Суббота, 20.04.2024, 12:21
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Январь » 21 » көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
18:42
көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Сматаева Ботагоз Габдрафиковна
Ақмола облысы Ерейментау қаласы
Математика пән мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға көрсеткіштік теңдеу ұғымын және оны шешу тәсілдерін үйрету, көрсеткіштік теңдеулер мен есептер шешу дағдыларын қалыптастыру
Дамытышулық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,таным белсенділігін арттыру, оқушы практикамен ұштастыруға тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойын айта білуге, ұжымдық ауызбіршілікке баулып, өзбетімен еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайдтар,оқулық,карточкалар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру. Сабақты іс-әрекет туралы аңыздан бастайын.(аңызды айту)
Қалай ойлайсындар, жігітке не істеу керек еді? Сол затты алу. Міне, сендерге де бүгін сабақта білім алып, оны практикада қолдану керек.
Алдарында нұсқаулар жатыр.1. сабақ мақсаты
2. саб.қорытындылау
3. бағалау парағы. (толтыру қажет)
II.Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап,
III.Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: көрсеткіштік теңдеулер
Эпиграфы: Теңдеу-барлық математикалық сезамдарды ашатын алтын кілт.
Поляк математигі: Станислав Коваль
Енді біраз ойланып, тақырыпқа қарап, қандай сұрақтарға жауап алғыларын келетінін айтындар,№1 нұсқау.:
Еске түсірейік:1. Теңдеу деген не?
2. Теңдеуді шешу?
3. Теңдеу түбірі деп нені айтады?
4. Теңдеудің қандай түрлерін білесіндер?
Тақтада теңдеу түрлері.

Осы теңдеулердің қайсыларын білесіндер?
Ал мына теңдеулердің айнымалысы қай жерде орналасқан (дәреже көрсеткішінде)
Қорыта айтқанда, осы теңдеулер-көрсеткіштік теңдеулер
Дәптерлеріне тақырып жазайық, және көрсеткіштік теңдеулерге анықтама беріп көріндер. (оқушы)
Анықтаманы дәптерге жазу
Көрсеткіштік теңдеулерді шешу тәсілдері: Теңдеу шешімдерімен беріледі. Анықтау керек, қандай тәсілмен оларды шешкен.
2^(х+2)=64,
2^6=64, онда
2^(x+2)=2^6,
x+2=6,
x=6-2,
x=4.
Тексеру: 2^(4+2)=64,
64=64.
Жауабы: х=4

9^х-4∙3^х-45=0 ,
9^х=(3^2 )^х=3^2х=(3^х )^2 (дәреженің қасиеті)
онда,келесі теңдеу түрінде жазамыз
(3^2 )^х- 4∙3^х-45=0,
Енді 3^х=t ,t>0 ,
t^2-4t-45=0,
t1= 9,
t2= -5 ( бөгде түбір, өйткені t > 0),
3^х=9,
3^х=3^2,
х=2.
Тексеру: 9^2-〖4∙3〗^2-45=0,
0=0.
Жауабы: х =2.

3^(х+1)-〖2∙3〗^х=9,
3^х∙3-〖2∙3〗^х=9, (дәреженің қасиеті)
3^х∙(3-2)=9,
3^х∙1=9,
3^х=9,
3^х=3^2,
х=2.
Тексеру: 3^(2+1)-〖2∙3〗^2=9,
9=9.
Жауабы: х =2.

Бір негізге келтіру тәсілі
Жаңа айнымалы еңгізу
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Ежелгі грек ақыны Нивей-математиканы көрші адамның шығарып отырғанына қарап, білуге болмайды деген.
Онда сендерге мынадай жұмыс: шешу тәсілдері бойынша теңдеулерді топтастыру.

Жұбымен ауыстырып тексеру.
Тақырыпты бекіту:
Топпен жұмыс: Теңдеудің шешу тәсілдерін анықтап, теңдеулерді шешу.
Теңдеудің түбірлері: 3,16,11,4
Келесі слайдта адамның физиологиялық жағынан уақытты қалай жоспарлау керегі туралы нұсқау
Күнделікті өмірде шаманың өзгеру жылдамдығы шаманың өзіне пропорционал болатыны бізге мәлім. Осы процестерді формуламен көрсетуге болады. Бұл бізге физика курсынан белгілі.
Көрсетк. функцияның өмірде кездесу жағдайлары туралы мәліметті тындайық.( оқушы)
ҰБТ тапсырмаларынан есептер қарастыру
Үй жұмысы: оқулықтан№200, №205 (көрсеткіштік теңдеулердің өмірде қолдану туралы мәлімет)
Сабақтың қорытындысы: №2 нұсқау бойынша.
Мен бүгін сабақта...
Сабақты аяқтау алдында эпиграфқа қайта оралсақ. Мен сендерге, әр қайсыларын осы өмірде кез-келген есікті ашатын өз алтын кілттерінді табуындарына тілектеспін.
Просмотров: 2447 | Добавил: botagoz781018 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика