әңгімеге оқушыларды да қатыстыру.
3. Оқушылардың суреттердегі көркемдік ерекшеліктерді көру қабілеттерін дамыту және   көркем тілмен баяндата білу.
4. Өнер шығармаларын жеке – жеке талдау, ой – өрістерін арттыру. Көркемдік деңгейін толықтырып отыру.
5. Оқушының қызығушылығы мен шығармашылығын сабақ үстінде арттыру үшін оқушымен бірге сурет салу болып табылады.


Мұғалімнің өнер шығармаларын оқытуда қолдануға болатын әдіс-тәсілдер:


1 Оқушы өздігінен ізденіп, материал жинау үшін суретшілер  немесе шығармалар туралы  қызықты мағлұматтар беру, баяндау;

2  Салыстырмалы түрде бейнелеу өнерінің түрлерімен жанрларын талдату, саралау;

3 Суретшілердің сурет салуда қолданған әдіс-тәсілдерін орындату, сарамандақ жұмыстар жүргізу;

4 Сабақ барысында таныстырумен бірге кластан тыс әңгіме, лекция , көрме, экскурция және кездесу өткізу;

5 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ойын түрлерін қолдану;

 

 

Өнер шығармаларын оқытуда оқушылардың білімін бағалау критериясы:

1 Суретшілер мен оның жұмыстарын танып білу – орташа.

2 Суретшілердің жұмыстарында қолданған техникасын айыра білу, талдау- жақсы.

3 Суретшілердің жұмыстарының ерекшеліктерін көріп, салыстырмалы түрде көркем тілде баяндау өте жақсы.

 

Күтілетін нәтиже:

1 Оқушы бейнелеу өнері түрлері мен жанрларын толық меңгереді.

2 Еліміздің немесе шетел суретшілері туралы толық мағлұмат біледі.

3 Суретшілердің суретте қолданған әдіс-тәсілдерін айыра алады.

4 Суретшілердің қолданған әдіс-тәсілдерін өз жұмыстарында қолдана алады.

5 Шығармашылықпен айналысуға толық мүмкіндіктері болады.

6 Өз елінің өнері мен мәдениетін толық меңгерген және түсіне бағалай білетін болады.

 

            Болашақ жастар өз халқының бейнелеу өнері, қол өнері,тарих, әдебиет, музыка салаларының жетістіктері мен жақсы дәстүрлері негізінде тәрбиелену керек.
Қазақстан Республикасының азаматы мемлекетіміздің бір бөлшегі. Сондықтан да ол барлық істе сауатты өздігінен әрекет етуге қабілетті жауапкершілігі мол азамат болуға тиісті.Сондықтанда мектепте ұстаздар оқушылардың, тәрбиелі, білімді заман талабына сай азамат болып өсуі үшін қызмет етуі тиіс. Қазіргі оқушыны эстетикалық пәндерден  алған білімін өмірде қолдана алатын, жан-жақты логикалық ойы терең, сұлулықпен сусындаған ізденімпаз, терең білімпаз ету әрбір бейнелеу пәні мұғалімінің міндеті.

Просмотров: 2198 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика