Четверг, 25.04.2024, 18:10
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Январь » 15 » Көсемшенің түрленуі.
23:38
Көсемшенің түрленуі.

 

Көсемшенің түрленуі.

 

(Қазақ тілі мен әдебиеті пәні,жаңа білімді игеру сабағы.)

 

Тулешева Мадина Есимгалиевна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Е.Ниетқалиев атындағы жалпы

білім беретін орта мектеп

Жәнібек ауданы

Батыс Қазақстан облысы

 

 

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Сынып: 7а

Сабақтың тақырыбы:   Көсемшенің түрленуі.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік – оқушылардың көсемше туралы білімдерін кеңейтіп, көсемшенің жіктелуі туралы мәлімет бере келіп, түрленген уақытта қандай айырмашылық болатынын ұғындыру.

ә) дамытушылық – жаттығуларды  талдау барысында есімшемен шатыстырмай тез таба білуге үйрету, ойлау қабілеттерін шыңдауға баулу, сөйлеу мәдениетін дамыту.

б) тәрбиелік – орындалатын жаттығулар арқылы өз ойын еркін жеткізуге, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,топтастыру,  сұрақ-жауап, талдау, тақтамен жұмыс, ой қорыту.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.

Көрнектілігі: слайд, кесте,  Кубизм әдісі, Венн диаграммасы

 

Сабақтың барысы:   

    I. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Сәлемдесу.

ә) Оқушылардың сабаққа қатынасын тексеру.

б) Назарларын сабаққа аудару.

               

                                             II. Негізгі бөлім.

а) Үй тапсырмасын тексеру.

 

ә) Жаңа сабақ:  Көсемшенің түрленуі.

 

 

 

 

 

Топтастыру                           етістіктің ерекше түрі

 
 

 

 

-а, -е, -й                                                     -ып, -іп, -п

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                             

                              етістік                                                      үстеу         

 

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі

 

 

Балалар, бәрімізде тыңдайық. Енді мен сендерге ертегі айтып беремін.

- Ерте, ерте, ертеде...Байтақ қазақ тілі елінде Етістік деген білімді, ақылды адам өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол, сонау алыста ғажайып шаһар барын естиді. Ол шаһардың табиғаты әсем, даласы өсімдіктерге, орманы құстарға толы болады. Бір қызығы осы ормандағы құстардың ішінде бір керім алып қыран құс болады. Бұрын-соңды бұл құсты іздеп келген адамның ешқайсысы да оған қолын жеткізе алмаған. Осы құстың не кереметі бар екен деп Етістік деген адам ойға қалады. Сөйтіп,  ол осы қалаға бармақшы болады.  Ай жүреді, жыл жүреді, талай-талай асулардан, белдерден өтеді. Жүріп келе жатқанында алдынан бір шаһар көрінеді. Етістікке далалықтағы қызғалдақтар шарт қояды. Сұрақтарына жауап беріп, әрі қарай жүре береді. Жүре келе алдынан бір қария кездеседі, онымен жолығады. Қария оған алып құстың атын айтады. Қарияның айтуы бойынша бұл алып құстың бойында екі түрлі қасиеті бар екен:

  1. Ол жер бетіндегі қандай да болмасын қимыл-қозғалыстың бәрін естіп, біліп отырады.
  2. Жаңағы болып жатқан қимыл-қозғалыстардың қалай болғанын, қалай жүзеге асқанын анықтап қараса көріп отырады.

Етістік бұл қыран құстың атын, ерекшелігін біліп, енді оны іздеп ілгері  жүре береді. Келе жатып бір бұлақтың басына келіп тоқтайды. Бұлақтың қасында бәйтерек өсіп тұр екен. Етістік сол бәйтеректің көлеңкесінде отырып қалғып кетеді. Бір кезде дауыл тұрып, күн күркіреп, артынша жаңбыр жауа бастайды. Дыбыстан оянып кетіп қараса бәйтерекке бір жылан өрмелеп бара жатыр екен. Ол жыланды өлтіріп, суға лақтырып жібереді. Сол кезде бір алып қыран құс келіп бәйтерекке қонады. Бәйтеректің жоғарғы жағында оның ұясы бар екен. Ұясында 10 жұмыртқасы жатыр. Бұл құс жылына 1 рет көктем мезгілінде жұмыртқалап, жаз айында 1 рет балапан басатын көрінеді. Балапандайтын кезінде ұясына келсе, жұмыртқалары жоқ болып шығады. Бағанағы қара дауыл ұясына асыққандағы қыран құстың екпіні, ал жаңбыр оның көз жасы екен. Ол Етістіктің айдаһарды өлтіріп, өзіне жасаған жақсылығын көріп, оған қатты риза болыпты. Сол күннен бастап Етістікке бағынып, өмір бойы оның құлы болып өтуге уәдесін беріпті. Осылай Етістік көсемшенің бай қазынасына қолын жеткізіп, оны 10 жұмыртқасымен бірге

“Қазақ тілі” еліне алып келгенде,  жадырап жаз  айы да туады.

Көсемше 10 жұмыртқасын 3 күнде басып шығарады.

  1. күні – ып, -іп, -п
  2. күні – ғалы, -гелі, -қалы, -келі
  3. күні – а, -е, -й.

Көсемше жеке дара сөз ретінде қолданылмайды, себебі жұрнақтары тиянақсыз. Көсемше көптік, септік, тәуелдік, жалғауларын қабылдамайды, яғни септелмейді, көптелмейді, тәуелденбейді, тек жіктеледі. Жіктік жалғауды да барлық жұрнақтар қабылдамайды. (Көсемше жұрнақтарынан кейін жіктік п – ы қолданылады).

  • а, е, й, ып, іп жұрнақтары жалғанады.
  • ғалы, гелі, қалы, келі жіктелмейді.

Көсемшенің жіктеу үлгісі

Жекеше

І        мен ойла - й – мын

ІІ       сен ойла  - й – сың

сіз ойла – й – сыз

ІІІ     ол ойла – й – ды

Көпше

І        біз ойла – й – мыз

ІІ       сендер ойла – й – сыңдар

         сіздер ойла – й – сыздар

ІІІ     олар ойла – й – ды

 

Ескеру:    ІІІ жақта көсемшеге – ды, ді, ты, ті жіктік жалғауы жалғанады

 

Оқулықпен жұмыс

197 – жаттығу. Берілген көсемшелерді жеке, көпше түрде жіктеңіздер: көріп, оқып, біле, сұрай, айта. (жаттығу ауызша орындалады)

 

198 – жаттығу. Көсемшенің жасалу жолын және қай жақта жіктелгенін ажыратып айтыңыздар

Әндетіп жүріп іздейді – көсемше, күрделі ет, нег.ет – жүр, - іп – көсемше жұрнағы, іздейді – көмекші ет, түбірі – ізде, й – көсемше жүрнағы, - ді – жіктік жалғау. ІІІ жағы әндетіп – үстеу, түбір әндет, іп – көсемше жұрнағы. Айтасың – түбір – айт, а – көсемше жұрнағы, сың – жіктік жалғауы. ІІ жағы

Жыламайсың – түбірі – жыла, - ма – болымсыз етістік. Жұрнағы й – көсемше жұрнағы. Сың – ж.ж. ІІ жағы, келемін – түбірі – кел, е – көсемше жұрнағы, мін – ж.ж. І ж. көресің түбірі – көр, е – көсемше жұрнағы, сің – жіктік жалғауы ІІ жағы.

 

Тез тауып, жаңылмай айтыңдар.

 

Зат есімдер оқылады, оқушылар көсемше тұлғалы етістіктерді қатыстыра отырып сөйлем құрауы керек.

 

Көктем               Жаңбыр              Есік                     Жеміс

Құстар               Балалар              Қар                     Сабақ

Мұғалім              Жиналыс             Аққу                    Өйлең

 

 

Кубизм әдісі

1. Суреттеңіз              Көсемше туралы айту, ереже

2. Саралаңыз                Көсемшенің жасалуы

3. Салыстырыңыз       Көсемше мен есімшені Венн диаграммасы арқылы

салыстыру (флипчартқа орындау)

4. Зерттеңіз.                 Көсемше орыс тілінде  бар ма?            – Деепричастие

5. Қолданыңыз.            Берілген етістіктердің ішінен көсемше тұлғалы етістіктерді табу, сөйлем құрау.

         Айтты, жүргізді, жазғалы, отыр, айтыпты, келеді, жапқалы, санай, алып барады, келіп отыр.

6. Талда.  Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса

                                                                               

Сабақты бекіту. (Тест тапсырмасы беріледі)

 

                            Үйге тапсырма

Ереже. Көсемшенің түрленуі.

199 – жаттығу. Көсемшелерді байланысқан сөздерімен бірге теріп жазып, оларға тұлғалық талдау жасаңыздар, қай жақта жіктелгенін айтыңыздар. Қосымшаларын дефиспен ажыратыңыздар.

Патша сарайына барыпты – табаққа салып, қасық қойыпты, қасыққа қызығады, тамақ ішіп болған соң, сүңгітіп жіберіпті, байқап қалыпты, қасық саламын, шығарып беремін, деп , суырып алыпты.

 

                            Бағалау

Просмотров: 3357 | Добавил: Megaberish | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика