Пятница, 29.03.2024, 16:24
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 421
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Октябрь » 24 » Болашаққа сенімді қадам
10:35
Болашаққа сенімді қадам

Болашаққа сенімді қадам.
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Аңқаты ЖОББ мектебі
Ержанова Нургул Туремуратовна
Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып,онымен бірге үнемі өзгеріп отырады. Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, шынайы өмірге белсене араласатын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ой-өрісі кең, кәсіби деңгейі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы мол оқушы тәрбиелеу. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын.
Осы орайда мұғалімдердің біліктілігін көтерудің үшінші деңгейлі курсының маңызы зор. Курс барысында оқыған бағдарлама мазмұны нәтижеге бағытталған жеті модульді қамтиды. Жеті модульдің бір-бірімен тығыз байланыстылығына мен өзімнің іс-тәжірибем кезінде көз жеткіздім. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер курсы кезінде үйренген әдістерімді қолданып сабақтар өткіздім.Oқушының тиімді білім алуының бірден-бір жолы- сыныптағы ынтымақтастық атмосфераны, достық қарым-қатынас қалыптастыру болып табылады. Оқыту үдерісінде ең бастысы жеке тұлғалар өздерін еркін сезініп, алдына қойған мақсаттарды шешуде табиғилық пен шынайы тәуелсіздік таныта білуі өте маңызды.Cондықтан, оқушының тиімді білім алуы үшін сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруға тырыстым. Алғашқы жұмысты ынтымақтастық пен сенім қалыптастыратын тренингтен бастадым. Жалпы мен бұл cыныпқа 5сыныптан сабақ беретін болғандықтан, сыныптағы жағдай маған таныс. Бұл сыныпта оқушылар арасындағы достық қарым-қатынас жақсы дәрежеде. Дегенмен, әрбір оқушының өзінше ерекше жақсы қасиеттері бар және мен сол қасиеттерін пайдалана отырып, сыныпта татулық, бірлікті қалыптастыра алдым. Топтық ереже құрып, cол ережені сақтау арқылы олар тәртіпке, бір-бірін сыйлай білуге, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруды үйренді.Сонымен қатар, оқушылар ашылып, бір-бірінен, мұғалімнен қысылып-қымтырылмай өз ойларын ашық айта білуге үйренді. Бір-бірін тыңдай білуді, басқа оқушының ойын, көзқарасын сыйлай отырып бірлескен түрде шешім қабылдай алды. Және осы әдістің бір тиімдісі-сыныптағы көп сөйлемейтін, тұйық оқушыларда өз-өзіне деген сенім пайда бола бастады, олар басқа оқушылармен тығыз қарым-қатынасқа түсті. Cыныпта өздерін еркін ұстап, жұмыс барысында жетістіктерге жете бастады.Қашықтықтан оқыту кезеңінде, мектептегі практикалық сабақтарымда жаңа әдіс-тәсілдерді, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын тиімді қолданып, оқушы үшін білім берудің оңай, әрі тиімді жақтарын қарастырдым. Жалпы алғанда сабақ үдерісінде біз үйренген оқытудың жаңа технологияларының барлығының да тиімді жақтары жетерлік. Сондықтан да өткізген сабақтарымды түрлендіріп отыруға, қызықты етіп өткізуге тырыстым. Өзімнің әр сабағымда АКТ-ны жүйелі түрде , ұтымды пайдаланып отырдым деп ойлаймын. Орта мерзімге жоспарлаған төрт сабағымда слайдтар жасауда, интернеттен мәлімет іздеу, сергіту сәтін ұйымдастыру барысында өте ұтымды шықты.АКТ құралдары арқылы математика пәнінен сабақтарды өткізген кезде интерактивті тақтаны, компьютерді, электрондық оқулықты пайдаландым. АКТ-ны қолданудың бір ерекшелігі оқушылар тапсырмаларды орындағанда интерактивті тақтадан көреді әрі тыңдайды. Сол арқылы бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды.
Интерактивті тақтаны қолданған сабақтарда ондағы тапсырмаларды, жаттығуларды орындауға оқушылар қызығушылық танытады. Дыбысты есту, бейнені көру, оны іс-әрекет арқылы жүзеге асыру барысында орындалған жұмыстар - оқушының жадында тез сақталады. Сондықтан да оқушының келесі тақырыптарды түсініп кетуіне ешқандай қиындық тумайды. Осы мектептегі тәжірибе барысында іс-тәжірибемді жетілдіре отырып, жаңа стратегиялық шешімдер қабылдау арқылы, жаңа тәсілдерді сабағымда пайдалану арқылы оқушыларды және өзге де әріптестерімді сабағыма қызықтыра алу арқылы, тәжірибеге алған сыныпта білім сапасының өсуінен байқалған нәтижелерге қол жеткізу арқылы да көшбасшылыққа қол жеткізе алдым деп ойлаймын.
Сабақтарымда осы негіздерді іске асыруға тырыстым. Өз пайымдауымша кейбір жақсы нәтижелерге қол жеткіздім деп те ойлаймын. Әрине, бірден менде бәрі жақсы деп айту әлі ерте, бірақ жұмыстансаң, талаптансаң нәтижеге жету өз қолымда екенін түсіндім.
Топпен жұмыстарды ұйымдастырып өткізудің жалпы шарттарын сақтаумен қатар, балалардың қарым-қатынасын жетілдіруге, сабақтарды тиімділігін арттыру жағдайларын қарастырдым. Топпен бірлесе жұмыстану барысында оқушылар алған білімдерін тиянақтай, жүйелей отырып, іскерлік қасиеттерін жетілдіреді. Өз бетінше және бірлесе жұмыс істеуге, логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік, дағдыларын қалыптастырады. Қорыта айтқанда оқушылар бірлесе жұмыстануда өз ойымен қатар өзгенің ойымен де санаса отырып, бір-біріне түсіністікпен қарады. Ұжымдық жұмыстануда бірлесе еңбектеніп, өздерінің осы жұмысқа өз үлесін қосқандығын сезінгендері олардың қандай да болмасын жетістікке жеткендігі деп білемін.
Осындай сабақтардан кейін сыныптың геометрия пәніне деген қызығушылығы артып, оқушылардың сапалық деңгейі көтерілді.
Сабақ барысында «сыни ойлаудың» түрлі тәсілдерін пайдаландым. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалім үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Яғни, мұғалім бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы болып табылады. Осылайша сыни ойлауды дамытуда қолданылатын әдістер оқушыларға мынандай мүмкіндіктер береді:
- айқын мақсат қоя білу;
- белсенді қатысуды қолдау;
- жақсы дискуссияның болуына себеп тудыру;
- өзінің жеке сұрақтарын құрастырумен қоюға деген ынталарын жандандыру;
- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектесу;
- оқуғадегеноқушылардыңмотивацияларынқолдау;
- басқалардыңпікірлерін де сыйлаукерекдеген атмосфера құру;
- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін дамыту;
- өзгеруге стимул болады;
- сыни ойлауды дамытуды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.
Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өздеріне деген сенімдерін және өз пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек
Сабақтың аяғында міндетті түрде оқушылармен кері байланыс жасап отырдым және сол арқылы мен осындай пікірлерді ескере отырып жеке оқушыны ілгері дамыту үшін өзіме бағыт алдым деп есептеймін.
Сабақтан соң, рефлексия жүргізіп, өзім өткізген сабаққа талдау жасаймын. Бұрын сабақты жоспарлап, өткізгеннен кейін оны қайтадан талдау тәжірибемізде жоқ болатын. Сабақты қайтадан қарап, кемшіліктерін келесі сабақтарда ескеру, жақсы шыққан тұстарын жетілдіре түсу мұғалім үшін керек әрекет екенін түсіндім. Осы жобаны қортындылай келе, әр баланың тұла бойындағы талант пен дарындылықты дамыту және қолдау керек екендігіне көзім жетті. Болашақта әр апта сайын балаларға қай деңгейде тұрғандарына және басқа деңгейге көшу үшін, ақыл – кеңестеріммен бөлісіп отырамын деп жоспарлап отырмын. Іс - тәжірибемде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жеті модульдің сабақтастығын байқадым. Бұл сабақтастықтың мен үшін де , оқушылар үшін де маңызы өте зор екенін түсіндім. Алдағы уақытта тек түсініп , біліп қана қоймай, дамыта отырып қолданамын.
Болашаққа жоспар:
 нұсқаулықты басшылыққа ала отырып жеті модульдің мақсаттары мен міндеттері аясында жұмыс атқару;
 іс-тәжірибемді жіберілген кемшіліктерді ескере отырып үнемі жетілдіріп отыру;
 оқыту әдіс-тәсілдерін оқушының білімді меңгерудегі қабілет деңгейіне қарай орайластырып жасау;
оқушының өз бетінше жұмыс атқаруына бағытталған әдістер;
сыни ойлау көзқарасы дамыған жеке тұлға тәрбиелеу

Қолданылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. Үшінші басылым.

Просмотров: 1628 | Добавил: нур71 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика