Четверг, 28.03.2024, 23:58
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Декабрь » 9 » « Happy dance » би сайысы ( сыныптан тыс шара )
15:56
« Happy dance » би сайысы ( сыныптан тыс шара )

Батыс Қазақтан облысы,Орал қаласы

№1 Жалпы орта білім беретін мектебінің

хореографы Теміралиева Жанаргүл Жеңісқызы

 

« Happy dance » би сайысы

( сыныптан тыс шара )

Жай музыка ойнап тұрады.

Сахнаның артынан: Өнер саласының биік шыңынан асқақтап тұрар халық өнерінің бірі – Би өнері болмақ.Би өнері адамзат баласына ортақ, дүние жүзі халықтарының барлығына тараған мәдени өнер. Бидің тұла бойы тұнған сұлулық поэзиясы десек, ал оның оралымдарын, тұңғыш терең сезімін жұртшылық жүрегіне сол қалпында мөлдіретіп жеткізу асқақ шеберлікті талап етеді.

Осындай шеберлікпен шыңдалған би өнерін паш ететін біздің ұстаздарымыз бен оқушыларымыз да би өнерінің қыр – сырын меңгерген өнерлі жандар.....

 

Хабарлаусыз « Қолшатыр » биі орындалады. Орындайтын: « Еркем – Ай » би тобы

Жүргізушілер сахнаға билеп шығады.

1-ж: Қайырлы кеш, ханымдар мен мырзалар!

2-ж: Құрметті өнер сүйер қауым!

1-ж: Бүгінгі  кеш өнер бірлестігінің апталығына байланысты, мектебіміздің хореографы Жанаргүл Жеңісқызының ұйымдастыруымен және де бірінші рет ұстаздар мен оқушылар арасында өткелі отырған « Happy dance » атты би әлеміне қош келдіңіздер!

2-ж: Бұл сайысты ұйымдастырудағы мақсатымыз, оқушылар мен ұстаздардың арасындағы қарым – қатынасты жақсарту және бос уақыттарын тиімді пайдалану, би өнерінің түрлерімен, би қозғалыстарымен таныстыра отырып, сахна мәдениетін, билеу мәнерін, актерлік шеберлігін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

1-ж: Өз халқының және өзге халықтардың мәдениетін танып білуге бағыттап, өзгеше жаңалық енгізу болып табылады.

2-ж: Алдымен, « Happy dance » би сайысына төрағалық ететін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1. Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің хореография факультетінің 4- курс студенті Гүлайна Максотқызы

2. Мектебіміздің директоры Даулеткалиева Н.Н

3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мирзабаева Т.М

4. Өнер бірлестігінің жетекшісі Кажымуратова В.С

5. Мектебіміздің психологы Төлеген Халиоллаұлы

1-ж: Сөз кезегін мектебіміздің директоры Даулеткалиева Н.Н беріледі.

2-ж: Сонымен, біз кешімізді бастаймыз! (бірге)

1-ж: Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт – дәстүрін, тіршілігін, жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады, - дейді өнер адамдары.

2-ж: Бишілерімізді сахнаға шақырмас бұрын, экранға назар аударайық!

( видеоролинг жүреді )

1-ж: Ендеше сахнаға 1-ші болып өнер көрсететін бишілерімізді шақырайық.

 Мектебіміздің география пәнінің мұғалімі, өзіміздің сүйікті ұстазымыз Кульбабаев Болат Рысқалиұлы

2-ж: Және онымен бірге  «Еркем Ай » би тобының мүшесі, өзінің нәзік мінезімен, 9а сынып оқушысы  Муратова Мурсалиманы сахна төріне шақырамыз.

1. « Вальс »

1-ж: Көп – көп рахмет! Өте әдемі би қойылған, бұған әділқазы мүшелері не айтар екен?

( әділқазы мүшелері сұрақ қойып, өз ойларын айтады )

2-ж: Келе –келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Греция, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті.

1-ж: КЕлесі өнер көрсететін бишілеріміз де Испан елінің ерекше биін көрсетпек.

2-ж: Экранға назар аударайық (видеоролинг жүреді)

1-ж: Сахнада испан биімен жүрегі « Дені саудың – жаны сау » деп соғатын, мектебіміздің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Музаппаров Асылхан Хайсаұлы

2-ж: Және би десе ішкен асын жерге қоятын, «Еркем - Ай» би тобының мүшесі, 10а сынып оқушысы Утепова Эльмараны ортаға шақырамыз

2. Испан биі « Фламенко »

1-ж: Көп – көп рахмет! Өте әдемі би қойылған, бұған әділқазы мүшелері не айтар екен?

( әділқазы мүшелері сұрақ қойып, өз ойларын айтады )

Ән: ______

2-ж: Жалпы би өнері бұл да спорттың бір түрі.

1-ж: Әрине, би билеген адамның дене мүшесінің бәрі қозғалады. Ал, қозғалыс деген денсаулықтың бірден – бір кепілі ғой.

Олай болса көрермендер, би билеп шынығып жүрейік.

2-ж: Келесі өнер көрсететін бишілеріміз де ерекшк, гимнастика түрінде би көрсетеді.

1-ж: Экранға назар аударайық (видеоролинг жүреді)

2-ж: Сахнада мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі, өзі жас, өзі әдемі, өзі пысық Ғарифолла Мөлдір Ғарифоллақызы

1-ж: Жұбы бүгінгі сайысымыздың ең кіші қатысушысы, «Еркем - Ай» би тобының мүшесі, 6 сынып оқушысы Қуанышева Арина

Қарсы алыңыздар!

3. « Спорттық би »

2-ж: Көп – көп рахмет! Өте әдемі би қойылған, бұған әділқазы мүшелері не айтар екен?

( әділқазы мүшелері сұрақ қойып, өз ойларын айтады )

1-ж: « Болмасаңда ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз » дегендей бүгінгі би сайысына қатысушы жұптар үшін қол соғып қошемет көрсетіп отырайық.

2-ж: Би – музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған.

1-ж: Кез-келген адамға көңіл сыйлайтын, адамның ішкі жан дүниесін түсіне білетін, оқушыларға шаттық сыйлайтын, жас ұстаз, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Урынбасарова Балкүміс Азаматқызы

2-ж: Жұбы өзінің күлкілі әзілдерімен көрермендердің жүрегін жаулап алған, Көңілді тапқыштар клубының мүшесі, 10а сынып оқушысы Амангелді Шерханды сахна төріне шақырайық.

4. «Мамбо»

1-ж: Көп-көп рахмет! Өте әдемі би қойылған. Әділқазы мүшелері не айтар екен? (әділқазы мүшелері сұрақ қойып, өз ойларын айтады)

 Ән:______

2-ж: Ендігі кезекте ортамызға кешіміздің ең соңғы қатысушыларын шақырғымыз келіп тұр.

1-ж: Олар бізге сонау 80-90 жылдардағы ретро биін көрсетпек.

2-ж: Экранға назар аударайық. (видеоролинг журеді)

1-ж: Көңілі жарқын, жүрегі кең, қазіргі заман талабына сай 3 тілді меңгеріп жүрген, мектебіміздің ағылшын пәнінің мұғалімі Асель Қуандыққызы

2-ж: Және де «Еркем – Ай» би тобының мүшесі, 9а сынып оқушысы Серикова Кунслу

5. «Рок-н-ролл»

1-ж: Көп-көп рахмет! Өте әдемі би қойылған. Әділқазы мүшелері не айтар екен? (әділқазы мүшелері сұрақ қойып, өз ойларын айтады)

2-ж: Өнер бағасын біліп өткен ұлы Ғабит Мүсірепов: «Сахна өнерінде жарқырап жүрген қос жұлдыз: Бірі - ән, музыка өнерінде – Күләш! Бірі – би өнерінде Шара! Биде туысқан өзбек халқының мақтанышы - Тамара! Біздің мақтанышымыз – Шара!» – деп баға бергендей, әділқазылардан бишілердің бағасын беруді сұраймыз.

 

«Қазіргі заман биі».

 Орындайтын «Еркем - Ай» би тобы

Ән:_______

1-ж: Бүгінгі сайысымызды қорытындылауға әділқазы мүшелеріне сөзбен жеткізуге болмайтын қиын бағалау үшін ортаға шақырамыз. (грамоталар табысталады)

2-ж: Бишілеріміздің дайындаған билері өнеріміздің бөлінбес бір бөлшегі, өміріміздің көркем өрнегі ретінде ұлттық би қазынамыздың ортаймауына, оның жаңа билермен жарқырап жайнай түсуіне, адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезінуіне ықпал жасауымыз қажет.

1-ж: Би өміріміздің ғұмыры ұзағынан болғай!

2-ж: Осымен біздің «Happy dance» би сайысымыз аяқтала келді, осы кешке қатысушыларға бізге сыйлаған көтеріңкі көңіл – күй үшін рахметімізді айтамыз.

1-ж: Көрермендерге эмоционалдық қолдау мен қошеметтері үшін алғысымызды білдіреміз!

2-ж: Жақсы күндерде кездескенше! Сау болыңыздар!

Просмотров: 4723 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика