Четверг, 28.03.2024, 21:08
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 946
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Январь » 28 » КӨРІНІСТЕРДІ ҮШ ЖАЗЫҚТЫҚҚА ТҮСІРУ
07:42
КӨРІНІСТЕРДІ ҮШ ЖАЗЫҚТЫҚҚА ТҮСІРУ
Сызу пәнінің жоспары

Тақырыбы:
“КӨРІНІСТЕРДІ ҮШ ЖАЗЫҚТЫҚҚА ТҮСІРУ”
9 сынып

ПӘН МҰҒАЛІМІ: ӘБІШ ЕРЖАН ӘБІЛҰЛЫ

САТБАЕВ қаласы

Сабақ.
Сабақтың тақырыбы: “Көріністерді үш жазықтыққа түсіру”.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1. Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау, үлкенге сый- кішіге жол көрсету.
2. Мамандыққа бағдарлау, еңбекке баулу.
3. Сұлулық тәрбиесі(табығат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу) .
Сабақтың мақсаты:
1.Білімді қалыптастыру.
2.Оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
3.Үш көріністерді салып үйрену.

Құрал жабдықтар, көрнекті құралдар:
Плакаттар,сызба жұмыстар,тақта.
Сабақ түрі: түсіндіру, бекіту, әртүрлі .
Әдіс-тәсілдер: Әр баланы бірге жұмыс істеуге үйреніп, бейімдеу.
Сабақ барысы.
I-кезең. Түсіндіру.
Сабағымыздың тақырыбы: «Көріністерді үш жазықтыққа түсіру». Сызбадағы кесінділер нәрсені іші қуыс текшенің жақтарына тік бұрыштап проекциялау нәтижесінде алады. Нәрсе текшенің ішінде орналасқан деп қарастырады. Сондықтан текшенің жақтары үлкен болуы керек. Текшенің алты жағы бар.
Текшенің 1-ші жағындағы нәрсенің тік бұрышты проекциясын оның алдынан қарағандағы көрінісі немесе алдыңғы көрінісі деп атайды.
Текшенің 1-ше жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясын оның үстінен қарағандағы көрінісі немесе үстіңгі көрінісі деп атайды.
Текшенің 3-ші жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясы сол жақ көрінісі.
Алдыңғы көрініс деп отырғанымыз жоғарыда қарастырылған фронталь проекция, үстіңгі көрініс- горизонталь проекция және сол жақ көрініс-профиль проекция екенін аңғару қиын емес.
Сызбадағы көріністердің санын азайту үшін нәрсенің көрінбейтін бөліктерін көріністерде үзілме сызықтармен көрсетуге рұқсат етіледі.
Пішімге үш проекцияны сызып алған соң міндетті түрде өлшемдерін түсіру қажет.
I мысал: өткен сабақты еске түсірейік, берілген цилиндрді бір көріністе сыздық.
Оқушыларға сұрақ. Осы цилиндрді басқа көрінісін сызбаға түсірмедік,себебі?
Оқушылардан жауап.
II мысал: конусты екі көріністе сыздық, ал үшінші көріністі не себепте түсірмедік?
Оқушылардан жауап.
Сонымен бүгінгі жаңа тақырыпты түсінсек, сіздерге мынандай тапсырма: берілген сызуға қарап, үш көріністі салі.
II-кезең. Оқушылардың практикалық жұмысы.
Оқушыларды жұмыс істеп жатқанда , сабағымызды тақырып бойынша жалғастырамыз.
Ең бастысы сызбада үш көріністі түсініп салып үйренсек, болашақта сызу сабағын түсіну бізге оңай болады. Сызу – бұл техника тілі. Сызу пәні болашақта,өмірде де керек пән. Мектепте өтетін сызу пәні сәулет өнерінің алғаш қадамы,дәлірек айтсак бұл сәулет өнерінің әліппесі. Мысалы сіздер әліппенің арқасында жазуды, оқуды үйренсеңіздер, сызу пәні арқасында техниканы , сәулет өнерін түсінесіздер.
Қандайда бір заттың, ұшақ,көлік,кеме, үй құрылыстарын жасайтын болсақ, біріншіден бұлардың сызбасын сызып алады. Сосын іске асырады. Мсалы жаңа қала астанамызды қарап көрейікші. Күн санап гүлденіп , құлпырып неше түрлі ғимараттар, зәулім үйлер, қонақ үйлер т.б көптеген сәулет өнері өсіп келеді. Бұл сәулет өнері, осы сызу пәні арқасында өсуде.
Оқушыларға сұрақ. Ал, сіздер Астанамызды көрдіңіздер, қандай сәулет өнерді білесіздер?
3-4 оқушының жауабы.
Астана қаласы сияқты біздің Сәтбаев қаламызда өсуде. Мсыалы жанадан салынған 2 қабатты дүкендер, жаңа мектеп, жаңа мешіт, шіркеу, орталықта жаңадан салынған спорт комплексі туралы айта кетіп, сыныпта берілген тапсырманы кім аяқтағаны сұраймын. Бірінші бітірген оқушы тақтаға шығып үш көріністі түсіндіріп сызып береді.
III-кезең. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге екі көріністі жазықтыққа түсіру және “Болашақта біздің қаламызда қандай сәлет өнері керек?”- деген тапсырма болатын.
Оқушыларға сұрақ. Кімде осы тақырып туралы жоспар, сурет бар?
3-4 оқушы тақтаға кезекпен шығып, өз жумыстарын түсіндіріп қорғайды.
IV-кезең. Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру. Оқушылардың жұмыстарын бағалап, жеке оқушыларға баға кою.
V-кезең. Үйге тапсырма беру.
Үш көріністерді өлшеулерімен оның изометриясын салу.
VI-кезең. Сабақтың қортындысы. Сонымен бүгінгі жаңа тақырыптан нені түсіндіңіздер? Осы сабақтан не жаналықтар білдіңіздер?
Оқушылардың жауабы.
VII-кезең. Осымен бүгінгі біздің ашық сабақ жабылуын жариялау.
Просмотров: 1418 | Добавил: Erzhan | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 mukametkalievaM  
0
cабағыңыз керемет екен.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика